«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәнінен емтихан сұрақтары 2022ж


МКБИ жағдайында инфекциялық бақылау



бет63/74
Дата08.05.2024
өлшемі360.5 Kb.
#500744
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   74
307 ЭПИД СЕССИЯ

МКБИ жағдайында инфекциялық бақылау
МКБИ эпидемиялық процесінің таралуы мен сипатына соңғы жылдары енгізіліп жатқан медициналық технологиялар мен медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерінің өзгерістері елеулі әсер етеді, соның ішінде:
• емдеудің хирургиялық әдістерін қарқындату, имплантацияланатын материалдар мен құрылғылардың өсуі, мүшелер мен тіндерді транспланттау нәтижесінде қоздырғыштардың берілуінің жасанды механизмдерін қалыптастыру;
• пациенттің стационарда болу ұзақтығын төмендету, стационарды алмастыратын технологияларды енгізу;
• шағын инвазивті медициналық технологияларды кеңінен енгізу нәтижесінде агрессияны төмендету;
• дене салмағы төмен және өте төмен балаларға күтім жасау технологиясын кең тарату;
• диагностикалау және емдеу үшін зарарсыздандырудың ерекше әдістерін қажет ететін күрделі медициналық техниканы кеңінен пайдалануды қоса алғанда, емдеу-диагностикалық процестің техникалық қанықтығы;
• медициналық технологиялардың микробқа қарсы қорғанысының өсуі;
• пациентті барынша оқшаулау қағидатын келушілер үшін стационарлардың ашықтығымен ауыстыру.

53. Госпитальды инфекциялардың қоздырғыш көзі. Қоздырғыштардың берілу жолдары мен факторлары.
Ауруханаішілік инфекция – (нозокомиальды, госпитальды) - науқастың госпитализациялануы кезінде стационарда инфекцияны жұқтыруы, ол ауруханадан шыққан кезде де көрініс беруі мүмкін. Медициналық қызметкердің жұмыс барысы кезінде жұқтыруы да жатады. Науқас ауруханаға немесе емдеу мекемелеріне ем алу мақсатымен баруы кезінде ауруханаішілік инфекциямен ауыруы мүмкін. Эпидемиологиялық процесс 3 звенодан тұрады: қоздырғыш, берілу жолдары, адам иммунитеті. 1-ші звено қоздырғыштарғажатады: вирустар, бактериялар, қарапайымдылар, саңырауқұлақтар, көпжасушалы паразиттер. АІИ қоздырғыштары микроорганизмдердің барлық топтарына жатады: бактерияларға, вирустарға,саңырауқұлақтарға, қарапайымдыларға, бірақ жақсы зерттелгендері бактериялар мен саңырауқұлақтарға (шартты-патогенді, оппортунистік инфекциялар қоздыратын) жатады: S.epidermidis, Streptococcus (А,В,Д тобындағы), Ps.aeruginosa, E.coli, Proteus, Enterobacter, Citrobacter, Klebsiella, Salmonella, Serratia,Bacteroides, Campylobacter, Bac.сereus, Legionella, Mycoplasma, саңырауқұлақтар - Candida, Penicillium,Aspergillus т.б., вирустар – қарапайым ұшық, РС-вирус, аденовирус т.б. Осы қоздырғыштар моноинфекция немесе ассоциацияланған (микст) инфекция туғызуы мүмкін. АІИ кесел барысында қоздырғыштардың ауысып отыруымен де сипатталады. Сондықтан АІИ-ң пайда болуын және дамуын тіркеу үшін 3 фактор есепке алынуы қажет:1)микробтардың сипаттамасы;2)иесінің (пациент, науқас, мед.қызметкер) сипаттамасы;3)ауруханалық орта факторлары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет