Желдибаева райгуль сериковна



Pdf көрінісі
бет36/70
Дата10.03.2024
өлшемі6.17 Mb.
#494855
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   70
29.05.2023 dis

3. Толеранттылық құзырет блогының өзін-өзі дамыту көрсеткішінің 
диагностикасы 
Өзін-өзі дамыту дағдысын бағалау үшін қазақ тіліне аударылған «Lifelong 
learning Competence scale» сауалнамасынан (Uzunboylu & Hürsen, 2011) 
білімгерлерді «Competencies of learning how to learn» шкаласы бойынша 
тестілеу қолданылды. Шкалада бес балдық лайкерт шкаласы бойынша 
бағаланатын 12 мәлімдеме бар. Негізгі компоненттерді таңдауды қолдана 
отырып, эксплуатациялық факторлық талдау нәтижесінде сауалнама үшін 
факторлардың оңтайлы саны 1 екендігі анықталды. Промакс-ротация әдісі бір 
факторлы құрылым жалпы дисперсияның 31,27%-ын құрайтынын анықтады. 
Растау факторлық талдау арқылы сауалнаманың бір факторлы құрылымы 
расталды: барлық тармақтар факторға қолайлы жүктемелермен сипатталды 
(0,299-0,479), модельдің жарамдылық индексі ұсынылғанға сәйкес келді 

2
(54)=47,145 (P=0,734); RMSEA=0,0 (0,0-0,051); CFI=1,0; TLI= ,038; 
SRMR=0,054), 
бұл 
жиынтықтағы 
мәндердің 
құрылымдық 
тұрғыдан 
дұрыстығын және теориялық бір факторлы модельдің эмпирикалық 
мәліметтерге сәйкестігін көрсетеді. Αл жалпы коэффициенті (0,841 (0,787-
0,885)), 
жартылай бөліну коэффициенті (0,832 (0,744-0,889)) және 
корреляцияланған пункттердің орташа көрсеткіші (0,31) сауалнаманың ішкі 
сәйкестігін көрсетеді. Эксперименттік әсер басталғанға дейін жүргізілген 
сауалнама нәтижелері 19-кестеде келтірілген. Сауалнаманың мазмұны 
қосымшада көрсетілген. 
Кесте 19 – «Lifelong learning Competence scale» өзін-өзі дамыту көрсеткішінің 
деңгейінің диагностикасы
Пункттер 
µ (σ) 
бақылау тобы
(n = 45) 
эксперименттік 
топ (n = 45) 



Мансаптық дамуға қолжетімді мүмкіндіктерді анықтай алу 
1,44 (0,59) 
1,36 (0,71) 
Мансап немесе білім алу саласына қатысты барлық оқу іс-
шараларының бағдарламаларын орындау 
1,38 (0,58) 
1,40 (0,69) 
Оқу үрдісінде еш кідірместен сұрақ қою қабілеті 
1,49 (0,73) 
1,42 (0,66) 
Өз кәсіби саласында кез келген мәселе бойынша 
қызығушылық таныта білу 
1,42 (0,66) 
1,38 (0,72) 


104 
19-кестенің жалғасы 



Қызықтыратын пән бойынша білім алу кезінде 
тұжырымдамалық карталарды қалыптастыру мүмкіндігі 
3,38 (0,58) 
4,42 (0,72) 
Зерттелетін пән бойынша маңызды тұстарды таңдау 
мүмкіндігі 
3,40 (0,62) 
3,38 (0,61) 
Мансаптық өсуге ықпал ететін құжаттарды таңдау 
мүмкіндігі 
1,31 (0,89) 
3,38 (0,65) 
Оқуды жеңілдететін материалдарды таңдау мүмкіндігі 
1,40 (0,58) 
4,47 (0,73) 
Оқу үрдісінде жаңа ақпаратқа зейін салу мүмкіндігі 
4,49 (0,63) 
1,40 (0,62) 
Оқу үрдісінде туындайтын қиындықтарды түсіну қабілеті 
1,36 (0,74) 
1,40 (0,78) 
Оқу үрдісінде тілді тиімді пайдалану мүмкіндігі 
1,33 (0,56) 
1,40 (0,69) 
Оқу үрдісінде эмпатияны қалыптастыру қабілеті 
1,29 (0,63) 
1,33 (0,64) 
Ескерту – Анықтаушы эксперимент 
Әр 
респонденттің 
сауалнамасының 
нәтижелері 
үшін 
орташа 
арифметикалық мән есептелді: төмен (1-2 балл), орташа (3 балл) және жоғары 
(4-5 балл). Сауалнаманың мазмұны қосымшада көрсетілген (Қосымша Д). 
Сауалнама нәтижелеріндегі топтар арасындағы айырмашылықтар 13-
суретте көрсетілген. 
Сурет 13 – Экспериментке дейінгі өзін-өзі дамыту көрсеткіші шкаласы 
бойынша мәндер 
Қисық аймақ сандық деректердің таралу тығыздығын көрсетеді. Қара 
жолақ орташа мәнді (орталық маркер) және стандартты ауытқуды (бүйірлік 
маркерлер) білдіреді. Тікбұрышты жақшаның үстінде P мәні (екі үлгілі t-
сынағы) берілген. 
Диагностикалық жұмыс бойынша алынған нәтижелердің деңгейі 
бойынша жіктелуі төмендегі 20-кестеде көрсетілген. 


105 
Кесте 20 – Өзін-өзі дамыту көрсеткіші бойынша диагностика нәтижелері
Фактор 
Топ 
Деңгей 
төмен 
орта 
жоғары 
Өзін-өзі дамыту 
Бақылау тобы 
Сандық/пайыздық 
32/74% 
6/13% 
6/13% 
Эксперименттік топ 
Сандық/пайыздық 
31/68% 
9/20% 
5/12% 
Білімгерлердің өзін-өзі дамыту көрсеткіші деңгейін анықтауға 
бағытталған сауалнама нәтижелерін талдай отырып, біз, диагностика 
нәтижелері бойынша БТ мен ЭТ өзін-өзі дамыту компоненті бойынша үлкен 
айырмашылықтар 
айқындалмағанын 
байқаймыз. 
Осылайша, 
орташа 
арифметикалық мәнге сәйкес, БТ бойынша төмен деңгейді 32 респондент 
көрсетті, ал ол барлық қатысқан 45 респонденттің 71%-ын құрайды, ЭТ 
бойынша бұл сәйкесінше – 31 респондентті құрайды (69%). Бұл дегеніміз өзін-
өзі дамыту дағдысының 2 топта да төмен деңгейін айқын көрсетеді. 
Анықтаушы эксперимент нәтижелері бойынша дағды өзін-өзі дамыту 
тұрғысынан орта деңгейді көрсеткен жалпы білімгерлер саны бар жоғы – 15, 
оның 6 (13%) – БТ-ға, ал 9 (20%) – ЭТ-ға тиесілі. Сауалнама нәтижелеріне 
сәйкес, өзін-өзі дамыту дағдысы бойынша жоғары деңгейді көрсеткен 
респонденттердің пайызы БТ тек – 13%, ЭТ – 12% құрайды, екі топтан өзін-өзі 
дамыту компоненті жоғары деңгейін көрсеткен жалпы респонденттер саны тек 
− 13 білімгерді құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет