ұсағы бар, үлкені бар. Мысалы, өрмекшінің
торына ұдайы шіркей ілінеді,
ал сона, ара сияқтылар торды үзіп шығып кете береді.
Осыдан он бір жыл бұрын, 1997 жылы, «Егемен Қазақстан» «Шерханға
хат» айдарымен Камал Смайыловтың «Өтпелі кезең өкіндірмесін» атты
мақаласын жариялады. Оған мен жауап ретінде «Жемқорлық, ұрлық-
қарлық, парқорлық, қылмыстың бір түрі бар жалақорлық»
деген хатты
жарияладым («Егемен Қазақстан», 1. 10. 1997).
Содан бері де он бір жыл өтіп барады. Өкімет жемқорлық, ұрлық-
қарлық, парақорлықпен күресті енді-енді бастап жатқан сияқты. «Қойын
алдырып, қорасын бекіткенсіп» жатқан сыңайы бар.
«Ештен кеш жақсы» деген-ау.
Бір кем дүние.
“Ов” пен “ев”
Осыдан он жеті жыл бұрын “Егемен Қазақстан”
газетінде менің
фамилиям “Мұртаза” болып жазылды, “ев” алып тасталды.
Дəл осы амалды Парламент мəжілісі енді қолға алып,
заң қабылдап
жатыр. Қара: “Айқын”, 8 қазан 2008 жыл.
Бұған да шүкір.
Əлі де “ов” пен “ев”, “ин”, “ич” дегендер маңдайларына тушьпен
жазылғандай, өмірі кетпейтін таңбалар көп. Арада ұрпақ өтер. Келер ұрпақ
тазаланар.
Баяғыда еврей халқы перғауынның құлдығына түсіп, одан əулие Мұса
пайғамбар құтқарып, құлдықта болғандар
өмірден өтіп таусылғанша,
еврейлерді қырық жыл бой шөлдің ішімен алып жүрген.
Жаңа, жас ұрпақ дүниеге келгенде Мұса пайғамбар оларды Палестина
жеріне қоныстандырып, Израиль мемлекетін құрған ғой. Бəріне
төзім мен
ақыл керек.
Бізге де таза, құлдық көрмеген ұрпақ келер.