Жеңешемнің жауабы



Pdf көрінісі
бет49/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   69
Бір кем дүние

Оспанханның жауабы
Қаңтардың қақаған аязды таңы. Оспанхан ерте тұрып, малақайын баса
киіп, көшенің келесі бетіндегі гастроном алдында ары-бері теңселіп
жүреді.
Қарсы алдынан қалың қара тон киген, аяғында пимасы бар кезекші
милиционер шыға келеді. Миллиционер Осекеңе одырая қарап, ары өтіп
кетеді. Осекем кері қарай жүргенде милиционер тағы алдынан шығады.
Осылайша үшінші рет бетпе-бет кездескенде, милиционер:
– Неғып жүрсің? – деп арс ете қалады. Осекең лезде:
– Е, адам болғаннан кейін жүреді, ит болғаннан кейін үреді, – депті
дейді.
***
Сөйтсе, гастроном əлі ашылмаған екен. Осекем өткен түнде ішіңкіреп
қойған ба, таңдайы кеуіп, бір шөл əкетіп бара жатқан соң, көшенің қарсы
бетіндегі «алқаштардың ақ үйі» атанып кеткен жазушылар үйінен ертерек
шығып, магазиннің ашылуын асыға күтіп жүрген сəті екен де.
Сөйтіп тұрғанда, бірте-бірте таныс (бөтелкелес) жолдастары жинала
бастайды. Бəрінің бастығы Хизмет Абдуллин деген жазушы. Магазин
ашылған соң, Хизмет-ака жиналған топқа:
– Қане, ақша салыңдар, кімде не бар? Міне, менде атаңның басы бар, –
деп алақанын ашса, Лениннің суреті салынған ап-ауыр бір сомдық шақа
екен.
Хизмет-аканың алақанына біреу бір сом, біреу үш сом, əркім барын
салып жатады.
Хизмет-ака Оспанханға қарап:
– Сен не саласың? – дейді.


Осекең қынжылған кейіп танытып:
– Маған бір жолға қарызға бере тұрыңдар. Үйде үш сом ақша бар еді,
қатыны түскір, мебель сатып алып қойыпты, – деді.
Хизмет:
– Кет, сандалма, үш сомға кім мебель береді? – деп ажыраяды.
– Оқтауды айтам, оқтау, – депті Осекем аянышты үнмен.
Жиналғандар мəз болып күледі, сонда Хизмет-ака мырзалық жасап:
– Мен қазір бір нəрсені көрсетемін. Шын ақын болсаң, соған табан
астында, экспротом, бір ауыз өлең шығарасың. Келісесің бе? Келіссең, сені
топқа қосамыз.
Құдай аузыма не салады, көрейін енді, – дейді Осекем ыршып тұрып.
– Міне, – дейді Хизмет витринаның сатпақ-сатпақ шынысының
аржағында жатқан, екі көзі ағып кеткен, кеуіңкіреп қалған балықты нұсқап.
Осекем үңіліп қараса, астында өшіңкіреп қалған «ставрида» деген жазу
бар екен. Сонда ақын арқаланып, бойын тіктеп, сұстанып тұрып:
– Ассалаумағалейкум, ставрида! Əлі өтпей жатырмысың, мыстан рыба?!
депті ғой.
– Əй, ерім-ай, əй, бөрім-ай! – деп жұрт риза болып, уралап тұрып,
портвейн деген шарапты бөліп ішкен екен дейді.
Бір кем дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет