68
кальций сульфатын қосады. Шырынды ашытқының таза нәсілі Херес 20-С
немесе Херес 96-К құрғақ түрін де ашытады. Алынған ашық түсті шарап
материалдарының негізінде асханалық Херес және күшті Херестің кейбір
маркаларын алу үшін пайдаланады.
Херестеу – деп хересті ашытқысының қатарының («пленкасының»)
астында шарап түзілу процесін атайды. «Пленканың» өсуі оптималды темпе-
ратурада 16-18ºС басталады, алдымен кішкене «аралдар» түзіледі. Олар бірте
– бірте өсе келе бірігіп, бір жалпы әжімді қызғылт түсті пленка түзеді. Уақыт
өткен сайын «пленканың» түсі тұнық – сұр түске дейін өзгереді және бірте –
бірте ыдыстың түбіне түсе бастайды. Спирттілігі тұрақты херестің ашыт-
қылары Херес 96 К, Херес 20 С және басқалары 16-17% шараптарды 3
тәулікте жалпы дабық түзеді. Шарапты херестеген кезде биохимиялық
процесс нәтижесінде этанол мен ұшқыш заттар органикалық қышқылдарға
және шараптың компоненттеріне, басқа экстрактивті заттарға айналады.
Хересті «пленка» астындағы шараптың жетілуіндегі негізгі процестер – ол
тотығу-тотықсыздану және автолитикалық процестер.
Херестеу кезіндегі ең маңызды процесс этил спиртінің ацетальдегидке
тотығу процесі болып табылады. Дайын хересте альдегидтер мен ацетальдер
қатынасы 1:1 болу керек. Хересті купаждау – дайын шарапты сатар алдын-
дағы өндірудің соңғы процесі. Себебі «пленка» астынан шарап материал-
дарын таза күйінде шығармайды. Белгілі бір әдіспен алынған хересті
шараптарды шығарар алдында купаждайды және арнайы өңдеуден өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: