Жеңешемнің жауабы



Pdf көрінісі
бет29/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   69
Бір кем дүние

Талант сатылмайды
– Бəрін де сатып алуға болады, – деді Ғабең бір жолы. –
Ақшаң болса қалтаңда,
Талтаңдасаң – талтаңда!
Бəрін де – атақты да, ар-ұятты да, əйелдің махаббатын да...
Ал бірақ талантты сатып ала алмайсың. Ешқашанда. Талантты адам
бермейді, Құдай береді.
Біздің Союздың (Жазушылар одағын айтады. – Ш. М) есігі айқара
ашық: халтураға да, дарынсыз сүмелектерге де. «Қазаннан қақпақ кетсе,
иттен ұят кетеді» деген сол. Білдің бе?
Мен, əрине, білемін.
Бұл да бір кем дүние.
... Қазіргі Жазушылар одағы – біздің Мыңбұлақтың егіс даласындай:
еккен арпа-бидай арамшөптің, есекмияның, кекіренің арасынан көрінбейді.
Жетпіс бес
Осыдан біраз жыл бұрын əйгілі əдебиетші, сыншы, үлкен ғалым
Шерияздан Елеукенов 70 жасқа толып, Алматыдағы Ғалымдар үйінде
мерейтойы өткенде өзі айтып еді.
– Жетпіс деген екі сөзден тұрады: «жет», «піс» деген, – деп еді.
Ал мен болсам, жетпіс бесті тойлап тастадым. Енді сол Елеукенов
айтқан сөз есіме түсе береді. «Жет» дегені дұрыс-ақ. «Піс» дегені... Қатерлі.
Пісіп тұрған жемісті əркім-ақ жеп қойғысы келеді. Əсіресе, жауыз торғай
шоқып-шоқып жерге түсіреді. Жақсы емес, уылжып піскен шақта өзі-ақ
үзіліп түседі. Нені меңзейді?
Жеткенің жақсы.


Піскенің қиын.
Бір кем дүние.
Кітап қасиеті
Темірді тат шірітеді. Тат темірдің өзінен шығады.
Адамды аздыратын жаман қылықтар да адамның өзінен шығады. Ол да
тат. Оны сабындап жуып кетіре алмайсың.
Адам жанын тат басса, оны тек кітап кетіре алады. Əрине, асыл кітап,
адал кітап.
Ең бірінші – Құран!
Екінші – хадистер!
Ұлы классиктер.
Қазақтың ұлы ақын-жазушылары.
Кітап жем, су сұрамайды. Кітап – ғажайып қазына.
Кітап –өмірсерік.
Кітапты сүймеген Құдайды да сүймейді.
Бір кем дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет