49. Соғыс уақытында әскерлер арасында кездесетін жұқпалы аурулар. Режимдік-шектеу іс-шаралары, олардың түрлері.Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, жүргізу тәртібі.
Соғыс уақытнда ең көп таралатын инфекцияларға мыналар жатады: шешек, оба және алапес, ішек инфекциялары,қызылша сонымен қатар егер жараланған сарбаздарға дұрыс ем көрсетпеген жағдайларда стафилакоккты, Clostridium perfringens сияқты бактериялар туғызады. Режимдік шектеу іс шаралары - бұлар әскери топтардың эпидемияға қарсы шаралар жүйесіне жатады, әскери құрамның тәртібі, олардың бір жерден екінші бір жерге көшуін азайту, инфекцияның таралуын азайту, инфекцияның таралуынан сақтау, пайда болған эпидемиялық ошақты жою, инфекцияның әскери топтан сыртқа шығуын болдырмау. Режимдік шектеу шаралары үш категорияға бөлінеді: 1)күшейтілген медициналық бақылау; 2)обсервация; 3)карантин.
1)Күшейтілген медициналық бақылау - бел
сенді айқындауға бағытталған, арнайы бақылау және сұрастыру жолымен, дене қызуын өлшеу, тексеру, лаб-лық зерттеулер, содан кейін ауруларды оқшаулау. Көбінесе сырқат адамдар ауру көзі болмағанда, аса қауіпті емес антропонозды инфекциялар кезінде.
2)Обсервация - әскерлерді эпидемияға қарсы шаралармен қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін, әскерлердің бір орыннан екінші орынға ауысуын шектеу шарасы. Бұл кезде - әскерден босатылу, орнынан ауысу, қайта құрылуы және сырттан бөгде адамдары келуі шектеледі.
3)Карантин - әскерді эпидемияға қарсы бағытталған шаралармен жабдықтау жүйесіндегі режимдік-сақтандыру шарасы, бұл жеке топтардың оқшаулануына, ауру қоздырғының таралуына және аса қауіпті жұқпалардың пайда болуына бағытталған күзетпен қамтамасыз етілген шара болып табылады.
Эпидемиологиялық қадағалау былай жүзеге асырылады:
Қосымшаның жеке медициналық батальонының командирі жұқпалы ауруларға күдікті науқастарды анықтап және оңашалауды, науқастарды оңашалау бөлмесінде уақытша орналастыруды, биологиялық заттармен зақымдалған жаралылар мен зақымдалғандарды толық санитарлық өңдеуден өткізуді, жеке киімдерін дезинфекциялауды ұйымдастырады.
2) Жеке медициналық батальонға келіп түскен барлық адамдардан жұқпалы ауруларды анықтау мақсатында медициналық сұрыптау жүргізіледі, бөлімшелерде көрсеткіштер бойынша обсервация немесе карантин енгізіледі, зақымдалған адамдарға медициналық бақылау, көліктерге дезинфекция жүргізіледі, жұқпалы аурумен ауырған науқастарды дер кезінде тасымалдау бақыланады және санитарлық ағарту жұмыстары жүргізіледі.
3) Егер қарсылас бактериологиялық қаруды қолданса немесе қолдануы мүмкін болса, онда анықталғанға дейін 2-3 тәулік ішінде науқастарды жеке медициналық батальоннан тасымалдайды. Бұл жерге эпидемияға қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күшейту күштері мен заттарын бағыттайды. Егер бактериологиялық зертханалардан оба, тырысқақ, күйдіргі, қоздырғыштары туралы «теріс» нәтиже алынса, жаралылар мен науқастарды жеке медициналық батальоннан осы топқа арналған арнайы госпитальдерге тасымалдайды.
4) Егер аса қауіпті жұқпалар қоздырғыштары анықталса немесе бұл жұқ-палармен ауру табылса, карантин жарияланады және қажетті шаралар жүргі-зіледі. Жеке медициналық батальонда диагноз қою үшін диагнозы анық-талмаған науқастарды қабылдауға диагностикалық бөлімшелер орналастыру керек. Биологиялық қаруды қолданған туралы күдік туса, әскери-медици-налық зертханалардың мүмкіншілігін сыртқы ортаны зерттеуге кеңінен қолдану керек.
5) Оңашалау бөлмесі, оның орналасуы, жабдықталуы, жұмыс істеу тәртібі.ПМП-нің құрамында 5-6 орынға, жеке медициналық батальонда және госпитальде 10-12 орынға оңашалау бөлмесі ұйымдастырылады. Соғыс уақытында оңашалау бөлмелері барлық медициналық тасымалдау кезеңде-рінде құрылады, сонымен қатар әскери санитарлық жағдайларда, әскери-санитарлық ұшақтарда, санитарлық-бақылау пункттерінде құрылады. Әскери бөлімшелердегі, санитарлық-бақылау пункттеріндегі, емдеу мекемелеріндегі оңашалау бөлмелері ең аз дегенде 2 жұқпалы ауруға құрылады. Олар жеке бөлмелерде, азық-түлік және су нысаналарынан алыс жерде орналастырады. Оңашалау бөлмесі жеке дәретханалармен, санитарлық өткізгіштермен киім және төсек орындарының толық кешені мен ыдыс-аяқпен науқастарға көмек көрсететін заттармен, медициналық құрал-жабдықтармен, дезинфекци-ялық заттармен, инсектицидті препараттармен, киімдерді салатын бактармен, киім салатын қапшықтармен, науқастардың бөліністерін дезинфекциялайтын қақпағы бар шелектермен қамтамасыз етілуі керек. Аталған заттардың бар-лығы оңашалау бөлмелерінен тек залалсыздандырылған соң жіберілуге тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |