Жеңешемнің жауабы



Pdf көрінісі
бет62/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   69
Бір кем дүние

Баға қайда барасың?
– Солярканың литрі 100 теңгенің үстіне шықты, — деп келді «Нива»
айдап жүрген немерем.
– Сонда орталыққа жеткенше қанша керек?
– Ары 5 литр, бері 5 литр — 10 литр — мың теңге ғой.
– Одан да баяғыдағыдай есек мініп бармаймын ба, — деймін мен, не
көрмеген басым.
Егін пісіп тұр. Енді орақ түспесе, төгіліп қалайын деп тұр. Қалың бұлт
төніп-төніп келіп, əйтеуір, жел айдап кетеді. Комбайн жоқ, трактор жоқ,
машина жоқ. Бəрін жалдау керек.
Шаруа байғұс кəйтіп күн көрер.
Үкімет бəрі керемет деп қояды.
Обалы кімге?!
Бір Алла біледі. Жазасын береді.
Бір кем дүние.
Жел
Бір апта болды. Шақпақтың желі азынайды да тұрады.
Жауынсыз, қызғалдақсыз көктем өтті.
Егін, қорлықпен, азаппен егілген егін, мия мен кекіре, қамыс басқан
егін пісті.


Əсіресе арпа осал. Азынаған желден жығылып, масағы қиылып түсіп
жатыр.
Еңбегің еш, тұзың сор.
Азынаған жел.
Түптің түбінде бəрін де жел жеңеді.
Бəрі де Мақтымқұлының өлеңіндегідей.
Тек азынаған жел ғана қалмақ.
Бірақ бəрін Алла біледі. Дүние əлемді əдемі қалпына келтіремін десе —
бəрі де Алланың алақанында. Ашса да, жұмса да өзі біледі.
Адамда бəрі де бар болуы мүмкін. Əйтеуір, бірдеңе жетпей тұрады.
Бір кем дүние.
Қош, Сарыағаш, нəрлі су...
Қош, Сарыағаш, нəрлі су,
Дертім болса, шипа бол!
Өмір деген алысу,
Еркелетпес сипап ол.
Тұманбай.
Радио қайта-қайта қақсады:
– Сарыағаш суы сарқылып бара жатыр, — дейді.
Тұманбай ақын Сарыағашпен уақытша қоштасып еді-ау. Жыл құсындай
айналып келем деп еді ғой.
Ал мына радио сөзі... Салқын ғой. «Табиғаттың бермесін тартып
аламыз!» — деп əкіреңдеуші еді сонау Совет кезіндегі найсаптар.


Енді «жаңа байлар» — жабайы капиталистер Құдайдың күллі халыққа
арнаған несібесін бас-басына жекешелендіріп алып, нəрлі суды сүліктей
сорып жатса, нəрлі су таусылмағанда қайтеді?!
Ақырзаман боларда су тартылар,
Қарап тұрған жігітке қыз артылар, — деп еді баяғыда бір ақын. Сол
айтқаны келді ме?! Əулие екен ғой, жарықтық.
Əй, ұқсайды, ұқсайды.
Бір кем дүние.
Ұрпақ
Жаманнан жақсы туады,
адам айтса нанғысыз.
Жақсыдан жаман туады,
бір аяқ асқа алғысыз.
Халық даналығы.
Оның аты Сапарқұл еді. Енді оған «шолақ» деген анықтама қосылды.
Өйткені бұл ауылда тағы бір Сапарқұл бар болатын.
– Ой, Сапарқұл туралы газетке жазыпты, — дейді біреу.
– Қай Сапарқұл? — деп сұрады енді біреуі.
– Шолақ Сапарқұл.
О басында ол шолақ емес еді, ұлы жаһан соғысы кезінде, Ленинград
түбінде жаудың снаряды оң қолын топшысынан жұлып кетіп, содан бері
«Шолақ Сапарқұл» атанды.
Жарықтық жақсы кісі еді, мүгедекпін деп жатып алмай, аянбай жұмыс
істейтін. Колхоздың қойын бағатын. Майданда ғана емес, еңбекте де батыр
еді.


Сол Шолақ Сапарқұл бір күні маған келіп:
– Інішек, сенің орысшаң бар ғой, маған орысшалап арыз жазып бере
қойшы, — дегені ғой.
Сөйтсе, Шолақ Сапарқұл о басында І топтағы мүгедек ретінде ақша
алады екен. Соңғы кезде қайтадан комиссияға салып, сол комиссия оны ІІ
топқа түсіріп тастапты.
Содан отыра қалып, сол кездегі СССР Жоғарғы Кеңесінің бастығы
Ворошилов жолдасқа Шолақ Сапарқұл атынан арыз жазайын.
Тəңір жарылқағыр, сол хат Ворошилов жолдастың қолына тиіп, І
топтағы мүгедектігін қалпына келтірген ғой.
Бұл заманда Ворошилов жолдас та жоқ, Шолақ Сапарқұл да о дүниеде.
Шолақтың немересі бар. Құдай сорлатқанда, маскүнем. Жəне мен
тұратын үйдің іргесінде, көрші. «Алыстағы ағайыннан жақындағы көрші
артық» деуші еді. Мынау ондай болмай шықты. Өзі ылғи мас болып алып
үйінде жатады.
Тура менің жазу жазып отырған бөлмемнің тұсына əупілдетіп,
арсылдатып есектей итін байлап қояды. Ол ит көбінесе аш болады. Есі
дұрыс-ау деген келін көрінбейді. Ит аз болғандай, байлаулы есек ішегін
тарта ақырады. Жемі таусылған тауықтары қақылықтайды да жүреді.
– Шырағым-ау, мал-жаныңа қарасаңшы, мазаны алды ғой, — десем:
– Мазаңды алса, көшіп кет,— деп дүрсе қоя береді.
Көше салу оңай ма, қайда сиясың? Баспадан, шартқа отырып, азын-
аулақ тиын-тебен алып едім, кітабымды бітіре алмай қиналдым.
Бір күні таң құланиектене далаға шықсам, əупілдек төбетті жетектеп,
əңгі есекке мініп алып, ақ киімді кісі кетіп бара жатыр екен, ақ шапанының
оң қол жақ жеңі желбірейді.
– Апыр-ай, мына кісі баяғы Шолақ Сапарқұл емес пе?— деп аң-таң
қалып, қасына жақындай бергенім сол еді, əлгі ақ киімді кісі лезде ғайып


болды.
– Сенің мазаңды алмасын деп едім, — деген дауыс шықты. Жан-жағыма
қарасам, ешкім жоқ. Күн жұма еді. Үйдегілерге айтып, шелпек пісіртіп, бір
тоқтыны сойғызып, көршілерді шақырып, құдайы тамақ бергізіп, мешітке
барып əруақтарға арнап дұға оқытқызып, Шолақ Сапарқұлға деп бір рəкат
намаз оқып, көңілім жай тапқандай болдым.
Бір кем дүние.
Диоген
Баяғыда Диоген есімді атақты оқымысты, философ кісі өмір сүріпті. Бір
қызығы, ол теңіз жағасында бөшкенің ішіне кіріп алып, құйрығын күнге
қыздырып жатады екен. Сондай бір кезде оның атағына тəнті болған,
жарты əлемді жаулап алған жаһангер Александр Македонский — біздіңше
Ескендір Зұлқарнайын сол Диогенді əдейі іздеп келіп, сəлем бермекші
болыпты.
Сөйтсе, Диоген əдетінше бөшкенің ішінде құйрығын күнге қыздырып
жатыр екен. Александр Македонский өзінің Буцефал деген тұлпарының
үстінде тұрып:
– Диоген! Саған сəлем беріп тұрған Ескендір Зұлқарнайын!— депті.
Сонда Диоген бөшкенің ішінде теріс қарап жатып:
– Ескендір Зұлқарнайын болсаң кəйтейін. Күннің көзін көлеңкелемей,
былай тұршы, - деп айтты дейді.
Атағы жер жарған Ескендір Зұлқарнайын не дерін білмей, абыржып
қалса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет