«Жалпы тіл білімі» пәні бойынша дәріс сабақтарының конспектісі


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет13/35
Дата07.05.2024
өлшемі135.74 Kb.
#500682
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
ЖТБ дәріс сабақтары(Лекция)

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Тіл білімі мен психология ілімінің зерттеу нысандары
2. Ойдың тілдік көрінісінің әр тұрлі болатындығы

6 ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: Тілдің құрылымдық, жүйелік, таңбалық сипаты


Дәріс жоспары:
1. Дыбыс тілі қатынас құралының ең маңызды түрі
2. Жалпы семиотика мен тілдік семиотика
3. Тілдік таңбалардың түрлері
4. Жүйе мен құрылымның ғылым нысанына айналуы.
5 Синтагмалық қатынас
6. Парадигмалық қатынас
7. Иерархиялық қатынас
8. Тіл – жүйелер жүйесі
1. Дыбыс тілі қатынас құралының ең маңызды түрі болғанымен, оны қолдану әрдайым мүмкін де, тиімді де бола бермейді.Кейде дыбыс тілі арқылы хабарлауға, білдіруге болмайтын жайттар өмірде жиі кездеседі.Мұндай жағдайларда бір нәрсе жайында басқаларға хабар беру үшін, сол хабардың шартты көрсеткіші ретінде әр түрлі материалдық белгілерді қолданған.Ондай шартты белгілер орыс тілінде знак, қазақ тілінде таңба деп аталады.Таңба деп басқаларға білдірмекші болған белгілі бір хабардың орнына қолданылатын сезім мүшелерінің біріне тән заттық, құбылыстық, дыбыстық, сәулелік, әрекеттік, тағы солар сияқты белгілерді айтады.Белгілі бір нәрсені білдіру, хабарлау қызметін атқарып тұрған материалдық көрсеткіш, яғни таңба, таңбалаушы деп аталады да, ол білдіріп тұрған мағына таңбаланушы деп аталады. Мысалы: бағдаршамның қызыл жарығы – таңбалаушы да, ол білдіріп тұрған «жүруге болмайды» деген мағына – таңбаланушы.Сондай – ақ, шеберханалар маңдайшасындағы телевизор, радио қабылдағыштардың суреттері таңбалаушы да, олар білдіріп тұрған «осы заттар осы жерде жөнеледі» деген мағына таңбаланушы т.б. Таңба ретінде кез келген затты, кез келген шартты белгіні қолдануға болады.Ондай шартты белгілер – материалдық жағынан да, білдіретін хабарының мазмұны, оны беру тәсілі мен таңбаның құрылымдық сипаты жағынан да алуан түрлі, ол – ғылым нысаны болуға әбден жарайтын, мейліеше күрделі құбылыс.Осы себептен 20 ғасырдың 30- жылдарынан бастап, таңбаларды зерттейтін семиотика деп аталатын дербес ғылым қалыптасты.Семиотика – грек сөзі, мағынасы – белгілі дегенді білдіреді.
Семиотика – хабаршы таңбалар туралы жалпы теориялық ілім, ол таңбалардың табиғатын, жүйесін, түрлерін, қолдану процесіндегі құбылыстарын, таңбалардың бір – бірімен және өздері білдіретін мағынамен қарым – қатынасын зерттейді.
Семиотика – 20 ғасырдың 20-30-жылдарында ғана қалыптасқан жас ғылым болғанымен, әр түрлі материалдық белгілерді хабаршы таңба ретінде қолдануды адамдар ежелгі заманнан бастап – ақ білген.Сондай – ақ, атқаратын қызметі жағынан алғанда сөйлеу тілінде де жалпы таңбаларға тән сипаттардың барлығын, сондықтан оны жа жалпы таңбалар тобында қарудың керектігін еделгі заман ойшыларының өздері де айтқан.Аристотель ауызекі айтылған сөздер – ойдағы түсініктің символы, ал жазу – сөздің символы деген.Кейінгі заманда өмір сүрген Гоббс, Локк, Лейбниц т.б. философтар тіл – таңбалар жүйесі деп есептеген.Тілде таңбалық сипаттың барлығын 19 ғасырдағы көрнекті тіл ғалымдары – Ф.Бопп мен В.Гумбольдт та айтқан.Дегенмен, бұл мәселенің тіл білімінің негізгі проблемаларының бірі ретінде қойылып, тіл білімінде оны зерттейтін тілдік семиотика дейтін саланың болу қажеттігіне көз жеткізген ғалым – Ф. Де Соссюр.Сөйтіп, бүкіл таңба атаулыны зерттейтін жалпы семиотика мен тіл түйіскен жерден аралық ғылым ретінде тілдік семиотика деп аталатын ғылым қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет