С.Ғ. Қанапина «Қазақ тіліндегі мақал- мәтелдердің танымдық бейнелігі » (Ғ. Мұстафин, С. Мұханов шығармалары негізінде ) оқулығында:Ғалымдар көркем әдебиеттегі портретті 2-ге бөледі.
ситуациялық
жалпы портрет
Ғалым С.Мақпырұлы «Адамтану өнері» атты еңбегінде портретке тоқталып келе: Портрет– кең ауқымды ұғым. Портрет атауы өнердің көп саласында жүреді. Портрет француз тілінен аударғанда «бейнелеу» деген ұғымды білдіреді. Портрет кем дегенде көркем өнердің он саласында қолданылады.
жалпы портрет
психологиялық портрет
Мысалы
- Ақ шашты, ашаң жүзді жасамыс шалдың сөзі сай сүйегін сырқыратты .
(“Алаң”, 83-бет)
- Езуі қиғаштанған, құлағының қалқаны, кеңсірігі сынған, ең ғажабы: сыбырлап сөйлейтін болыпты.
(“Алаң ”, 6-бет)
Қорыта айтқанда,Жазушы Д.Досжанның «Алаң» романы тілін талдау барысында 14 портрет терілді. Соның ішінде 7-і соматикалық портрет, 1-і вестиалды портрет, 6-і кинетикалық портрет.
3.4. Пейзаждың шығарма тіліндегі көрінісі
Қарлығаш Әбдікова «Ж.Аймауытов туындыларындағы тұлға» атты еңбегінде пейзаж жайлы былай атап өткен:
Адам табиғаттың аясында туып,өскеннен кейін оның іс-әрекеті,дүниетанымы,жан дүниесі белгілі бір ждәрежеде сыртқы ортамен үндесіп жататыны заңды құбылыс.Сондықтан адамды зерттейтін көркем әдебиет үшін табиғат көрінісі-пейзаж маңызды компоненттердің бірі болып саналады.Ж.Аймауытовтың жазушылық шеберлігінің анық айғағы осы пейзаж көрінісі деп айтуға болады Қ.Әбдікованың айтуы бойынша: «Ж.Аймауытов-шын мәнінде пейзаждың шебері.»
Оның пейзажды таңдап алуы,суреттеуде детальдары-осының бәрі бояуы қанық көркем де шынайы көрініс құрайды және әр пейзаж өзінің ерекшелігімен құнды.
Пейзаж (фр. paysage – мекен, өлке) – белгілі бір жердің, мекеннің, табиғаттың көрінісі. Тақырыпты толығырақ ашу үшін Пейзаж кескіндеме жанрының басқа түрлерінде де (портрет, баталия жанры, т.б.) қолданылады. Пейзажда суретшінің сезімі, көңіл-күйі, түсінігі, табиғатқа деген эстетикалық, этикалық көзқарасы аңғарылады.
Мысалы
- Күн бата қонған, қазір қас қарайып, іңір озды, түннің бір уағы болып қалды.
(“Алаң”, 55-бет)
- Күн батып бара жатқан кез еді . Тау баурайы өртенгендей қызарып, ақ қар, көк мұздың үстінен лықылдап ызғырық жел жортып, жаманшылық боларын сезді ме, беткейден азынап бөрі ұлыды.
(“Алаң”, 91-бет)
Қорыта айтқанда, жазушы Д. Досжанның “Алаң” романы тілін талдау барысында 4 пейзаж теріліп, талданды.
Достарыңызбен бөлісу: |