Жеңешемнің жауабы



Pdf көрінісі
бет64/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Бір кем дүние

Он екі айдың сұлтаны
Ораза — денсаулық кепілі.
Ораза — рухтың тазалығы.
Ораза — тозақтан қорғайтын қалқан.
Ораза — тілектің қабылдануы.


Оразада — ауыз берік.
Ауру — астан, дау — қарындастан.
Ораза — аштықтың не екенін білу.
Ораза айында дау-дамайдан, ұрыс-керістен, қиянаттан, зорлықтан,
дөрекіліктен, ұрлық-қарлықтан тыйылған жөн. Əлдекім киліксе: «Аузым
ораза», — де.
Ораза тек ашығу емес.
Ораза — жақсы мінез қалыптастыру. Тəрбиелі тақуа болу.
Бір кем дүние.
Аш бала мен тоқ бала
Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды.
Ол рас. Бала күнімде, əсіресе соғыс жылдары көп ашықтым. Соның
салдары əлі күнге дейін білінеді. Ішек-қарныма гастрит дей ме, холецистит
дей ме, əйтеуір, өңшең «иттер» толып кеткен. Мұның бəрі сол соғыс
жылдағы ашқұрсақтықтың кесірі.
... Бастықтар кейде бір уыс, жарым уыс талқан береді. «Бірақ итке сүйек
тастағаның қайырымдылық емес. Өзің де аш отырып итпен сүйек
бөліскенің қайырымдылық» (Дж. Лондон).
«Қайыр берген қол бата берген ауыздан артық» (Ингерсолл).
Құдықтың басында бір ит шөлден өлейін деп жатыр. Жеңіл етек,
жезөкше əйел туфлиіне жіп байлап, құдықтан су алып беріп, итті өлімнен
алып қалады. Осы жақсылығы үшін Құдай оның барлық күнəсін кешеді.
Сонда да бір кем дүние.
Ақсұңқар қайда
Қарақұс жемін басып жейді. Ақсұңқар жемін шашып жейді.


«Ухуд тауындай алтыным болса, алдымен қарызымнан құтылар едім.
Қалғанын жанымда үш күннен артық ұстамас едім», — дейді Пайғамбар
хадистерінде . Рас па, жоқ па, бір Алла біледі.
Ал қазіргі байлар – аждаһа, түйені түгімен, кемені жүгімен жұтса да
тоймайды.
Мұнай теңізі жұтылып жатыр.
Темір мен мыс, алтын, күміс...
Төбеден төмен қарай төгілген байлық мұртты жағалай ағады, ауызға
түспейді.
Түспесе түспесін. Халық аман болсын. Ел бар болсын.
Бір кем дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет