«Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде жедел шұғыл көмек»



бет4/20
Дата25.06.2022
өлшемі117.97 Kb.
#459475
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
УМК ЖМЖС

Қосалқы бекеттер

  • Қосалқы бекеттер 15 минут ішінде көлікпен жету есебімен құрылады.

  • Тұрғындары 70 мыңнан асқан қалалар мен аудан орталықтарында балаларға ЖМЖ көрсету үшін арнайы балалар бригадасы, 100 мыңнан асқан елді мекенде арнайы психиатриялық бригада құрылады.

  • ЖМЖ бекетінің бригадаларымен жеткізілген жарақаттанғандар мен науқастар аурухананың қабылдау бөлімінде шұғыл қаралып, қажет болса, ауруханада бос орынның бар- жоғына қарамастан жатқызылады.

  • Аурухананың қабылдау бөлімінде ЖМЖ бигадасын 10 минуттан артық кідіртуге болмайды (науқас немесе жарақаттанғанды аурухананың кезекші дәрігеріне өткізетін уақыт).

  • ЖМЖ бекеттері өз жұмыстарын емдеу-профилактикалық, Ішкі істер министрлігінің мекемелерімен және ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің бөлімшелерімен тығыз байланыста жүргізеді.

  • Табиғи және техногенді сипатты төтенше жағдайда дер кезінде емдеу-эвакуациялау, медико-санитарлы, эпидемияға қарсы шаралармен тұрғындарды қамтамасыз ету іс -шараларын ұйымдастыру үшін ЖМЖ бекеттері Республикалық апат медицинасы орталығының бөлімшелері мен Қазақстан Республикасының төтенше жағдай жөніндегі Агенттігінің басқаруымен жұмысын атқарады.

ЖМЖБ құрылымы:
- оперативті диспечер бөлімі;
- байланыс бөлімі;
- медициналық статистика бөлімі архивпен бірге;
- емханалық ауруларды қабылдау бөлімі;
- бригадалардың медициналық жабдықтарын сақтайтын бөлме және медициналық жинақтарды жұмысқа дайындайтын бөлме;
- медикаменттерді сақтайтын өртке қарсы және қорғаныс дабылымен жабдықталған бөлме ;
- дәрігерлердің. орта мед персоналдың және жүргізушілердің демалатын бөлмесі;
- кезекші персоналдың ас ішетін бөлмесі;
- әкімшілік-қожалық және басқа мекемелер;
- гараж,жабық тұрақтар-бокстар, қоршалған автокөліктер тұратын аумақ
ЖМЖ бригада дәрігерінің жауапкершілігі

  • ЖМЖ желілі бригада дәрігері заңмен қарастырылған тәртіп бойынша жауапты:

  • ЖМЖ бригадасының жұмысын ЖМЖ дәрігерлері үшін бекітілген салалық өлшемдерге, ережелер мен стандарттарға сәйкес сапалы ұйымдастыруға;

  • науқастың денсаулығына нұқсан келтіретін немесе оның өліміне әкелетін құқыққа қарсы әрекеттер мен әрекетсіздікке.

  • Әкімшілік жауапкершілік – қылмыстық кодекстегідей емес, бірақ әкімшілік құқықты бұзғаны үшін заңды жауапқа тартылатын заңның түрі.

  • Тәртіптік жауапкершілік – еңбек құқығын бұзғандарға қолданылатын ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметтен босату сияқты шараларды қолдану түрлері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет