Жеңешемнің жауабы



Pdf көрінісі
бет65/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Бір кем дүние

Ұрпақсыздар ұмытылады
Ұрпақсыздар ұмытылады. Өмір заңы солай.
Мен ес білетін кезден бері ауылда талай адам ұрпақсыз қалып ұмытыла
бастады.
Мысалы, жақын ағам Нəметқұл. Темір ұстасы еді. Зергер еді. Екінші
жаһан соғысының жауынгері. Жалғыз ұлы Байбосын ерте кетті.
Нəметқұлдан ұрпақ қалмады. Ауылдағы үйде ол соққан темір қысқаш
қалған еді. Қазір бар ма, жоқ па білмеймін.
Бегалы деген туысқанымыз тал-дарақ өсірген орманшы екен. Соғыс
жылдарында орман таусылды. Жалғасы жоқ. Аты ұмытылған. Оның
ағайыны Мəмбетəлі де сондай. Енді өзім ше? Жалғыз ұл 50 жасқа келді.
Баласы жоқ. Сонымен тұқым үзіле ме? Құдай Батырханнан тараған ұрпаққа
ғұмыр берсін! Сонда Мұртаза аты өшпейді.
Ал менен кітаптар қалар. Олар ұрпақты жалғастыра ала ма?
Бір кем дүние.


Күміс қоңыраулы еліктер
Бұл əңгімені жазу үшін алдымен Санжар Асфандияровпен сөйлесу
керек. Ал оны табу қиын. Тағдыр оны қай жұлдызға апарып
қоныстандырғанын оның өзінен басқа кім біледі? Аспан əлеміндегі рухтар
ішінде Сталиннің оғынан о дүниеге аттанғандардың санын біліп
болмайсың.
«Қай жұлдыздасың Санжар аға? Ертедегі қазақ тарихын қалай
жазғаныңды білейін деп едім. Соның ішінде менің туған жерім – Мыңбұлақ
туралы да айтыпсың».
Санжар аға тіл қатпады. Іздеп жүріп ол жазған кітапты əрең таптым.
Батыс Түрік қағанаты туралы айтылған еңбекті табу қиын. Қазір ондай
құнды кітапты қайта басып шығаратын баспа да жоқ па, білмеймін.
Əйтеуір, іздеп жүріп, сұрап жүріп, жалынып жүріп əрең оқыдым-ау…
Қасиетті, күн дидарлы Мыңбұлақ туралы, ондағы күміс қоңыраулы еліктер
туралы… Бар екен!
… Біздің осы күнгі Түлкібас деп жүргеніміз шынында Түркібас. Батыс
Түрік қағанаты кезінде Хан ордасы болған.
Сол Хан жаз жайлауын Мыңбұлақта (яғни қазіргі Жуалы) қоныстайды
екен.
Санжар Асфандияров өз кітабында ерте замандағы, жетінші ғасырдағы
Қытай саяхатшысының əңгімесін келтіреді. Саяхатшы, монах Сюан Цзин
Тараз шаһарының оңтүстік-батысында, алпыс фарсах жерде Мыңбұлақ
деген өлке жатыр. Ит мұрны батпас қалың орман. Ханның күміс қоңыраулы
еліктері жайылып жүреді екен. Оларды өлтірген адам дарға асылады екен
дейді…
Қазір сол Мыңбұлақта ол орман жоқ. Ең соңғы қалдығы өткен сұрапыл
соғыс жылдарында отқа жағылып кеткен.
Сол Мыңбұлақтағы менің жерлестерім, кім біледі, сірə, сол қара
орманды қалпына келтірер…


Кім біледі, біздікі арман, қиял ғой. Ал бəлкім, ондай есті ұрпақ табылып
та қалар.
Бір кем дүние


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет