Жеңешемнің жауабы



Pdf көрінісі
бет54/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   69
Бір кем дүние

Қараөткел
Қыстай мұз құрсанып жатқан Қараөткел енді толқын атып қалыпты.
Соны көріп еске түседі.


... Мəдидің əні. Оны Қараөткелдің түрмесіне қаматқан Қақабай бай.
Қараөткел. Қажымұқан, Иман Жүсіп, Балуан Шолақ... Ғалия...
О да бір дəурен. Енді сол Қараөткелдің тұсынан екі бірдей көпір
салынған. Қазіргі байлардың небір сəндеп салдырған үйлері.
Есіл өзен. Тас атқа мінген Кенесары.
Тұғыртасының гранит қаптауын əлдекімдер бүлдірген. Кімдер?
Кімдер болуы мүмкін? Ескерткішті күндіз-түні қорғап тұратын қарауыл
жоқ. Жүз жыл, а, бəлкім, мың жыл қалай қорғап тұра аласың. Жаулары
кезінде Хан Кененің басын алып еді. Енді тас бейнесіне дейін тыныштық
бермейді.
Мəңгілік өшпенділікпен өтер бір кем дүние.
***
Араға қырық күн салып, ескерткіш түбіне қайта барып едім...
Бұл екі арада Түркібасқа барып, надан жауыздың қолынан тым ерте
қаза тапқан бейкүнə жас өркенді жерлесіп, қырқына қатысып келген бетім.
Ескерткіштің қаптал гранит тастары ала-құла болып қалыпты.
Кенесарының жаулары əлі таусыла қоймаған, тұқым қуалап келе жатқан
жауыздар екен – ескерткішті жаралап, бүлдіріп тастапты.
Мектеп бітіргендер мерекесі болар, жастар көп. Бірақ тұғыртасы
бүлінген ескерткішті ешкім елемейтін сияқты.
– Ей, əруақ сыйламайтын имансыз ұрпақ! Неге ашынбайсың?! – деп
айқайлағым келді. Мəз-мейрам болып, шала мас жүргендердің айқай-
шуынан даусым құмығып, тұншыға берді.
Қасіретті бір кем дүние.
Кенгру мен күнкөру
Жаздың бір жайдарман күнінде жолып түсіп Тараз қаласына барып,


Жамбыл қонақүйіне бұрылып едім, сыртқы есіктен астаналық əртістер
шығып келе жатыр екен.
Сірə, гастрольде жүрген болар. Арасынан таныс бейне көргендей
болдым. Батыс облыстардың бірінен келген, Президент оркестрінің айтулы
əншісі екен.
Емшектегі баласының бетін өзінің омырауына қаратып, беліне
орамалмен таңып тастапты.
– Оһо, кенгру! – дедім мен əрі сүйсініп, əрі таң қалып.
Аса қадірлі əнші:
– Жоқ, кенгру емес, күнкөру! – деді.
Кенет тосылып қалдым.
«Е-е», – дедім ішімнен.
Президент оркестрінің əртістері күнкөріс қамымен жүрсе, жағдайлары
мəз болмағаны ғой. Əдебиет, өнер адамдары қашанғы күнкөру уайымымен
өмір сүруі керек?!
Бір кем дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет