«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәнінен емтихан сұрақтары 2022ж


Қоздырғьштың берілу механизм туралы ілім



бет18/74
Дата08.05.2024
өлшемі360.5 Kb.
#500744
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   74
307 ЭПИД СЕССИЯ

Қоздырғьштың берілу механизм туралы ілім. Эпидемиология ғылымының өте маңызды теориялық жетістігі ретінде Л. В. Громашевский ойлап тапқан инфекциянын берілу механизмі туралы ілімді айтуға болады. Бүл ілімнің негізгі түйіні мынада: паразит эволюциялық даму барысында қалыптасқан механизмдері арқылы өзіне төн берілу механизмдерінің көмегімен, жеке төн организм иелерін ауыстырып отыру үшін, паразиттің биологиялық түрі ретінде сақталды. Берілу механизмінің қоздырғьштың ие организміндегі басты орнығуының сөйкестігі осы ілімнің негізі болып саналады.Инфекция қоздырғышының көзі ретінде антропоноз бен зооноздар топтарында —адам және хайуанат организмі, ал сапроноздарда —абиотикалық сыртқы орта объектілері (су, топырақ, гидробионттар) саналады. Биологиялық түр ретінде сақтау үшін белгілі бір берілу механизмі арқылы олар ауру адамнан сау адамға тізбектеліп өте береді.
Берілу факторлары - қоздырғыштың бір организмнен екіншісіне тасылуын қамтамасыз ететін сыртқы орта объектілері жөне буынаяқтылар. Қоздыргыштың берілу механизмін бірінші сатыда іске қосуда қатысатын факторларды алғашқы берілу факторлары деп атайды. Қоздырғышты организмге жеткізетін факторларды соңғы факторлар деп атайды. Берілу факторлары міндетін атқаратындарға жататындар: ауа, тағамдар, су, топырақ, үй жабдықтары мен өндіріс құралдары және буынаяқтылар. Қоздырғышты инфекция көзінен қабылдаушыға тасуға қатысатын буынаяқтыларды қоздырғыштың тасымалдаушысы деп атайды.


16. Енжар иммунитетті құруға арналған препараттар. Иммундықсарысулар, иммуноглобулиндер, оларға сипаттама, қолдануға көрсеткіштер
Иммунды сарысу — кұрамында антиденелері бар кан сарысуы. Иммунды сарысу жұқпалы аурумен ауырған немесе ауруға қарсы егілгіен адамдар мен жануарлардың қанынан алынады. Диагноздық сарысулар әртүрлі иммунологиялық реакциялар қойып, ауру қоздырғыштарының немесе антигендердің түрін анықтау үшін қолданылады. Клиникада олар қантоптарын, ИГ-топтарын, тканьдер түрін анықтау үшін колданылады.
Иммунды сарысу емдік, аурудың алдын алу және диагноздық сарысулар болып белінеді.

  • Диагноздық сарысулар әртүрлі иммунологиялық реакциялар қойып, ауру қоздырғыштарының немесе антигендердің түрін анықтау үшін қолданылады. Клиникада олар қан топтарын, иммуноглобулин топтарын, тканьдер түрін анықтау үшін колданылады. Диагноздық сарысулар бір антигенге(бірвалентті) немесе бірнеше антигендерге (көпвалентті) тән болып бөлінеді. Иммунология реакцияларының түріне қарай олар агглютининдеуші, преципитатжасаушы, гемолизберуші , иммунофлюоресціентті т . б. болып бөлінеді.

  • Емдеу және аурудың алдын алуға қолданылатын иммунды сарысуна қүрамында бактерияларға (антибактериалды) , вирустарға (антнвирусты) , экзотоксиндер (антитоксиндік) , жылан және өрмекші уыттарына т. б. қарсы антиденелері бар адам мен мал қан сарысулары жатады. Бұлардың бәрі көбінесе бірнеше қайталап егілген адамдар мен малдардан алынады. Олардағы антиденелер мөлшері өте биік болады.

Сарысуларды тамырға енгізгенде иммунитет бірден, ал тері астына және бұлшык етке енгізгенде - 12-24 сағаттан кейін пайда болады. Серологиялык алдын алу мақсатында гомологиялык препараттар қолданғанда иммунитеттің ұзақтығы - 6 аптаға дейін созылады, ал гетерологиялык препараттардың қорғаушылық қасиеті 1-2 апта мерзіміне ғана жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет