14. Медициналық полк қызметінде көрсетілетін алдын-алу және эпидемияға қарсы шаралар
Полктің ішінде эпидемияға қарсы арнайы қызметкерлер жоқ. МПП-медицинский пункт полка, МПБ - медицинский пункт батальона.
Осы бөлімшелер әрдайым эпидемияға қарсы шараларды анықтауға, іздеуге, науқастар табылған жағдайда батальонның медициналық пунктіне жіберетін болып табылады. МПБ басшысы бұйрығымен медициналық пунктте науқас табылған жағдайда,санитарлық шаралар, дезинфекция және бейспецификалық профилактика шараларын жүргізілгенін бақылайды. Әрбір солдатта өзінің жеке аптечкасы болу керек (онда антибиотиктер және антидоттармен қамтамасыз етілу керек).
Санитарлық инструкторлар қызметін басқаратын фельдшер - МПБ басшысы болып табылады. Ол санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралардың батальонның қызметіне жауап береді.
Полктің медициналық қызметінің басшысы - санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралардың дұрыс жүргізілуіне қарсы шаралардың дұрыс жүргізілуін бақылайды. Ол профилактикалық іс шараларды жүзеге асыратын жоғары білімді медперсонал болу керек.
Соғыс уақытында әскери, армиялық, майдандық медициналық қызметтің санитарлық-эпидемиологиялық бөлімшелері мен мекемелері қарастырылған: санитарлық - эпидемиологиялық взвод, омедб дивизиялар, армияның санитарлық-эпидемиологиялық отряды, майданның санитарлық-эпидемиологиялық отрядтары, науқастарына арналған әскери-далалық инфекциялық госпиталь құрылады.
15. Эпидемиялық процестің даму механизмі. Эпидемиялық процестің көріну формалары.
Паразитарлық жүйенің даму механизмін зерттеу эпидемиялық
процестің пайда болуының, дамуының, көріністерінің біржола тоқталуының жалпы заңдылықтарын түсінуге қажетті басты шарт. Сонымен қатар, эпидемиялық процесс күрделі өлеуметтік-биологиялық құбылыс болғандықтан,оған тек биологиялық позициядан қарасақ, ягни өлеуметтік факторлардың реттеушілік өсерін ескермей, тек паразитарлық жүйенің өз бетінше реттелу механизмдеріне көңіл аударсақ, оның даму жолдарын толық ашуға мүмкіншілік тумайды.
Әр топтағы инфекциялардың (антропоздар, зооноздар, сапроноздар) эпидемиялық процесінің бір-бірінен көп өзгешелігі болады. Сондықтан олардың даму механизмдері де басқа зандылықтармен іскс асады.
Осыған орай, мысалы, антропоноз инфекцияларының эпидемиологиялық процесін талдауда Л. В. Громашевский (1947) ашқан берілу механизмі теориясын пайдаланған ыңғайлы. Зооноздар мен сапроноздар топтарын зерттеуде Е. Н. Павловский (1939) дөлелдеген табиғи ошақ туралы ілімге сүйенген дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |