Математикалық тіл білімі – табиғи және кейбір жасанды тілдердің құрылысын аппарат арқылы формалды түрде зерттеп сипаттайтын тіл білімі.Тіл біліміндегі негізгі ұғымдарды нақтылау қажеттілігіне байланысты 20 ғасырдың 50-жылдарында пайда болған.
Қолданбалы тіл білімі – тілді практикалық талаптарға сәйкестендіріп қолданудың ғылыми жүйесін қалыптастыратын тіл білімінің саласы.Ол ғылыми пән ретінде 20 ғасырдың орта кезінен белгілі болды.Мысалы, графика мен орфографияны қалыптастыру, сөздіктер жасау, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, әдеби норманы орнықтыру, терминдерді жүйеге келтіру т.б. қолданбалы тіл білімінің қарайтын мәселелері.
Функционалдық тіл білімі – структуралық тіл білімінің тілдің қатынас құралы ретінде функциялық жағына баса назар аударатын саласы.20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап дамыған.
Паралингвистика - (грекше рara – жанында, қасында) – сөйлеу үстінде қолданылатын тілдік емес, қосымша құралдарды (дауыс ырғағы, дауыс әуені, интонация, бет, қол, дене қимылы т.б.) зерттейтін тіл білімінің саласы.
Бұл салалар жеке тілдер туралы ғылымның да, жалпы тіл білімінің де қарауына жатады.Әрине, әрқайсысында әр түрлі көлемде сөз етіледі.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Интралингвистика деген не?
2. Экстралигвистика деген не?
4. Тіл білімін зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілге, зерттеушінің ұстанған бағыт – бағдарына қарай қандайжіктеушілік бар?
5 Салыстырмалы – тарихи тіл білімі
6. Типологиялық тіл білімі
7 Ареалдық тіл білімі
8 Структуралық тіл білімі
9 Психологиялық тіл білімі.
10 Этникалық тіл білімі. Этнолингвистика
11 Социологиялық (әлеуметтік) бағыт (социолингвистика)
№2 ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: ТІЛ БІЛІМІНІҢ БАСҚА ҒЫЛЫМДАРМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Дәріс жоспары:
1. Ғылымның жіктелу түрлері
2. Ғылымдар байланысының себептері
а) Тіл білімі және философия
ә) Тіл білімі және логика
б) Тіл білімі және психология
в) Тіл білімі және физиология, физика, медицина
г) Тіл білімі және әдебиеттану ғылымы
д) Тіл білімі және тарих, этнография, археология
ж) Тіл білімі және география
з) Тіл білімі және кибернетика
е) Тіл білімі және семиотика.
1. Ғылым – шындық өмірдің ақиқат заңдылықтары туралы білімнің жоғарғы формасы, теориялық ойлаудың жемісі.Ғылым адам баласының ой – санасының, дүние танымының өсуіне байланысты бірте – бірте туып қалыптасады.Қазіргі заманда ғылымның алуан түрі бар.Олар зерттейтін нысанының сипатына қарай әр түрлі топтарға жіктеледі.Әдетте, ғылымға нысан болатын мәселелерді жаратылыс құбылыстарына және қоғамдық құбылысқа жататын мәселелер деп ажыратып сол нысандарға орай бар ғылымды жаратылыстану ғылымдары және қоғамдық ғылымдар деп екі үлкен топқа бөледі.Бұл екеуіне қосылмайтын ғылым да бар: ол – философия ғылымы.Мұның оқшау тұратын себебі – ол жоғарыда аталған екі топтағы ғылымның екеуіне де қатысы бар жалпы заңдылықты зерттейді.Бұл – табиғаттың да, қоғам мен ойлаудың да жалпы заңдылықтарын қарастыратын методологиялық ғылым.
Тіл білімінің даму тарихында тіл білімін қай ғылым тобына қосамыз деген сұрауға әр түрлі жауаптар беріліп келді.Ол – ғалымдардың тілдің өзіндік сипатын әр түрлі түсінулерінен туды.Біреулер тілді биологиялық организм десе, екіншілер психологиялық құбылыс, ал үшінші біреулер физикалық құбылыс деген т.б. пікірлер айтты.Олардың әрқайсыларының өздерінше дәлелдері, сүйенген негіздері болды.Ал, шындығына келсек, тілде аталған сипаттардың барлығы да бар.Әңгіме солардың қайсысының негізгі екенін дұрыс тануда.
2. Ешнәрсемен байланыссыз томаға – тұйық болып тұратын құбылыс қоғам өмірінде де, табиғатта да кездеспейді.Түрлі құбылыстар өзара байланысып, бір – біріне ықпал - әсерін тигізеді, біріндегі өзгеріске екіншісі себепші, түрткі болады.Бұл – ғылымға да тән.Тіл білімінің басқа ғылымдармен қатысы жөнінде де осыны айтуға болады. «Тіл білімі, - деп жазады Н.И.Конрад, - басқа да барша ғылымдар сияқты қоғамдық өмірдің барлық құбылыстары, сонымен бірге, табиғат дүниесі де өзара байланысты және бір – біріне әсерін тигізіп отыратын дүниеде өмір сүреді.Сондықтан басқа ғылымдардың мейлі ол қоғамдық болсын, мейлі жаратылыстану ғылымы болсын, тіл туралы ғылымға әсер ететіні заңды және ол тіпті болмай қоймайды да, солай болуы, белгілі шамада, қажетті де».
Ғылымдардың бір-бірімен байланысы, олардың зерттейтін нысандарының ортақ болуынан да туады.Ғылым жаратылыстағы, қоғамдағы белгілі бір құбылысты, затты өзіне нысан етіп тұтас алуы да немесе оның белгілі бір жағын, бір саласын ғана алуы да мүмкін.Осыдан барып жаратылыстағы, қоғамдағы белгілі бір болмыс, құбылыс бірнеше ғылымға ортақ нысан болады.Мысалы, жерді география ғылымы да, геология ғылымы да зерттейді, бірақ екеуі екі түрлі бағытта, екі түрлі біліміндей байланысы мол ғылымды табу қиын.Ол қоғамдық ғылымдардың да, жаратылыстану ғылымдарының да алуан түрлерімен ұштасып жатады.
Тіл білімінің кең өрістілігі оның нысаны – сөйлеу тілінің орасан күрделі, сан – сапасы, қыры мен сыры шексіз мол нысан болуынан.
Дыбыс тілінде бір ғана ғылымның, оның әдіс – тәсілдерінің шеңберіне сыймайтын ғылымдараралық мәселелер аз емес.Өйткені дыбыс тілінде қоғамдық сипат та, физика, физиологиялық, философиялық сипаттар да орасан мол.Сондықтан тіл білімі қоғамдық ғылымдармен де, табиғаттану ғылымдарының алуан түрлі салаларымен де, философия ғылымымен де байланысты.Бірақ бұл ғылымдардың ешқайсысы да тіл білімі сияқты тілге тән мәселелерді тегіс қамтып, жан – жақты зерттемейді, тек өздеріне тиісті мәселені ғана алып, өз мүддесі тұрғысында сөз етеді.Бұған көз жеткізу үшін басқа ғылымдардың тіл білімімен байланысты жайына тоқталайық.
Достарыңызбен бөлісу: |