Ќўжаттыѕ аты


-Та, -те (-да, -де, -ла, -ле)



бет12/33
Дата28.09.2022
өлшемі0.55 Mb.
#461549
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33
umkd sozzhasam

-Та, -те (-да, -де, -ла, -ле) тұлғасының сөзжасамдық мағынаға қосатын семалық қырын былайша саралауға болар еді:
іс-әрекеттің орындалуын, аяқталу сипаты: бұзаула, балапанда , аяқта, кісенде, ауызда т.б.;
іс-әрекеттің дүркіндік, еселік семасы: жұдырықта, арқала, білекте, тістеле, сабаула, көсеуле, тырмала, қасықта;
іс-әрекеттің қалпын білдіруші сема: тізерле, танаура, өкпеле, көзде, күңкілде, мыңқылда, іркілде, тыраңда т.б.;
іс-әрекеттің көп болып, не кемінде екеу болып орындалу семасы: үймеле, қаумала, арашала, жаманда, жақсыла т.б.;
іс-әрекеттің орындалу амалын білдіретін сема: ойла, тазала, адымда, тақтайла, жүнде, майла, күлімде, амалда т.б.;
Бұл көрсетілген мағыналар туынды сөздің мағынасы емес, тек СТТ-ның қосатын парадигмалық семалары. Мағыналардың әртүрлі сипаты мен көрінсі бір тұлғаның әртүрлі семантикалық сипатын танытады, сөйтіп бір парадигмалық шеп құрайды.
тан, -тен, (-дан, -ден, -лан, -лен). Құрамы –та және –н тұлғаларынан құралатын бұл жұрнақ екі түрлі түбіртектен құралатындықтан, өзінше күрделі семантикалық сөзжасамдық құрылымға ие. Валенттілік ыңғайына қарай: синкреттілік негізді атаулардан кейін (ашулан, қатулан, ойлан, жандан, қолдан, үйлен т.б.); абстрактылы мәнді атаулардан кейін (арлан, борыштан, рахаттан, сезіктен т.б.); иелік мән туғыза алатын атаулардан кейін (малдан, үйлен, пайдалан, қарыздан т.б.); кісінің мінез-құлқына қатысты атаулардан кейін (қулан, қайраттан, мазасыздан, ашулан, қайсарлан, жалқаулан, еріншектен, шамдан, т.б.) жалғанады.
3-модуль


11. Семантикалық сөзжасам. Тіл біліміндегі транспозиция туралы ілімдерге шолу. Транспозиция түрлері. Конверсия құбылысы туралы……1 сағат
Тіл білімінде сөздің ешқандай тұлғалық өзгеріске түспей-ақ, мағыналық даму нәтижесінде екіншілік мағына берудің мұндай тәсілін сөзжасамдық конверсия деп те атайды. Сөзжасамдық конверсия аффиксацияға қарама-қарсы қойылады. Яғни аффикстік тәсіл арқылы сөз мағынасы тек белгілі сөз тудырушы тұлғаның (жұрнақтың) жалғануы арқылы ғана екіншілік мағына иелене алса, конверсияда туынды атаудың жасалуы үшін, ешқандай тұлғалық өзгеріс болмайды. Сөз өзінің тұлғалық жамылғышын өзгертпей-ақ, екіншілік мәнге ие бола алады.
Тұлғалық өзгеріссіз-ақ сөздің мағыналық дамуы арқылы туынды сөз жасалуы туралы теориялық мәселе қазақ тіл білімінде жеке зерттеу нысанына айналған жоқ. Осы күнге дейінгі жазылған оқулықтар мен оқу құралдарында сөзжасамның суффикстік тәсілі мен аналитикалық тәсіліне көп көңіл бөлінеді де, сөздің ішкі мағыналық дамуы арқылы жасалатын сөзжасамдық конверсия немесе семантикалық сөзжасамның теориялық мәселеріне талдау жасалмайды. Дей тұрғанмен, қазақ тілінің ішкі табиғатында сөздің мәні мен мағынасын өзгерту үшін, оған жұрнақ жалғау, не екі сөзді біріктіру тәсілі ғана қолданбаған. Сонымен бірге сөздің мағыналық дамуы негізінде де көптеген туынды атаулар жасалған. Түбір мен негіздің шегінде болғандықтан, конверсиялық сөзжасам арқылы жасалған туынды сөздердің қалыптасу кезеңі көне кезеңде белсенді болған. Қазақ тілінің байлығы сөздің әр алуан мағынада қолданыла алуымен астарласып жатады. Бір сөздің бірнеше мағынада жұмсала алуы тіл дамуының негізгі заңдылықтарының бірі. Түркі тілдеріндегі етістік пен есімнің гомогендігі тікелей конверсияның нәтижесі ретінде бағаланады. Яғни тіл дамуында болмыстың атауы мен оның іс-әрекетін атау бір тұлғамен таңбаланған. Мұның да өзіндік ішкі заңдылығы болса керек. Белгілі бір зат, оның қозғалыс-қимылы, белгісі – әуелде бір ғана дыбыстық жамылғыш арқылы таңбалана келіп, кейіннен сөйлеуде әртүрлі қызмет аясында қолдану барысында мағыналық дамуға жеткен. Сөздің дыбыстық жамылғышын өзгертпей-ақ, туынды мағынада жұмсалу қасиеті, ең алдымен, сөйлеуде, атаудың әртүрлі қызметте жұмсалуымен байланысты пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет