Жеке өз іс-тәжірибиемнен сабақ жоспарларының үлгілері


тарау.Бастауыш мектептің ана тілі пәндерінде халық ертегілерін оқытудың әдістемелік негізі



бет4/15
Дата19.02.2024
өлшемі369.5 Kb.
#492438
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Халық ауыз диплом

2. тарау.Бастауыш мектептің ана тілі пәндерінде халық ертегілерін оқытудың әдістемелік негізі.
2. 1. Бастауыш мектептерде ана тілі пәні сабақтарында қазақ халық ертегілерін пайдалану.


Мектептердің даму тарихында оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі формалары пайдаланылады. Оқыту формаларының бірте-бірте өзгеруі мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттінің, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және үдемелі ғылыми техниканың өзгеруіне байланысты болады. 
Орта ғасырда сабақ бір топ оқушылармен өткізіледі. Мектептерде сабақтардың тұрақты кестесі, оқытудың дәл мерзімі болмады, оқушылар мектепке жылдың қай мезгілінде болса да қабылданды. Мұнан былай қоғамның дамуы білім беру ісіне көтеріңкі талап қойды. Сондықтан оқыту жұмысын ұйымдастырудың тиімді ғасырда Ресейдің оңтүстік батысындағы мектептердің тәжірибесінде пайда болды. Мектептерде құрамы берік, белгілі жастағы оқушыларға сынып ұйымдастырылды, оқу сабақ кестесі бойынша өткізілді, әрбір оқу сабақ деп аталды. ХVІІ ғ. Я.А. Коменский сол облыстардағы мектептердің тәжірибесін жинақтап өзінің “Великая дидактика” кітабында сынып – сабақ жүйесін дәлелдеді, оның кезеңдерін түсіндірді, оқу материалдарын баяндау, жеке және барлық оқушылардың жұмысын бақылау, оқушылардан оқу материалын сұрау. Сабақта әр түрлі дидактикалық принциптер (оқытудың көрнекілік, жүйелілік, тиянақтылық принциптері) пайдаланылды. Оқу сабақ формасында сынып оқушылардың белгілі құрамымен кесте бойынша жүргізіледі.Бұл жүйе оқытудың сынып – сабақ формасы деп аталады. Я.А. Коменский сынып –сабақ жүйесінде үш жүзге дейін оқушыларды оқытудың мүмкіншілігі туралы пікір айтты. Бұл жерде сыныпты әрбір он балаға бөлінеді, оқуды әрбір топпен жақсы оқитын оқушы жүргізеді. Сонымен, сын көзімен қарамаушылықтың нәтижесінде оқытудың әр түрлі формалары шетел педагогикасынан ауысып, мектептерде қолдануы, біріншіден, мұғалім ролінің төмендеуіне, екіншіден, оқушылардың ғылыми негіздерінен терең білім алуына зиянды әсер етті. Шетел мектептерінен ауысып келген оқытуды ұйымдастырудың көптеген формалары қатты сынға алынды. 1930 жылдан бастап мектептерде оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ болды. Сабақты мақсатқа бағытталған мұғалім мен оқушылардың ұжымдық шығармашылық еңбегі деп қарастыру керек. Сабақта оқыту мен тәрбиенің мақсаттары, міндеттері, жүзеге асырылады, оқушылардың ой-өрісі кеңиді, қабілеті дамиды, көзқарасы, адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Сабақтың шын мақсаты – тұлғаны оның қабілеті мен дарындылығына сүйеніп дамыту. Әрбір сабақ логикалық, психологиялық және ұйымдастыру бірлігі болуы тиіс. 
Логикалық бірлік – бұл сабақ бөліктерінің, яғни құрылым элементтернің аралығындағы ішкі өзара байланыс заңдылығы. Мысалы, қайталау-қорытындылау сабағының бөліктері: қорытынды әңгіме немесе шолу лекциясы, жаппай сұрақ, кейбір сұрауларды анықтау; мұғалімнің сабақты қорытындылауы. Мұндай сабақта, біріншіден, игерілген білім еске түсіріледі және жүйеге келтіріледі, екіншіден, білімділігі, іскерліктегі, дағдыдағы кемістіктер толықтырылады, үшіншіден, оқылатын материалдардың маңызды идеялары толық ашылады, төртіншіден, жаңа мен ескі салыстырылады, жаңа мысалдар ойластырылады, жаңа міндеттер шешіледі. 
Психологиялық бірлік - оқушылардың танымдық іс-әрекетіндегі белсенділігі, жинақтылығы. Танымдық іс-әрекеті түйсік, қабылдау, ойлау, зейін сияқты психикалық процеспен байланысты. Психологиялық бірлік бұл іс-әрекетінің мотивтерін жасау. Мысалы, тікелей талаптандыру, перспективті талаптандыру және ойдың талаптандыру мотивтері туралы жоғарыда айтылған болатын. Сабақтың психологиялық бірлігі оқушылардың дербес ерекшеліктерін (темперамент, мінез, қабілет, ынта т.б.) есепке алуды талап етеді, бұл жеке адамның дербес – типологиялық ерекшеліктері. 
Ұйымдастыру бірлігі – бұл сабақта алдын – ала жабдықтарды және оларды рет-ретімен пайдалануды, бүкіл сабақ бойында оқушыларды белсенді тиімді жұмысқа ұйымдастыру.
Сабақта талаптарға сәйкес өткізу үшін кейбір ғалымдар, жаңашыл мұғалімдер М.Н. Скаткин, М.И. Махмутов, В.Ф. Шаталов, Е.Н. Ильин т.б. белгілі жағдайлар керек дейді.
Біріншіден, әлеуметтік - педагогикалық жағдай, бұл мұғалімнің шығармашылық жұмысы, білімнің белгілі көлемі мен сапасының шындығы, ынтымақтастық, яғни мұғалім мен оқушылардың бірлескен шығармашылық еңбегі, лабораториялар мен кабинеттердің қазіргі заманға лайық жабдықталуы.
Екіншіден, дидактикалық жағдай – бұл оқыту процесінің принциптерінің және әдістерінің заңдылықтарын сақтау және тиімді етіп пайдалануды қамтамасыз ету, сонымен бірге жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін терең зерттеу, пайдалана білу, өйткені, олар оқыту әдісіне бірсыпыра жаңалықтар енгізеді.
Сабақтың міндеттері білім, даму және тәрбие мақсаттарымен анықталады. Осы тұрғыдан сабаққа қойылатын кейбір талаптарды қарастырайық. 
1. Сабақтың дидактикалық мақсатының айқындығы. Әрбір сабақта оқыту және тәрбие мақсаты дәл қойылуы тиіс. Оқыту мақсаты дегеніміз – жаңа білімді меңгеру, іскерліктің, дағдының қалыптасуы, тәрбие мақсаты – жеке адамгершілік қасиеттері қалыптастыру. Бұл мақсаттар оқыту және тәрбие процесі функцияларының іске асырылуына байланысты.
2. Оқу материалдарының көлемін анықтау. Сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкес, яғни балалардың білім деңгейін, жас және дербес ерекшелігін еске алып, сабақтың әрбір құрылым бөлігіне оқу материалын таңдап алу.
3. Оқыту мен тәрбиенің бірлігі. Оқыта отырып, тәрбиелеудің мәні – тұлғаның өмірге, білімге қатынасын, қабілетін, адамгершілік қасиетін қалыптастыру. Білім беру мен оқушылардың іздену іс-әрекеттің нәтижесіне байланысты. 
4. Оқытудың ұтымды әдістерін таңдап алудың сабақ типтеріне, сабақтың әрбір кезеңіндегі оқу материалының мазмұнына сәйкестігі.
1. Сөз бен көрнекілікті үйлестіру, қазіргі техникалық құралдарды, әсіресе, ЭВМ, компьютерлерді, бағдарламалап оқыту машиналарын қолдану. Осылардың бәрі оқу еңбегінің өнімділігін арттырады, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, оқыту процесін басқаруды жеңілдетеді. 
1. Оқушылардың білімді тереңдеуін, сонымен бірге сабақта олардың зейінін, есін, байқағыштығын, әуестілігін, елігушілігін үнемі бақылап есепке алу.
2. Сабақты ұйымдастыруды ширақ, дер кезінде бастап, сабақ уақытын тиімді, нәтижелі пайдалану.
Сонымен, негізгі талаптарды кешенді түрде жүзеге асыру – оқыту процесін жақсы өткізудің, сабақтың сапасын арттырудың қажетті шарттарының бірі. 
Осы талаптардың негізінде қарастырсақ. Сабақ – бұл бір-бірімен өзара байланысқан тұтас жүйе, мақсат, оқу материалын ашу деңгейі, қолданылатын әдістер, сабақтың құрылымы, оқытудың нәтижелері т.б..
Сабақ құрылымындағы басты элементтердің бірі – жалпы дидактикалық мақсат. Оны үшке бөлуге болады.
А) білім (білім, іскерлік, дағды) жүйесін қалыптастыру;
Ә) даму – оқушылардың өз бетімен танымын ынталандыру, олардың дидактикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін дамыту;
Б) тәрбие – ғылыми дүние танымын, құнды құлықтық қасиеттерін, өмірге орайлық көзқарасын қалыптастыру.
Сонымен сабақ оқушыларды, білім жүйесімен қаруландырып қоймайды, ол тәрбиелеуші міндеттерінде атқарады.
Сабақты ғылыми - әдістемелік деңгейде өткізу үшін мұғалім өзінің жұмысын жоспарлауы тиіс. Оқыту жұмысы тақырыптық және сабақ жоспары бойынша жүргізіледі. Тақырыптық жоспар оқу бағдарламасы, оқулық, оқу құралдары негізінде жарты немесе толық оқу жылына жасалады. Сабақ жоспары – бұл әр сабаққа жасалады, ол оқу жұмысын жоспарлаудың негізгі формасы. 
Жасалған сабақ жоспары бойынша мұғалім: 
А) сабақ тақырыбы бойынша оқулықты, оқу құралын және түрлі қосымша әдебиеттерді пайдаланып, өзінің білімін тексереді;
Ә) алдын-ала есептер шығарады, жаттығуларды дайындап, тәжірибелерді істейді.
Сабақты егжей – тегжейіне жете қарап өткізуді дұрыс ойластыру, оның мақсатының табысты болуының кепілі. Сабақты жоспарлау негізінде өткен сабақтардың нәтижелерін, есепке алып, мұғалім әрбір сабаққа дайындалады. Ең алдымен сабақ тақырыбын және оның міндеттерін анықтайды. Сабаққа дайындалудың басты компоненттерінің бірі – оқу материалын таңдап алу. Бұл жерде сабақтың идеялық – теориялық бағыты анықталады, сабақта негізгі идеялар, ұғымдар заңдылықтар, тарихи және политехникалық мәліметтер айтылады. Мұғалім сыныпта оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруды ойластырады, оқытуды ұйымдастырудың формалары мен функцияларын пайдаланады.
Сабақта оқыту әдістерін тақырыптың мазмұнына, оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес таңдап алу, сол сияқты көрнекі және техникалық құралдарды күні бұрын дайындау сабақ мақсатының жемісті болуын негізгі шарттарының бірі.
Келесі сабаққа дайындалу үшін бүгінгі өткен сабақты талдау қажет. Талдауды қандай мәселелерді еске алған жөн:

  • тақырып мазмұнын оқушылар қалай игереді;

  • сабақта қолданылған оқыту әдістерінің тиімділігі;

  • сабақтың дидактикалық және тәрбиелік міндеттері қалай шешіледі;

  • сабақтың жақсы жақтары мен кемшіліктері;

  • сабақ процесінде болған кемшіліктерді келесі сабақтарда болдырмау жолдары.

Сабақты осындай тәсілдерді пайдаланып өткізу мұғалімнің ғылыми - әдістемелік, зор педагогикалық шеберлігін сипаттайды. Ал, педагогикалық шеберлік дегеніміз – оқыту мен тәрбие жұмысын жүргізудің ерекше өнері. Педагогтың шеберлікті қалыптастырудың бірінші жолдарын атауға болады.
Ең алдымен мұғалім ғылыми философиялық ілімді табандылықпен оқып үйренуге тиіс. Өйткені мектептегі оқу және тәрбие жұмысының жемісті, әрі нәтижелі болуы мұғалімнің жалпы сауаттылығы мен идеялық ұстамдылығына байланысты. Қазіргі кездегі сабақты жетілдіру жұмыстарының ішіндегі негізгі мәселелердің бірі – оның түрлері мен құрылымы.
Мектеп тәжірибесінде бір типті сабақтар болмайды. Сондықтан, оқыту жұмысын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу үшін, оны топтастырудың мәні орасан зор. Сол себептен әрбір мұғалімнің сабақ классификациясын ойдағыдай білуі шарт.
Сабақ классификациясы (жіктелуі) – сабақтары құрылысы жөнінен топтастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Бұл мәселе турасында педагогикалық ғылыми еңбектерде ортақ пікірлер әлі де қалыптаспаған. Қоғам дамыған сайын оқу жүйесінің қайта құрылатындығы және соған орай оқытудың мазмұны, әдіс-тәсілдерінің де өзгеріп, жаңарып отыруы сөзсіз.
Сабақтың типологиясы әрі қиын әрі күрделі мәселе. Бұл жөнінде көптеген авторлардың еңбектері жарық көрді. Олардың қатарына С.В. Ивановтың “Типы” структура урока”, 1952, Н.В. Казанцовтың “Урок в Советской школе”, 1956, М.А. Данилов пен Б.П. Есиповтың “Дидактика”, 1957. Педагогика курс ликций жатады. 
Сабақтың типологиясы мен құрылымы туралы педагогикалық баспасөз беттерінде бірнеше талас пікірлер айтылып келеді. Бірақ, бірыңғай жалпы танылған сабақ типологиясы әлі жасалған жоқ.
Дидактикалық тұрғыдан қарастырсақ, оның себептері: а) оқыту процестері өте күрделі диалектикалық процесс, онда сабақтың ұйымдастыру формасы, оқыту әдістері мен тәсілдерін жаңа түрлері пайда болды; ә) мектептің әр түрлі даму кезеңдерінде оқытудың мақсаты мен мазмұны өзгереді; б) сабақты жіктеу принциптерін анықтауда әрбір автордың көзқарасы әр түрлі болады.
И.Н. Казанцев сабақтары жіктеу үшін принципті басшылыққа алады.
а) Мазмұны бойынша – математика сабақтары алгебра, геометрия т.б. сабақтарға бөлінеді. ә) дидактикалық мақсат бойынша - әрбір сабақта шешілетін нақты міндеттерге түсіну; б) сабақты өткізу тәсілі бойынша – бұл лекция, әңгіме, кино және практикалық сабақтар.
Көптеген дидактар сабақтарды жіктеудің негізгі принциптерінің түсіндіруде дидактикалық міндеттерге сүйенеді. Осы тұрғыдан И.Н. Болдыров, Г.И. Щукина, В.А. Онищук т.б. жасаған сабақтар жіктеуі мектептерде жиі қолданылады. Ол негізгі дидактикалық міндеттер бойынша жасалған. Бұл жіктеуге сабақтардың әр түрлі типтері кіреді.

  • Оқушылардың жаңа білімді игеру сабақтары;

  • Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру және жетілдіру сабақтары;

  • Аралас сабақтар – мұнда бірнеше дидактикалық міндеттер шешіледі.

Сабақ құрылымы – сабақ тұтастығын қамтамасыз ететін, оның
элементтерінің жиынтығы. Әрбір сабақтың құрылымы оның мақсатына, оқылатын матералдың мазмұнына тәуелді болады. Әр түрлі сабақтар құрылымының ұқсас болуы мүмкін емес. Сондықтан сабақты әрдайым белгіленген үлгімен жоспарлауға болмайды. Мұны төмендегі сабақ типтерінен байқауға болады. Әдетте, мұғалім аралас сабақ типін мына үлгі бойынша жоспарлайды.  а) ұйымдастыру кезеңі; ә) үйге берілген тапсырманы сұрау; б) жаңа материалды мұғалімнің баяндауы; в) жаңа материалды бекіту; г) үйге тапсырма беру. Сабақтың бұл типін ғалымдар және мұғалімдер кезінде сынаған болатын. Қазіргі кезде аралас сабақ мектептерде әр түрлі вариантта шығармашылықпен пайдаланылады. Оқушылардың жаңа білімді игеру сабағының құрылымы; жаңа материалды баяндау, алғашқы бекіту, үй тапсырмасы. Мұндай сабақты әр түрлі вариантта өткізуде болады. 

  1. мұғалім барлық оқу материалын баяндайды, оны оқушылар сыныпта ұғады және бекітеді. 

  2. мұғалім тек қана кейбір басты мәселелерді баяндайды, ал оқушылар барлық оқу материалын өз бетімен игеріп қабылдайды.

  3. жаңа материалды оқып білу үшін мұғалім оқушылардың өз бетімен орындауын ұйымдастырады және бағыт береді. 

Қазіргі кезде сабақ құрылымы мынадай элементтерге де бөлінеді: 
а) танымдық міндеттерді қою (не оқылуы керек);
ә) мотивизация (нені оқу және білу керек);
б) тәсілдерді және құралдарды қолдану.
Сабақтың мұндай жүйесі оны вариативті құруға мүмкіндік береді, балалар алдына оқу міндеттерін қояды, оларды проблеманың ситуация мен таныстырады, жауап іздеуге кірістіреді.
Сабақтың құрылымы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің сыртқы жағы ғана емес, оның ішкі процесінің мәнін де бейнелейді.
Қазіргі кезде сабақтың 20-дан астам типтері бар. Бірақ, олар бірыңғай жүйеге келтірілмейді. Бірсыпыра зерттеушілердің айтуы бойынша жіктеу негізінде сабақтың ұйымдастыру мақсатын қою, ал, типтерін, оқыту әдістерін іске асыру формалары негізінде түрлерге бөлу. Мысалы, әңгіме сабағы, өз бетінше жұмыс істеу сабағы Осыған сәйкес сабақтарды былай бөлуге болады: 
1. жаңа сабақ беру сабағы (лекция сабағы, әңгіме сабағы)
2. білімді, іскерлікті және дағдыны жетілдіру сабақтары (семинар, өз бетінше жұмыс сабағы т.б.)
3. жинақтау және жүйелеу сабақтары (әңгіме сабағы, семинар сабағы т.б.)
4.аралас сабақ барлық типтер функциясын орындайды. Бұл сабақта танымдық іс-әрекеттің барлық кезеңдері жүзеге асырылады.
5. бақылау сабағы (барлық бақылау, сұрау-қайталау, сынау).
Соңғы жылдары, әсіресе, 1990 жылдан бастап қазақ мектептерінде көптеген сабақтың жаңа түрлерін тәжірибелі мұғалімдер қолданып келеді. Қазіргі сабақ түрлері сан алуан. Олар интегралдық және ойын сабақтары, конференция және лекция сабақтары, сайыс және семинар сабақтары, лабароториялық зерттеу сабағы, жарнама сабағы т.б.
Әрине, әр түрлі сабақты ғылыми - әдістемелік негізінде қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін, мәдениеті мен тарихын және шаруашылық салаларын еске алып, тиімді өткізудің танымдық және тәрбиелік маңызы өте зор.
Тәжірибешіл мұғалімдердің осы талаптарға сай әр түрлі сабақ түрлерін өткізудегі жаңалықтарын іс-тәжірибесін байқауға болады. Өйткені, олардың оқыту жұмысының нәтижесі, асқан педагогикалық шеберлігі көзге түсіп бүкіл мұғалім жұртшылығына болымды әсер етуде.
Тәжірибелі ұстаздардың сабақ беру әдістері көптеген баспа беттерінде, әсіресе, “Бастауыш мектеп” журналында жазылып жүр. Солардың ішінде кейбір шебер мұғалімдердің дәстүрлі емес сабақ түрлерін жоғары ғылыми әдістемелік деңгейде өткізетіндігін көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет