Жеңешемнің жауабы



Pdf көрінісі
бет32/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   69
Бір кем дүние

«Жалғыз бала» уайымы
Алматы. Мұқан Төлебаев пен Қонаев (бұрынғы Карл Маркс)
көшелерінің арасы...


Алаңқайда субұрқақтар, айнала шыршалар. Ортада Дінмұхаммед
Қонаев бюсті.
Скамейкада Ғабең – Ғабит Мүсірепов жəне мен.
Ғабең маған:
– Сонымен, «жалғыз бала» проблемасын жаз дейсің ғой. Қиы-ы-ын. Біз
көбеюіміз керек. Біз жиылсақ – көппіз. Жайылсақ – жоқпыз.
Жер кең. «Жалғыз бала» мəселенің бір жағы. Ал баласы бар-ау деген ең
зиялы адамдардың арты қандай? Қаныш, Мұхтарлардың есіктері жабылып
қалды. Мен өлген күні... Менікі де... Сондықтан бардың өзі тіл, психология
жағын қайтеді. Баласы көп Қапан еді (Бадыров), сұрасам:
– Балаларым, немерелерім қазақша сөйлемейді, – дейді. – Тіл жүрген
жерде ұлттық сана-сезім жүреді. Ал сана-сезім теңдікке ұмтылады.
... Фонтан жаны. Бюст түбі. Қараңғылық қоюланып, салқын тартты.
Қолтықтасып, біз қайттық. Уайым көп.
Бір кем дүние.
Генералды сөйлетпеді
Парламенттің Мəжіліс палатасы. Қорғаныс министрі, келбеті келіскен
генерал Мұхтар Алтынбаев мінбеге көтерілді. Қазақша сөйлей бастады.
Бұл өзі əдейі жоспарланған кездесу. Сөйте тұра, зал гу-гу. Екеу-екеу, топ-
топ болып сөйлесіп отырған депутаттар. Ары-бері, ерсілі-қарсылы
жүргендер де бар.
Генерал зал тынышталар ма екен деп біраз үнсіз тұрып еді, гу-гу
тыйылмады.
Сонда генерал:
– Ал ендеше, мен орысша да сөйлей аламын, – деп орысшаға көшіп еді,
зал құлаққа ұрған танадай тынды да қалды.
Құдай сорлатқанда, сол депутаттардың басым көпшілігі қазақтар еді.


Осының бəрін өз көзіммен көріп, өз құлағыммен естіген мен едім.
Өкініштен өртеніп кете жаздағаным есімде.
Е, Құдай! Біз бейбаққа өзің сана-сезім бере гөр!
Бір кем дүние.
Хұсни сəуле
Басына бес бастаудың
Сылаң қағып,
Келуші ең, Хұсни сəулем,
Су алғалы...
Осы бір əнді Рамазан Стамғазиев асқақтатып, айбындатып айтады.
Кімнің əні? Қай заманның туындысы?
Бірақ көкейге қонып алып, көпке дейін көкірегіңнен кетпей қояды. Əн
де күшті, əнші де құдіретті.
Қай заман?
Хұсни сəулем,
Дидарың ғайып болды... –
деп аяқталады. Ғайып болғаны несі, қайда кетті?
Сұрақ көп. Жұмбақ көп. Ал əуен естен кетпейді. Қайта-қайта тыңдай
бергің келеді. Шөп те өлең, шөңге де өлең мына заманда осындай
асылдардың анда-санда бір-ақ айтылып, жұмбақ болып қалатыны өкінішті.
Бір кем дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет