Жеңешемнің жауабы



Pdf көрінісі
бет31/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   69
Бір кем дүние

Бір тостаған жасымық
Жаның жаннатта болғыр, Жолболды деген кісі өтті дүниеден.
Мен Шанышқылы ауылынан жаяу келе жатқанымда, артымнан атты
біреу қуып жетті. Жолболды атам екен.
– Қайдан келе жатырсың? –
– Əдия əпкемнің үйінен... Үйінде жоқ. Қырғыз жаққа кетіп қалыпты, –
дедім.
– О, дүние жалған, – деп қойды Жолболды ата. – Əдия əпкең Күнікей
апаңа тартқан ғой. Ай, бірақ Күнікей апаңды сен көрген жоқ шығарсың.
Ұлы апаң Күнікей бүкіл ауылды асырады ғой. Бердімбет бабаң қайтыс
болғаннан соң бүкіл мал мүлік Күнікей апаңның қолында қалды.
Жарықтық, «бай бəйбіше» атанды. Малы жоқтың алдына мал салды.
Қатыны жоққа қалың малын төлеп, қатын алып берді. Əулие апаңның
жақсылығын мен де көріп едім, – деп Жолболды ата ауылға жеткенде мені
аттан түсіріп, көйлегімнің етегіне қоржынынан бір тостаған жасымық
салып берді.
Үйге жеткенше бір уыстайын шикідей жеп қойдым. Қалғанын огородқа
егіп тастадық. Күзде содан бір қаптай дəн алдық. Аштықта жеген құйқаның
дəмі таңдайдан кетпес.
Осы есіме түскенде Жолболды есімін дұғаға қосып қоямын. Менен
басқа еске алар кім бар?
Бір кем дүние.
Бастан сипау
Қай жыл екені нақты есімде жоқ, əйтеуір, соғыс жылы еді. Мектеп
балаларын бидайдың арасындағы арамшөпті отауға алып келген.
Бастығымыз Қайрақбай дейтін делқұлылау шал кісі.


Бізге өзінше командир болады.
– Айт-дуа, жайратыңдар жауды! – деп бұйрық береді. Бидайдың
арасында өскен мияны, кекірені отай бастаймыз.
Əбден сілеміз қатқан кезде Қайрақбай командир:
– Демал! – деп бұйрық береді.
Тақтаның басына жете бере көгалға құлай-құлай кетеміз.
Бір кезде қасымызға əңгі есек мінген, жаздың күні басына ескі тұмақты
баса киген, бурыл сақалды бір кісі келді. Қайрақбай «командирмен»
амандасып болып:
– Осында Мұртазаның баласы бар ма? – деді.
– Бар, – деді Қайрақбай «командир». Сөйтіп, мені əлгі əңгі есек мінген
кісіге алып келді. Қараторы жүзін əжім басқан, оң көзінің алдында
бұршақтай қалы бар қартаң кісі мені құшақтай алып, басымнан сипалай
берді де:
– О, жетімек! Жетімек! Əлі-ақ сен де жетілерсің. Аман бол, есіл ердің
тұяғы! О, жетімек! Жетімек, жетілерсің... – деп есегіне мініп, көзінің жасын
жеңімен сүртіп, Шанышқылы ауылына қарай кете барды...
Артынан білдім, Шанышқылыдағы Əдия əпкемнің қайынағасы Кəлен
деген кісі екен.
– Шашымнан сипағаны есіме түссе, əлі күнге дейін елжіреп, жылағым
келеді.
Шала құрсақ, жарым көңіл жетімге басыңнан сипаудың өзі де үлкен
бақыт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет