Жұбаева О. ҚАзақ тілінің когнитивті грамматикасы



бет59/85
Дата23.06.2022
өлшемі1.82 Mb.
#459438
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   85
Жұбаева монография

Ілік септігі: S O
Қазақ тілінде ілік септік тұлғасы морфологиялық категорияның когнитивті негізін құрап, морфологиялық жолмен берілетін септік концептін актив қолданысқа түсіре отырып, оның мазмұнында «посессивтілік» сипатын актуалдандырады. Ілік септігі екі зат өте тығыз байланысты екенін білдіреді, яғни олар бірінсіз бірі бола алмайды. Актуалдану нәтижесінде «посессивтілік» морфологиялық мәні түзіледі. Басқа морфологиялық мәндер сияқты, ол да жалпылық сипатқа ие. Ол қосымша лингвистикалық факторлардың көмегімен (семантикалық және мәнмәтін) нақтыланып отырады. Морфологиялық жолмен берілетін септік концепті үшін семантикалық фактордың маңызды орын алатын себебі септік категориясы зат есімнің мағынасымен тікелей байланысты болады: Керек ақсүйек, керек құл болсын бәрі де бір Тәңірдің алдында тең пенде екенін білген кісілердің осы құлдықты көріп тұрғанда жандары жараланып, ақылдарынан адасушы еді (М.Дулатов, Шығ.). Маған тіпті керегі жоқ мақтаудың. Әсіресе ақталудың, Ақтаудың! (Орны бөлек сүйсінудің, Сүюдің. Орны бөлек жақсы жырды жаттаудың!) (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).
«Қазақ грамматикасында» ілік септігі жалғауының сөзге қосылған кезде беретін бірден-бір мағынасы – иелік, меншікті білдіру екені көрсетілген. Септіктің бұл түрі тәуелдік категориясымен тығыз байланысты екенін ескерте келіп, құрастырушылар ілік септігі арқылы көрінетін грамматикалық тәуелдіктің басты-басты түрлері ретінде оның меншік иесін (жолдасымның үйі), туыстық жақындықты (егіздің сыңары), табиғи бірлікті (сиырдың мүйізі), нәрсенің бөлшегін (есіктің тұлғасы), дерексіз ұғымдардың байланысын (істің нәтижесі), логикалық субъектіні (желдің ызыңы), сапалық ерекшелікті (сараңның сараңы) білдіретінін атайды [77, 456-б.]. Ғалым С.Исаев ілік септігінің негізгі мағынасын былайша көрсетеді: «Ілік септігінің білдіретін басты мағынасы – грамматикалық меншіктілікті, иелікті, меншіктілік-қатыстықты көрсету. ...Ілік септік тұлғасының бір ерекшелігі сол – ол өзі жалғанған сөзді әрі тәуелдік жалғаулы сөзге бағындыра байланыстырады, әрі басыңқы сөздік тәуелдік жалғауында тұруын талап етіп тұрады әрі ілік септіктегі сөздің семантикасы (жақтық мағынасы) арқылы тәуелдік жалғаудың сол жаққа қатысты болуына қарай үш жақты байланыс арқылы жасалған сөз тіркесі-матасу пайда болады [34, 87-б.].
Ілік септік тұлғасы мен «посессивтілік» морфологиялық мәнінің актуалдануы нәтижесінде төмендегі лексика-грамматикалық мәндер түзіледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет