Жеңешемнің жауабы



Pdf көрінісі
бет60/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   69
Бір кем дүние

Жан алқымда
Шыжырылған шілде айы.
Қалада күн 40 градус.
Тау алқымы имантаразылау. Сонда да ыстық аптап өртеніп тұр. Арпа,
бидай пісігі əбден жеткен. Енді орақ кешіксе, төгілейін деп тұр.
Орайын десе, комбайн жоқ.
Баяғыдағы қол орақ, бел орақ дəурені өткен. Комбайн керек!
Керек, керек! Керек қайдан табылады. Шаруаның жаны мұрнының
ұшына келді. Шаруа зарыға-зарыға аспанға қарайды. Алдыңғы күні
оймақтай бұлт шыға келіп, лезде аспан асты түнеріп, жарқ-жұрқ етіп
найзағай ойнап, қойдың құмалағындай бұршақ ұрды да кетті.
Шаруаның жаны алқымға келіп тірелді. Тағы да долы бұршақ ені екі
километр қасқа жолақпен жосылып өтіп, лезде тыйылды. Соның өзінде
жолындағы арпа мен бидайдың масағын қылжитып кетті.
Мейлі ғой. Дихан байғұс оған да шүкір дейді.
«Қырықтың бірі — Қыдыр деген, қырықтың бірі — зекет деген» деп
өзін өзі жұбатады.
Ал сонда енді қанша шыдайды?


Үкімет айтты: жекеше бол деді. Мейлі. Жекеше болды. Біреудің
тракторын, біреудің соқасын, біреудің тырмасын əке-көке деп сұрап алып,
əрең-əрең егін салды.
Пісігі жетті. Енді комбайн жоқ!
Ал сол Үкімет осындайда неге қол ұшын бермеске? Қалай? Қалайы сол,
бір кездегідей МТС (машина-трактор станциясын) ұйымдастыр!
Диханның тілегін қанағаттандыр. Тиісті ақысын ал. Құда да тыныш.
Құдағи да тыныш.
Үкімет! Жеке байлардың қолжаулығы бола бермей, халықпен бірге бол!
Сонда береке табасың.
Əйтпесе, бір кем дүние.
Тікен басқан тіршілік
Бір əңгіме жазбақшы болып, терезенің алдындағы үстелге отырамын.
Терезе Тəңіртаудың Манас шыңына, Ақсай мен Көксай алқымына,
қыбыла жақ Ақсу-Жабағылы қорығына қараған.
Қарсы алдымда — көк мұнаралы мешіт. Төңірегі соқамен жыртылған.
Қопарылған топырақты ақ киімді молда кетпенмен өңдеп жүр. Бұл
молданың сыбағалы жері. Азан шақырып болып, жерді баптап жүр.
Ал осы жұрт молданың айтқанын істе, істегенін істеме дейді.
Енді егер молданың дəл мына істегенін істесе, жерден жеміс терер еді.
Олай емес, тиесілі жерлеріне егін екпейді. Шошқа тікен, шоңайына басып
кеткен.
Ортасында бір əңгі есек қасасын шығарып, жатып ішер жалқауларға,
маскүнемдерге:
– Мені есек деп қорлайсыңдар, өздерің кімсіңдер?! — деп мүлгіп тұрған
сияқты.


«Елге күлкі, есекке таң» деген сөз осыдан қалған.
Бір кем дүние.
Сүмелектер
Тəңіртаудың шыңдарынан ақ жанартау атқылағандай будақ-будақ бұлт
көтерілді.
Егер Шақпақтың тентек желі қуалап кетпесе, жақсылап бір жайсаң
жаңбыр жаумақшы. Жер-Ана имекші.
Құдай, тілекті бере гөр дейміз. Алдыңғы күні мешіттің түбінде Құдайы
тамақ берілген.
Алла қаласа, аспаннан нұр жауса, жерден алтын өніп шықпақшы.
Арақ ішіп, мас болып ұйықтап қалғандар несібесінен құр қалады.
Қураған таяқ тіксең, шынар өсіп шығатын жаннатты жерден жеміс
жемей, жатжұрттық алманы, өрікті, картопты, сəбізді базардан қымбатқа
сатып алады.
Жібекті түте алмаған жүн қылады.
Жерді күте алмаған сұм болады.
Бір кем дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет