2.3. Эпитет
Белгілі ғалым М.С.Серғалиев айтқандай: «Қазақ халқының тілі- әрі бай, әрі көркем тіл. Сан алуан көрікті де қанатты сөздер, шешендік сөздер мен нақыл сөздер халық тілінде. Көркемдеп бейнелеуші, өрнектеп мәнерлеуші тәсілдер де сонда. Әдеби шығармаларда көркемдегіш амал-тәсілдер жиі қолданылады. Соның бірі- эпитет.
Эпитет туралы А.Байтұрсынов өзінің «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде: «Бір нәрсені көптен айырып, көзге көбірек түсіретін етіп айтқымыз келгенде ол нәрсенің атына айқын көрсететіндей сөз қосып айтамыз, сондықтан айқындаудың өзге түрі көркейту деп айтылады» – деп эпитетке анықтама берді. Көркейту дегеніміз – эпитет термині ретінде алынған.
К.Қ.Есіркепова «1960-80 ж.ж әйел – ақындар поэзиясының тілі» еңбегінде:
Эпитет – тіл өрнегіндегі өте жиі көрінетін әрі бояу ерекшелігі де құбыла құлпырып келетін құбылыс.
Әйел – ақындар өз өлеңдерінде эпитетті тіркестер жасауға шебер.
А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде эпиттеті айқындау деп атайды.
Мысалы
- Дүниежүзілік он екі биік мәртебелі абыройлы атақтың жүлдегері болыппын.
(“Алаң ”, 3-бет)
- Алдына қойған мақсатың қаншама үлкен, биік, мәртебелі, жұрт еңсесін биіктетер көлемді келсе - төзім шеңберінде соншама мықты, тегеуріңдіболмағы заңды.
(“Алаң ”, 4-бет)
Қорыта айтқанда, жазушы Д. Досжанның “ Алаң ” романы шығармасының тілін талдау барысында 29 эпитет теріліп, талдауға түсті. Жазушы эпитеттерді ұтымды пайдалана білген.
3.3Портреттің шығарма тіліндегі көрінісі
Көркем бейненің жанды, нақты, әсерлі бейнеленіп, танылуында портреттік тәсілдің алатын орны ерекше. Портрет- француз сөзі, мағынасы бейнелеу дегенді білдіреді. Портреттің түрлері де, қырлары да сан алуан. Мәселен, портретті ерекшілік сипатына қарай шартты түрде төмендегіше жіктеуге болады: мөлтек портрет, топтама портрет, сатиралық портрет, психологиялық портрет, статикалық портрет, портрет-мінездеу, живописьтік портрет т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |