Жеңешемнің жауабы



Pdf көрінісі
бет51/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   69
Бір кем дүние

Құран сөзін құрметте
«Ішіп, жеңдер. Бірақ ысырап қылмаңдар»
(Қасиетті Құран. «Ағраф» сүресі. 31-аят)
Бұл əңгімеге арқау болған «Ислам жəне өркениет» газетінде жарық
көрген «Айтта телеэкрандар қанға боялды» атты мақала.
Авторы Кеулімжай Құттиев деген азамат қасиетті Құрбан айттағы
құрбандық шалу кезінде «асыра сілтеу» жағдайын жазған екен.
Құрбандыққа мал сатып алу мақсатымен Астананың Артем базарының
маңына барғанбыз. Сондағы көрініс: қоршауға қамалған қора-қора қой.
Малдың аузым ашып, арқасын басып, қой таңдап жүрген адамдар.
Таңдаған малды қасапшыға көрсетсе болды, табанда сол жерде қол жайып,
бата қылып, құрбандық шалынады. Бұлақтай болып ағып жатқан қан.
Құттиев жазғандай, лақтырып тасталған ішек-қарын, кесілген бастар.
Айнала қан-жын сасиды.
Құрбан айт — аса құрметті мереке. Мұның арғы тегі Ыбырайым
пайғамбарға барып тіреледі. Пайғамбардың екінші əйелі Ажардан туған


Ысмайыл есімді ұлы болады. Алла Тағаладан үкім келді:
– Ей, Ыбырай, ұл балаңды құрбандыққа шал! – деді.
Ыбырайым пайғамбар Алланың əмірін екі етпей, Ысмайылды
құрбандыққа шалмақшы болып жатқанда, Алладан тағы хабар келді:
– Ей, Ыбырайым баланы босат. Оның орнына мына қошқарды шал! –
деп аспаннан көк қошқар түсірді.
Заманның қыспағынан Құрбан айтқа тыйым салынған кездер де болған.
Енді еркіндік орнаған кезде, «құрбандық шалғанның» реті осы екен деп,
малдың қанын судай ағыза берудің жөні жоқ секілді. Бəрін де Құранда
айтылғандай: ысырап қылмау керек шығар. Асыра сілтеу əр заманда да
зиян.
Бір кем дүние.
Отқа оранған қырғауыл
Жаратушының құдіретімен дүниеге келген адам баласы Табиғат-
Ананың аясында күн көріп, өніп-өсіп еді.
Енді сол Анасын қорлап, зорлауды шығарды. Орманды, сексеуілді
даланы өртеп, ойрандайды.
Сол сексеуілдің түбінде қырғауылдар ұя салып, жұмыртқалап, балапан
бастырады.
Темірқанат балапан əлі ұша алмайды. Ана-қырғауыл оларды бауырына
басып жатады. Имансыз əлдекімдер сексеуілді даланы өртеп кетеді.
Балапан басып жатқан қырғауылға өрт жақындап қалады. Орасан қызу
жан-жағын шарпи бастайды. Қырғауыл əлдекімді көмекке шақырғандай,
жанұшыра қақылықтайды. Қоразы күйіп жатқан мекиенінің үстіне төніп,
тұмсығынан су тамшылатып тұрғанда, қанаты күйіп, құлап түсті.
Қырғауылдың мекиені — асыл Ана балапандарын оттан қорғаймын деп
отқа оранды.


Ұрпақ үшін жаралған пəруаналар!
Бірақ жалмауыз от аямайды.
Бір кем дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет