АУЫРЛАУ2 с ы н. 1. Ауырырақ, салмақтырақ. Ағаштың да ауырлауы табылмаған екен, мынау қатты тиіп не жарытар дейсің? (Ә.Әлішев, Батыр.). Ал менің осындай ауырлау жүк көтерейін десем, екі аяғымның сыздап ауыратыны білінеді (Ә.Нұршайықов, Алтын.). Қауметіне қарағанда аруананың жүгі жеңілдеу, тайлақтың жүгі ауырлау болды (А.Сарбөпин, Ала қарға). 2. а у ы с. Қиындау, жайсыздау. Бір жылғы оқуды өлтіргім келмей, ауырлау болса да, сабаққа барып жүрдім (С.Мұқанов, Есею жыл.). Шынтас ауырлау түрегелді (Т.Ахтанов, Дала сыры). Сусыған аста тайғақ тас. Құласаң, болар ауырлау, Кім болсаң да байқап бас! (Ғ.Қайырбеков, Таулар.). //Қиындау, күрделірек. Оның өрнегі мен тігіс жіптерінің дәл есебін санап білу керек, ал бұл жұмыс өзге тігістерден гөрі ауырлау болады (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері). 3. Ауыртатын, қиналдыратын. Жанына батқан ең ауырлау жара оң жақ білегінде (Д.Әбілев, Арман.). Махмұт қазір сергек, Мәликежан! Алғашқы келген кезінде төсек тартып, жөтелі де ауырлау еді (Д.Әбілев, Арман.). 4. ауыс. Қаттырақ, күштірек. Тағдыр тауқыметін көп тартқан бейбаққа ауырлау сөз айтпағанымыз жөн («Ана тілі»).
Ауырлау тиді. Қиындау болды, жеңіл соқпады. Сенің томсарып отырғаның бәрімізге де бір түрлі ауырлау тиіп отыр (С.Сейфуллин, Шығ. жин.). Мал еті ауырлау тиетін науқастар киік етін жеген, өйткені киік еті тез сіңетін жеңіл тамақ (Х.Қыдырбаев, Дала көркі).
Құлағы ауырлау. Естуі нашар, жөнді ести алмайды. Құлағы ауырлау еститін кемпір бұларға алақтай қарап, машинаға дейін еріп еді. (Т.Нұрмағамбетов, Қош бол.) [225, 229-б.].
Алайда салыстырмалы шырай көрсеткіштерімен келген сөздер үнемі салыстырмалы мәнде сипаттауға келе бермейді. Себебі мұнда салыстырмалы шырай көрсеткіштері жалғанса да, мұнда салыстыру мәні бола бермейді. Сондықтан мұндай сөздерді сипаттама түрінде түсіндіруге тура келеді. Салыстырмалы шырайдың үнемі салыстыру мәнін білдіре бермейтінін түсіндірме сөздіктердегі дефинициядан да байқауға болады. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |