Жеңешемнің жауабы



Pdf көрінісі
бет66/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Бір кем дүние

Бостандықтың атына мін!
«Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан
босамайды, ер құлдықтан, əйел күңдіктен шықпайды, малына да, басына да
ие болмайды!»
Бұл халді Əлихан Бөкейхан “Қыр баласы” деген бүркеншік атпен
баяғыда жазып кеткен. “Қазақ əдебиеті” газеті оны 1996 жылы көшіріп
басқан.
Сол Бостандықтың атына шындап міндік пе екен? Онда неге
Балқаштың жағасынан сонау батыстағы Азғыр, Капустин Ярға дейін
созылған полигондар əлі күнге дейін тұр? Бүйірден қадалған қанжар емес
пе?!
Бір кем дүние.
Киелі кіндік
Ертеректе қазақтар мемлекеттің орталығын, яғни астанасын кіндік қала
деп атаған. Демек, ол бас қала деген сөз.
Ал адам кіндігінің маңызы қандай?
Анасының құрсағында жатқанда бала кіндік арқылы шешесімен
жалғасып жатады. Əулие ақын Шəкəрім:
Кіндігімді кесіп қинағанда
Анамнан кеттім алыстап, – дейтіні сондықтан.
Адам организміндегі ең асыл мүше. Оны жалаңаштап жүру – əсіресе,
бойжеткен қыз балаға, болашақ анаға шексіз күнə.
… Автобус лық толы. Орындықта отырған сақал-шашы аппақ қудай


қария кісінің қарсы алдында тұрған бойжеткен… Жалаңаш кіндік…
Адамдар лықсып итергенде əлгі қарттың ауызына барып тірелді. Сонда
ақсақал əлгі қызды дəл кіндігінен түйіп кеп жіберді.
Не болды?!
– Найсап! – деді. – Бала көрмей өтесің! – деді.
Сірə, айтқаны келетін шығар.
Мұндай қасіретке ұшырайтын əлгі байғұс қана ма екен?
Көп қой! Батыстың имансыз қылығына еліктеген ессіз көбелектер!
Тозақ отына күйеді-ау…
Соны сезбейді ғой.
Қоғам қайда?
Ата-ана қайда?
Мектеп қайда?
Обал болды ғой.
Бір кем дүние.
Иман байлығы керек
Кедейді бай ету – сауап. Осы соңғы жиырма жылда талай-талай
түсініксіз нəрселер, яғни жоқтан бар болып, кедейліктен бір-ақ секіріп бай
болғандар көбейді.
Ал, бірақ байлығына сай иман көбейді ме? Өте сирек. Ілуде біреу. Олар
ертегідегі бақа сияқты. Бастарына бақ қонады. Құс патшасы бүркіттің өзі
барып оларға сəлем береді.
Сөйтсе де кедей бай болсам дейді. Бай құдай болсам дейді. Кесір-
кесапаттың түбірі осы жерде жатыр.
Бізде дəл қазір осындайлар көп. Имандылар аз.


Ал енді азды көп қылу… Біз, қазақтар, əлі азбыз. Көбейетін ретіміз бар
ма? Патша айтты, таяу жылдары жиырма миллионға жетеміз деп. Əлі сегіз
миллионбыз. Шетелдегілерді қосқанда он екі миллион сияқтымыз.
Өсіп-өнудің бал-бұлағы ауыл еді… Ауыл да ақырзаман амалын үйреніп
алды. Баланы құрсағында жатқанда құртады.
Абортқа тыйым салатын заң керек. Ол да адам өлтірумен бірдей.
Жазасын алсын!
Ертеректе бойдақ салық деген болушы еді… Қазір жоқ білем. Бірақ
бойдақтың да бойдағы бар. Əуелі себебін анықта.
Азды көп қылудың амалы: əуелі халыққа жағдай жаса. Көп жастар
үйсіз-күйсіз.
Көп балалыны барынша көтермеле. Он бала, одан да көп табатындар
бұрын көп еді. Заман өзгерді, өмір өзгерді. Халықтың басынан неше алуан
зұлматтар өтті. Көп қырғыншық, ашаршылық, геноцидтер болды.
Дəл қəзір бейбітшілік, біршама түзік заманда, дана халық болсаң
көбеюге тырыс.
Кім біледі, алдымызда əлдеқандай заман бар.
Алладан рахым тіле!
Əйтсе де Жасаған ием жақсыларға иман мен данышпандық қасиет
берсін.
Бір кем дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет