Желдибаева райгуль сериковна



Pdf көрінісі
бет44/70
Дата10.03.2024
өлшемі6.17 Mb.
#494855
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   70
29.05.2023 dis

Тақырып 15. Болашақ педагог-психологты кәсіби бағытталғын шет 
тілінде оқытудың маңызы (Лекция – 2 сағат)
Лекция барысында кәсіби бағытталған шет тілін оқытудың мақсаттары 
мен міндеттері құзыреттілік тұрғысынан негізделеді, шет тіліндегі, кәсіби 
бағытталған коммуникативтік құзіреттіліктің қалыптасуын бағалаудың мүмкін 
әдістері талданады. 
Практикалық сабақ болашақ педагог-психологтардың белгілі бір 
жағдайларда тілдік тәжірибені қолдану қабілетін қалыптастыруға және 
дамытуға бағытталған жаттығулар кешенінен құралған. 
Қалыптастырушы эксперименттің біліктілік сатысында жаһандану 
жағдайында 
болашақ 
педагог-психологтардың 
кәсіби 
құзыреттілігін 
дамытудың 
үшінші 
психологиялық-педагогикалық 
шарты 
(дамытуды 
практикалық қамтамасыздандыру) жүзеге асырылады. Аталған психологиялық-
педагогикалық шартты жүзеге асыру үшін біз «Жаһандану жағдайында 


125 
болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту» тренингтік 
бағдарламасын ұсынамыз.
Тренинг мамандарды даярлаудың инновациялық технологияларының бірі 
болып табылады, ол білім мен дағдыны берумен шектелмейді, зерттелген 
мәселемен тікелей байланыс орнатуға, адамдардың топтық өзара әрекеттесуінде 
модельделген өмірлік және кәсіби тәжірибені игеру және түсіну арқылы білім 
алуға мүмкіндік береді. Мұндай модельдеу оқытудың әртүрлі инновациялық 
формалары мен әдістерінің көмегімен жүзеге асырылады – шағын дәрістер, 
жобалық оқыту, топтық пікірталастар, жағдайларды талдау, іскерлік және 
рөлдік ойындар, қажетті дағдыларды дамытуға арналған жаттығулар. Олардың 
үйлесімі жаттығу материалдарының дәстүрлі сабақтарға қарағанда әлдеқайда 
тиімді игерілуіне ықпал етеді. Біз ұсынған тренингтің негізгі мақсаты − 
жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін 
дамытуды практикалық тұрғыдан қамтамасыздандыру.
Тренинг бағдарламасына кіріспес бұрын, кейбір ұйымдастырушылық, 
мазмұнды мәселелерге тоқталу қажет деп есептейміз. 
Тренингтік 
бағдарламаның 
ұйымдастырушылық 
аспектілері. 
Қатысушылар саны – 10-12 адам. 10-12 адамнан тұратын топ оңтайлы, себебі ол 
әртүрлі көзқарастарды ұсынуға мүмкіндік береді және жаттығулар мен 
ойындарды орындау үшін жұп құруғаыңғайлы. Бір сабақтың ұзақтығы – 
аптасына 1-1,5 сағат, топтық жұмыстың ұзақтығы – 7 сабақ. Сабақтарды 
өткізуге арналған аудитория жеткілікті кең, оқшауланған болуы керек, сонда сіз 
ашық ойындар мен жаттығулар жасай аласыз. Сабақтар шеңберде өтеді. 
Орындықтар ыңғайлы, бір-бірімен бекітілмеген болуы керек және олардың 
саны қатысушылардың санына тең. Аудиторияда плакаттарды орналастыруға 
арналған тақта немесе стенд, үстелдер (интерактивтік тақта) болуы тиіс. 
Қатысушыларға алдын-ала дайындалған үлестірме қажет. Сізге тапсырманың 
белгілі бір түрінің басталуы мен аяқталуы туралы сигнал беруге көмектесетін 
қоңырау, доп,смартфон немесе ноутбук, сурет салуға арналған керек-
жарақтары, жазу қағазы және қолжетімді wi-fi желісі болуы керек. Жұмысты 
бастамас бұрын қатысушылармен келесі сұрақтарды талқылау қажет: 
«Тренингтен не күтесіз?», «Сіз тренинг тобында оқығыңыз келе ме?», «Сізде 
жұмыстың бағытына, біз талқылайтын мәселелерге қатысты қандай да бір 
тілектеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма?». Топты құру кезінде қатысушылардың 
кәсіби мүдделерін ескеру қажет. Шағын дәрістердің, ойындар мен 
жаттығулардың материалдарын қатысушылардың мүдделерін және олардың 
болашақ кәсіби қызметінің ерекшелігін ескере отырып таңдау қажет. Бұл әр 
қатысушының қызығушылығын арттырады және оған болашақ практикалық 
қызметіне қатысты бірқатар мәселелерді шешуге көмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет