Жеңешемнің жауабы


Қираған мешіт, зарлаған байғыз



Pdf көрінісі
бет58/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   69
Бір кем дүние

Қираған мешіт, зарлаған байғыз
Мен ес білмейтін сəби кезде ауылдағы тəп-тəуір мешітті белсенділер-
құдайсыздар қиратқан.
Кейінірек, ойын баласы болған кезде, қираған мешіттің үйіндісіне
барып, басқа балалармен бірге жасырынбақ ойнайтынбыз.
Сонда бір байғыз сұңқылдап, жағы талмай зарлап отырушы еді. Əсіресе
кешке қарай, одан əрі түні бойы зарлап шығады.
Оның қайғы-мұңын түсінбейтіндер: «О, өз басыңа көрінгір!» – деп
қарғаушы еді. Бекер қарғаған. Сөйтсе, оныкі заман зары екен ғой.
Мешіттің молдаларын зорлап, қорлап, азаптайды екен. Атылып кеткен
дамолланың əруағы байғыз болып келіп, жылап отырады екен да.
1937-ші зұлмат жыл келіп, естияр, ақылы бар, қасиеті бар, иманы бар,
ескіше оқуы бар пенделерді қырып ұстап əкетті, атты, айдады, тоз-тоз
қылды. Бастары шабылған құр денелер қалды. Бассыздардан залымдар
шықты.
Міне, біздің көріп өскеніміз.
Бір кем дүние.


Қаралы Қарасу
Кие қонған Əулие-Ата (Тараз) шаһарына қыбыла жақтан кіреберісте
Қарасу дейтін бір бұлақ су ағып жатады. Не көрмеген Қарасу. Кімдер кешіп
өтпеген дейсің.
Екі мың жылдық тарихы бар Тараздың күнбатыс жағында қазір жаңа
мөлтек аудандар орнап, дендропарк, аэропорт салынып, қала келбетін
өзгертіп жіберген.
Ал Қарасу өткеліне көпір салынып, бары-жоғы білінбей, елеусіз жатыр.
Тымырайған тарих. Сол тылсым тарихты сəл-пəл қопарып жіберсең, ар
жағынан қаңқа сүйектер азынап, жамырап қоя бермекші.
Жазықсыз жазаланғандар!
Жауыздарға лағнет жаудырыңдар. Жаһаннамда жатсын!
Қарасу қапасында қалғандар үндемейді. Оларды ешкім ескермейді.
Олар ұмыт болған. Ақылы келте адамдар күні кешегі опат дəуірді елең де
қылмайды.
Ал мұндай ортақ молалар бұрынғы СССР-да, оның ішінде əсіресе
Қазақстанда өте көп. Қырғыздарда да бар екен.
Осы 2008 жылдың маусымында, сексенге қараған жасында Германия
жерінде адамзаттың Айтматовы атанған жазушы Шыңғыс дүниеден өтті.
Оның денесін Бішкекке əкеліп, Қырғыз Алатауының белуарында жатқан
«халық жаулары» зиратының іргесіне жерледі.
Өйткені заманында Тұрар Рысқұловтың қолдауымен үлкен қызметте
жүрген Төреқұл Айтматов 1937 жылы «халық жауы» ретінде атылып, 170
адамның бірі болып осы таудың белуарында «ортақ» зиратта қалған.
Бергі бейбіт заманда Қырғыз үкіметі сол зиратты сəулеттендіріп,
адамдар зиярат ететін мекенге айландырған.
Енді Шыңғыс Айтматов өз əкесінің іргесінде, басқа да «халық
жауларымен» қатар жатыр.


Ондай ортақ зираттар Астананың іргесінде де, басқа қалаларда да бар.
Бірақ олар имантаразыланып, ретке келтірілген.
Ал Тараздағы азап шеккендер зиратына əзір ондай ишара көрсетілген
жоқ. Əйтпесе, дəл осы мүрделі орда Қадір, Қасымбек, Пірнə сияқты біздің
ауылға іргелес Шанышқылы ауылының да азаматтары жатыр.
Одан да бір ерекшелігі: осы Қарасу бойындағы «ортақ» орда көмілген
азапкерлер арасында атақты ақын, композитор, хас батыр Иман Жүсіп
жатыр деген болжам бар.
Ол отызыншы жылдардағы Созақ көтерілісінің басшыларының бірі
болған. Көтеріліс күшпен басылғанда, Иманжүсіп НКВД қолына түсіп,
атылып, Қарасу бойында қалған деген еміс-еміс дерек бар.
Жаратқан Құдірет имандарын берсін.
Бір кем дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет