Жұбаева О. ҚАзақ тілінің когнитивті грамматикасы


Бір зат белгісінің интенсивтілік деңгейінің біртіндеп күшеюі



бет79/85
Дата23.06.2022
өлшемі1.82 Mb.
#459438
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   85
Жұбаева монография

Бір зат белгісінің интенсивтілік деңгейінің біртіндеп күшеюі Мысалы: Берірек тұрған азғана ала шұбар бұлттар кең жиһанның жүзіне перде болған жоқ (М.Әуезов,Таңд.). Екеуі мешіттен алысырақ үнсіз барып, көгалға қарсы қарап малдас құрған соң, қып-қызыл алаулап туған айға қарап Ақан сөз бастады (С.Жүнісов, Ақан сері).
Мұнда мәнмәтін факторының орны ерекше. Сөйлеуші кеңістік пен уақытты меже ретінде қолданып, уақыт не кеңістік кесіндісін басқа кесінділермен қарсы қойып, өзара салыстырып отырады. Осылайша кесіндінің бір бөлігін басқалардан ерекшелеу нәтижесінде оның мәні күшейтпелі шырай тұлғаларының мәніне жақындайды. Мысалы, жоғарыда келтірілген мысалдардағы берірек тұрған тіркесінің орнына ең бері тұрған, тым бері тұрған түрінде немесе алысырақ барды дегеннің орнына өте алыс барды, тым алыс барды түрінде қолдануға болады. Сондықтан салыстырмалы шырай көрсеткіштері үнемі зат белгілерінің кішігірім реңктерін ғана білдіре бермейді. Мәнмәтінге қарай ол күшейтпелі шырайдың орнына да қолданыла алады. Мұнда «салыстыру» концептінің мазмұнында «қарқындылық» (градуальность) сипаты түзіліп, ол «заттың салыстырмалы белгісі» мәнмен тоғыса отырып, концептуалды мазмұн түзеді.
Заттың қандай да бір белгісін ерекшелеу, даралау Заттың бірнеше белгілерінің ішінде қандай да бір белгісін (не белгілерін) ерекшелеуді мақсат еткен қолданыстарда да салыстырмалы шырай көрсеткіштері арқылы берілетін мәннің күшейтпелі шырай тұлғаларының мәніне жақындайды. Мысалы: Дегенмен әкесінің бүтін бір ғасырға созылған ғұмырында Бекбауыл тыныштық пен алаңсыздықты көбірек көреді (О.Сәрсенбаев, Бақыт.). Бұл сөйлемнен Бекбауылдың бір ғасырға жуық өмірінде көп нәрсені көргені, алайда соның ішінде әсіресе тыныштық пен алаңсыздықты арнайы көрсету арқылы жазушы оны мақсатты түрде ерекшелеген. Мұнда да көбірек көрді дегеннің орнына өте көп, тым көп көрді деп те қолдануға болады. Заттың бірнеше белгілерінің ішінде қандай да бір белгісін (не белгілерін) ерекшелеуде мәнмәтн факторының орны ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет