Заттың қандай да бір белгісінің түрлі жағдайдағы интенсивтілік деңгейін салыстыру Мұнда бір заттың нақты бір белгісі назарға алынады. Яғни зат та, белгі де ортақ. Мұнда айырым меже – зат белгісінің бұрынғы және кейінгі қалпы, қандай бір жағдаяттан кейінгі зат белгісінің өзгеріске түсуі. Мысалы: Аңшылық алабұртуы басылған соң, артығырақ кеткеніміз де еске түсе бастады (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.). Ол мәнмәтін және семантикалық факторларың көмегімен нақтыланып отырады. Мәнмәтін факторына сәйкес сөйлем-сөйлесімде шартты бағыныңқылы немесе мезгіл бағыныңқылы сөйлемдер, шарт мәнді құрылымдар қатысады. Сол арқылы заттың белгісінің бұрынғы және кейінгі қалпы, күйі өзара салыстырылып, қарсы қойылады. Соған байланысты «салыстыру» негізгі концептінің мазмұнында «қарсы қою» сипаты пайда болады. Ол «заттың салыстырмалы белгісі» сипатымен тоғыса отырып, концептуалды мазмұн түзеді.
Қимылдың өту сипатының интенсивтілік деңгейін салыстыру Алғашқы көмектің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды қауіп әсерінен құтқару, қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын теңеу, жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел мед. көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру (ҚҰЭ). Хорунжий жалпақ Петровнаның жандырмасын артығырақ жалап қойса керек, аусал сиырдай аузы-басы сілекейленіп кетіпті (Х.Есенжанов, Ақ Жайық). Көңді көбірек төгу жағына күш салыңыздар. Оған шірік көң деп қарамай, жерді тыңайтушы, өнімді арттырушы деп қарау керек, – деді Сағира (С.Алдабергенов, Алға).
Морфологиялық жолмен берілетін «белгі мөлшері» мәнінің дерексізденетіні соншалық, олардың нақты мәнін (кеңістік, уақыт т.с.с. қатысы) айқындау қиынға түседі. Мысалы: Сол жаныма батады ептеп, Сәл ертерек алшаңдадым, Өзгермейтін махаббат деп Мен өзімді қанша алдадым (Т.Молдағалиев, Шақырады көктем). Қазақстанда қанның құрамында темірдің жетіспеушілігінен болатын анемия көбірек тараған (ҚҰЭ). Сары ала қаншық пен түлкіден он-он бес қадамдай жерде кейінірек аршындаған ақ арлан да шұғыл бұрылды (Ә.Көшімов, Екі бүркіт). Баспаға ертерек жетейін деп тез киініп, ертеңгі асқа да қарамай кетуге әзірленді (Қ.Жұмалиев, Жайсаң жан.). Үндемес, ақымақ, кімге үретініңді білмейсің-ау. Алжығансың ба? – деп Айтжанды қаттырақ құшақтап, жібермейді (З.Шашкин, Сенім). Келтірілген сөйлемдерді нақты бір мәнді білдіруіне қарай жіктеу қиын. Себебі Сәл ертерек алшаңдадым дегенде, басқалардан ертерек деген мәнде ме әлде уақытынан ертерек деген мәнде ме, – шырай тұлғасына қарап анықтау мүмкін емес. Яғни салыстырылып тұрған нәрселерді айқындау қиынға соғады. Сол сияқты Қазақстанда қанның құрамында темірдің жетіспеушілігінен болатын анемия көбірек тараған деген сөйлемде салыстырылып отырған нәрселер – анемия ауруының тараған аймағы (Қазақстан немесе басқа жер) ма әлде басқа аурулармен салыстырғанда, анемия ауруы көбірек тараған ба – айыру қиын. Сондықтан сөйлемді екіұдай түсінуге болады. Бұл – морфологиялық жолмен берілетін белгі мөлшері мәнінің жалпылануының нәтижесінде пайда болған құбылыс.
Салыстыру мәні көбінесе синтаксистік факторға байланысты болады. Мұнда екі немесе одан дак өп затты өзара салыстыру үшін неғұрлым, соғұрлым сияқты шылаулар, сондай-ақ интенсивтілік деңгейінің күшейту мәнін үстеу үшін сайын шылаулары қолданылады. Мұнда бір заттың әртүрлі белгілері бір-біріне тәуелді, байланысты болуы мүмкін, сондай-ақ әртүрлі заттың әртүрлі белгілері бір-біріне тәуелді, байланысты болуы мүмкін.
Салыстырмалы шырай көрсеткіштері морфологиялық жолмен берілетін «белгінің мөлшері» концептін актив қолданысқа түсіре отырып, «заттың салыстырмалы белгісі» сипатын актуалдандырады. Ол морфологиялық репрезентацияда синтаксистік факторлардың көмегімен нақтыланып, «салыстыру» концептінің мазмұнында «сәйкестік» мәні пайда болады.
Салыстырмалы шырай үнемі салыстыру мәнінен туындай бермейді. Көп ретте екі затты өзара салыстыру немесе бір заттың екі түрлі сипатын салыстыру мәнінде қолданылмай, бір заттың өзіндік сипатын білдіру үшін, кейде тіпті күшейтпелі шырайдың орнына қолданылатын кездері де жиі кездеседі.
«Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» сөздің лексикалық мағыналары, дефинициясы нақты берілумен қатар мағыналық реңктер, қосымша жалғану арқылы үстелген мәндерді де нақты, дәл жеткізу мақсат етіледі. Мұны ауырлау сөзінің сөздік анықтамасынан аңғаруға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |