Жеңешемнің жауабы



Pdf көрінісі
бет48/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   69
Бір кем дүние

Ауылды аңсау
Бір жол бар – жақын,
Жақын да болса – алыс.
Бір жол бар – алыс,
Алыс та болса – жақын.
(Халық айтқан)
Тараздан шыққан жолаушы пойызы Борандыға бір сағатта жетіп
қалады. Оған жеткенше жолда Тескентаудан өтеді. Тескентаудың түнелінен
шыға бере сол жағыңнан Тəңіртау жарқ ете қалады. Түтін сасыған қараңғы
түнектен шығып, жаннаттың жарық əлеміне шыға келгендей боласың.
Пойыз да осы пейіш келбетін кие тұтқандай кісінеп-кісінеп алып,
жүйтки түседі. Əне-міне дегенше Күркіреусудан өтіп, Сұрым станциясына
жетіп, 111-бекетке бет алады.
Енді мен тамборға шығып, тəуекелге бел байлаймын. 111-бекеттің
бұрынғы аты – Қазбастау. Ар жағы – тауға қарай біздің ауыл жап-жақын.
Егер Борандыдан түсіп қалсам, ауыл алыс. 111 – жап-жақын. Жексенбі –
бір-ақ күн демалыс, ертең кері қайтуым керек.
Пойыз 111-ге тоқтамас. Сондықтан тамбордан секіруге тура келеді.
Есіктен тура секірсең, екпін пойыздың астына тартып кетуі мүмкін.
Сондықтан пойызбен жарыса алға қарай секіру керек.
Жол жағасы шағыл тас. Өткір пышақ сияқты.
Жүрексінемін. Пойыз 111-ге таяп қалды. Тəуекел деймін. Жүрек сорлы
атқақтайды. Тіпті пойыздың дүрсілінен де қатты. Бірақ 111-ден өтіп кететін
болды ғой! Секір!
Шекем тыз етіп ауырғандай болды. Сипап едім, алақаным қан-қан. Үсті-
басымды қаққылап қарасам, сау сияқты. Тек сол жақ шекем қанапты.


Бастан құлақ садақа!
Ауылға қарай тіке тарттым. Жолсыз. Былай шыға бере аяққа оралып,
шөп қалыңдай берді. Изен, жусан, алабота, шошқа, тікен, кəріқыз, əсіресе
шырмауық жаман. Сиырқұйрық гүлдеген екен, соған сары торғай қонып
алып, құйқылжыта сайрап отыр. Маған сəлемдескендей, бірақ мен
жақындасам ұшып кетеді.
Енді бірде соқамен айғыздап тастаған күздікке тап болдым. Айдауға
аяғым тобығыма дейін батып кетеді.
Сөйте-сөйте Жайсаңға да жеттім-ау. Айналасын жалбыз көмкерген
қайнар көз бұрқ-бұрқ етіп, құм атқылап жатыр екен, жарықтық. Етпетімнен
жата кетіп, тастай бұлақтан сімірдім-ай, дəурен!
Содан, не керек, қалың шырмауық, сүдігірлік айдау, шошқа тікен əбден
діңкелетті ме, жоқ əлде мына нəрлі су буын-буыныма түсіп кетті ме,
əйтеуір, сол бұлақтың басында, жұпар иісі аңқыған жалбыздың арасында
балбырап ұйықтап кетіппін...
– Тұр! Тұр! – деп əлде бір самал ұйытқып өткендей болды ма, көзімді
ашып, жан-жағыма қарасам, күн сəскеге көтеріліп қалыпты. Атып
тұрсам, Тəңіртау аспандап тұр екен. Жап-жақын жерден иттер шəуілдейді.
Əңгі есектер ақырады.
Ауылдың іргесінде екенмін.
Сонда «тұр-тұрлаған» кім? Əлі күнге дейін білмеймін.
Əлде Домалақ-Ана?
Əлде Күнікей-Бəйбіше?
Əйтеуір, Ана дауысы құлағымнан кетпейді.
Кім екенін айта алмаймын. Енді бір сəт үсті-басыма зер салсам,
интернат жаңа берген шалбардың балағы батпақ, кəріқыз тікен тұтасып
қалыпты. Аяқтағы туфли... өкшесі қисайып кетіпті...


Бір кем дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет