«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәнінен емтихан сұрақтары 2022ж


ЕПҰ медициналық қалдықтарды жинау, сақтау, тасымалдау және жоюға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар



бет60/74
Дата08.05.2024
өлшемі360.5 Kb.
#500744
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   74
307 ЭПИД СЕССИЯ

50. ЕПҰ медициналық қалдықтарды жинау, сақтау, тасымалдау және жоюға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар.
Медициналық қалдықтар - медициналық қызмет көрсету және медициналық қол әрекетін жүргізу үрдісі барысында түзілетін қалдықтар; -медициналық қалдықтармен жұмыс істеу - медициналық қалдықтарды жинауға, залалсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға байланысты жұмыстың түрлері; -медициналық қалдықтарды зарарсыздандыру - механикалық, физикалық, химиялық немесе биологиялық өңдеу арқылы медициналық қалдықтардың қауіпті қасиеттерін азайту немесе жою; -медициналық қалдықтарды сақтау - тасымалдау және жою мақсатында алып кеткенге дейін арнайы жабдықталған үй-жайларда, контейнерлерде медициналық қалдықтарды ұстау.
Медициналық қалдықтарға: 1) стационарларда, емханаларда, дәрігерлік амбулаторияда, диспансерлерде, медициналық пункттерде, егу кабинеттерінде; 2) жедел және шұғыл медициналық көмек ұйымдарында, қан құю станцияларында; 3) клиникалық - диагностикалық зертханаларда, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама зертханаларында, патологиялық - анатомиялық зертханаларда; 4) ғылыми-зерттеу институттарында және медициналық саладағы оқу орындарында; 5) фармацевтік өндіріс нысандарында; 6) сауықтыру ұйымдарында (саяжайларда, профилакторияларда, демалыс үйлерінде, пансионаттарда); 7) сот-медициналық сараптау ұйымдарында; 8) ауруларға ұзақ уақыт күтім жасайтын ұйымдарда; 9) емдік-косметологиялық ұйымда түзілетін қалатын қалдықтар жатуы тиіс.
-Нысандарда медициналық қалдықтармен жұмыс істеуге күнделікті бақылау жүргізетін жауапты маман (эпидемиолог, бас дәрігердің мейірбике ісі жөніндегі орынбасары, бас дәрігердің орынбасары) тағайындалуға тиіс.
-Медициналық қалдықтар қауіптілік дәрежесі бойынша қауіптіліктің 5 класына бөлінеді: 1)А класы - қатты тұрмыстық қалдықтарға ұқсас, қауіпті емес медициналық қалдықтар; 2)Б класы - қауіпті (қатерлі) медициналық қалдықтар; 3)В класы - төтенше қауіпті медициналық қалдықтар; 4)Г класы - құрамы бойынша өнеркәсіптік қалдықтарға ұқсас медициналық қалдықтар; 5)Д класы - радиоактивті медициналық қалдықтар.
Медициналық қалдықтарды жинауға арналған пакеттердің түстері мынадай болуы тиіс: А класының қалдықтары - ақ, Б - сары, В - қызыл, Г -қара.
 А класына жататын медициналық қалдықтар мына нысандарда түзіледі:
 1)медициналық ұйымдары (жұқпалы, тері-венерологиялық, фтизиатриялық бөлімшелерді қоспағанда) бөлімшелерінің палаталарында;2)нысандардың әкімшілік-шаруашылық үй-жайларында;3)бөлімшелердің ас блоктарында, буфеттерінде (жұқпалы, тері-венерологиялық, фтизиатриялық бөлімшелерді қоспағанда);4)емдеу-профилактикалық ұйымның корпусынан тыс аумақта.
 -А класының медициналық қалдықтарын жинау сыйымдылықтарда немесе бір реттік қолданылатын пакеттерде жүзеге асырылады. Бір реттік қолданылатын пакеттер арнайы арбаларда немесе сыйымдылықтың ішінде орналасуы тиіс. Толтырылған сыйымдылықтар немесе бір реттік қолданылатын пакеттер контейнерлер орнатылған жерге жеткізіледі және аталған кластың қалдықтарын жинауға арналған контейнерлерге тиеледі. Нысандағы тағамдық қалдықтар (жұқпалы, тері-венерологиялық, фтизиатриялық бөлімшелерді қоспағанда) "Тағамдық қалдықтарға арналған" деген таңбасы бар металдық немесе пластик сыйымдылықтарға жиналуға тиіс.А класына жататын ірі габаритті медициналық қалдықтар жиналады және арнайы бөлінген орынға арбамен, жылжымалы контейнерлермен шығарылады.
 -Б класына:
1)нысанның операциялық, реанимациялық және басқа да манипуляциялық-диагностикалық бөлімшелерінде, сондай-ақ емшара, таңу, егу кабинеттерінде;2)нысанның жұқпалы, тері-венерологиялық, клиникалық-диагностикалық және патологиялық-анатомиялық зертханаларында;3)3-4 патогенді топқа жататын микроорганизмдермен жұмыс істейтін зертханаларда, вивариларда, ветеринарлық емханаларда;4)санитарлық бөлмелерде, дәретханаларда түзілетін медициналық қалатын қалдықтар жатады.
-Б класының медициналық қалдықтары дезинфекциялануға тиісті.Пайдаланылған үшкір заттар (инелер, қауырсындар, сақал қырғыш, ампулалар) басқа медициналық қалдықтардан бөлек алдын-ала бөлшектенбей және зарарсыздандырылмай жиналады.Б класының медициналық қалдықтары қақпағы тығыз жабылатын сыйымдылыққа салынған бір реттік пекеттерге алдын ала жиналады.Б класына жататын медициналық қалдықтармен бір реттік қолданылатын пакеттің үштен екі бөлігі толтырылғаннан кейін, осы медициналық бөлімшедегі медициналық қалдықтарды жинауға жауапты қызметкер оларды байлайды. Пакетпен жүргізілетін барлық жұмыстар дәкелік бетперде және резеңке қолғап киіп жүргізіледі.Б класындағы медициналық қалдықтардың барлық түрлерін нысаннан тыс жерге тасымалдау қақпағы тығыз жабылатын сыйымдылықпен жүзеге асырылады.Б класының қалдықтары бар сыйымдылықтарда, пакеттерде нысан бөлімшесінің коды, оның атауы, уақыты және медициналық қалдықтарды жинауға жауапты адамның тегі жазылған "Қауіпті медициналық қалдықтар. Б класы" деген таңбасы болуы тиіс.
-В класына келесі объектілерде пайда болатын медициналық қалдықтар жатады:
 1)аса қауіпті және карантинді жұқпалары, адамның иммунитет тапшылық вирусы (бұдан әрі - АИТВ), жұқтырылған қорғаныш тапшылық белгілі (бұдан әрі - ЖҚТБ) жұқпасы бар пациенттердің бөлімшесінде;2)1-2 патогенді топқа жататын микроорганизмдермен жұмыс істейтін зертханаларда;3) фтизиатриялық клиникаларда түзілетін.
В класының медициналық қалдықтары дезинфекциялануға тиісті.В класының медициналық қалдықтары қақпағы тығыз жабылатын сыйымдылыққа салынған бір реттік пекеттермен жүзеге асырылады.В класының қалдықтары бар сыйымдылықтарда, пакеттерде нысан бөлімшесінің коды, оның атауы, уақыты және медициналық қалдықтарды жинауға жауапты тұлғаның тегі жазылған "Төтенше қауіпті медициналық қалдықтар. В класы" деген таңбасы болуы тиісті.В класына жататын медициналық қалдықтармен бір реттік қолданылатын пакеттің үштен екі бөлігі толтырылғаннан кейін осы медициналық бөлімшедегі медициналық қалдықтарды жинауға жауапты қызметкер оны байлайды. Пакетпен жүргізілетін барлық жұмыстар дәкелік бетперде және резеңке қолғап киіп жүргізіледі.В класындағы медициналық қалдықтардың барлық түрлерін нысаннан тыс жерге тасымалдау қақпағы тығыз жабылатын сыйымдылықпен жүзеге асырылады.Толтырылған сыйымдылықтар В класының медициналық қалдықтарын жинау үшін белгіленген жердегі контейнерлерге салынады.
 -Г класына келесі объектілерде пайда болатын медициналық қалдықтар жатады:1)диагностикалық бөлімшелерде;2)химиотерапевтік бөлімшелерде;3)патологиялық-анатомиялық бөлімшелерде;4)фармацевтік цехтарда, дәріханаларда, қоймаларда;5)химиялық зертханаларда түзілетін.
Г класындағы медициналық қалдықтардың әрбір түрінің уыттылық дәрежесі Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3629 болып тіркелген "Коммуналдық гигиена бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 24 наурыздағы N 137 бұйрығына (бұдан әрі - N 137 бұйрық) сәйкес белгіленеді.
Пайдаланылған люминенсценттік шамдар, құрамында сынабы бар аспаптар мен жабдық сақтау және тасымалдау кезінде сынып қалуын болдырмайтын қақпағы тығыз жабылатын сыйымдылықтарға жиналады. Сыйымдылықтар толтырғаннан кейін аузы тығыз жабылады және қосалқы үй-жайларда сақталады.Уыттылықтың 1-2 класының медициналық қалдығына жататын цитостатистикалық ісікке қарсы заттарды жинақтау, сақтау N 137 бұйрыққа сәйкес жүзеге асырылады.Уыттылықтың 2 және 3 класына жататын Г класындағы медициналық қалдықтар жиналады және қатты орамға, төртінші кластағы жұмсақ орамға оралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет