және жануарлар дүниесін зерттейтін зооллогия (zoon — жануар). Зоология озі кезегінде бip



бет75/91
Дата30.11.2022
өлшемі3.9 Mb.
#466156
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   91
МОРФ КИТАПП

Сиыр қынабы несеп-жыныс кіреберісінен екі есе үзын, оның күмбезі тек шүмектің дорсальды жағынан ғана байқалады. Үсақ мал- дирдың қынабы қүрылысы жағынан сиыр қынабына үқсас болып ке- ЛРДІ.
Шошца қынабының пішіні жіңішке түтік тәрізді, күмбезі болмай-
ды.
Ит қынабмнаң үзындығы несеп-жыныс кіреберісіне қарағанда V пин болады. Күмбезі айқын байқалады.
Қынап кіреберісі (мочеполовое преддверие) — ѵезІіЬиІит ѵа£іпае — деп несепшығар өзектің сыртқы тесігі ашылғаннан кейінгі ► ынаптың жалғасын айтады. Каудальды бағытта ол сыртқы жыны- ( і ық мүшесі — вульвамен аяқталады.
Қынап кіреберісінің қабырғасы да қынап қабырғасы сияқты үш к;ібаттан түзілген. Оның кепқабатты жалпақ эпителиймен астар- мнган кілегейлі қабығының вентральды бетінде лимфа түйіндері мен игнтральды кіреберістік немесе кіші бездер — §1апс1и1а ѵезиЬиІагі» ѵепігаііз, 8. тіпогез — орналасады. Оның етті қабығындағы біріңғай і алалы ет қабатын сыртынан көлденең жолақты ет тканінен түзілген кіреберістік қьісқыш булшықет — т. сопзігісіог ѵезШшІі — сақина тәрізді қоршап жатады.
Ерекшеліктері. Биенің қынап кіреберісінде вентральды бездермен қатар, латеральды (үлкен) кіреберістік бездер — еіапйиіа ѵезІіЬиІагіз ІлІсга1і8, 8. таіогез — болады. Кілегейлі қабықтың астында үңгірқуысты денеден түратын жүп кіреберістік бадана — ЬиІЬив (аѵсгпозиз ѵезІіЬиІі — орналасады.
Сиырда латеральды кіреберістік бездер жақсы жетілген. Оның озектерінің ірі тесіктері кілегейлі қабық қатпарларының арасына ашылады.
Шошқаның қынап кіреберісінің бүйір қабырғасында үңгірқуысты дененің жиынтығы байқалады. Уретра тесігінен кейін кілегейлі қабық скі жүп қатпар түзеді. Вентральды кіреберістік бездердің өзектері үзынша қатпарлардың арасына ашылады.
Иттіқ қынап кіреберісінің кілегейлі қабығының астында үңгірқуысты денеден түзілген жүп баданасы болады. Олар қанға толған кезде үлкейіп кіреберіс қуысын тарылтады.
Сыртқы жыныс мүшелеріне (наружные половые органы) — рисіепйит Іетіпіпит — немесе вульваға жыныс ернеулері, жыныс саңылауы және клитор (тілақ) жатады.
Жыныс ернеулері — ІаЬіа рисіепсіі — жоғарғы және төменгі жағьшан дорсальды және вентральды бітіктер — соттіззига ІаЬіогит (Іогваіе еі ѵепігаіе — арқылы жалғасады. Оның негізін бірыңғай сала- лы және көлденең жолақты бүлшықет талшықтарынан түратың жы- ныс саңылауының қысқыш бүлшықеті — т. сопзігісіог ѵиіѵае — қүрайды. Жыныс ернеулері терісінің медиальды беті көпқабатты жал- пақ эпителиймен астарланған.
Клитор — сШогі8 — үңгіркуысты денеден қүралған. Оның екі аяқшасы, денесі және төбесі болады. Клитордың аяқшалары шонда- най төмпегіне бекиді.
ТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІ — АІЧСІОШСІА
Тамырлар жүйесі, яғни қан және лимфа айналым жүйесі — орга- низмдегі зат алмасуды қамтамасыз етеді. Азық қорыту және газ ал- масу мүшелерінен қанға немесе лимфага сіңірілген қоректік заттар мен оттек организмнің әрбір клеткасына ткань сүйықтыгы арқылы жеткізіліп, одан тіршілік әрекеті нәтижесінде түзелген керексіз және зиішды ыдырау өнімдері, өз кезегінде қан лимфага өтеді. Бүл өнімдер қан арқылы организмнің тиісті мүшелеріне жеткізіліп залалсызданды- рылады (бауыр) немесе сыртқы ортага (өкпе, бүйреқ тер бездері арқылы) шыгарылады.
Тамырлар жүйесінің қатысуымен көптеген мүшелердің қызметтері гуморальдық (һишог — сүйық) жолмен реттеледі. Реттелудің бүндай түрі қан арқылы мүшелерге жеткізілген ішкі секреция бездерінің өнімдері — гормондардың кемегімен жүзеге асады.
Дене қызуының (температурасының) реттелуі — организмде түзілген артық жылудың сыртқы ортага шыгарылуы және тыныс алу кезіндегі ауаның жылынуы сияқты маңызды қызметтер қанның тікелей қатысуымен жүреді.
Тамырлар жүйесі организмдегі маңызды қорганыс қызметтерін атқарады. Ол қанның қүрамындагы ақ қан клеткалары (лейкоциттер) мен басқа да корганыс антиденелері арқылы іске асады. Олар орга- низмде әр түрлі зиянды микроорганизмдерден қоргайды. Қорганыс қызметінің бірі — қанның үюы да, оның қүрамындағы қан пластинка- сының (табақшасының) қатысуымен жүреді.
Тамырлар жүйесі өз кезегінде үш жүйеден: қан, лимфа айналым жүйелері мен қан жасаушы мүшелерден түрады. Бүл жүйелер қүры- лысы, атқаратын қызметі мен дамуы жагынан бір-бірімен тыгыз бай- ланысты.
Қан және лимфа айналым жүйелерін қанлимфа тамырлары, олар- дың арнасын толтырып түрган сүйық дәнекер ткань — қан мен лимфа және оларды қозғалысқа келтіретін — жүрек жатады.
Қан мен лимфа — сүйық бөлігі плазмадан және әр түрлі клетка- лардан (эритроңиттер, лейкоциттер, тромбоциттер — қан пластинка- лары) түрады. Қан сүйыгы — плазма қан капиллярлары қабырғасы арқылы клеткааралық кеңістікке өтіп, ткань сүйықтыған түзеді. Ал. ол өз кезегінде лимфа капиллярлары куысына өтіп, лимфаның түзілуін қамтамасыз етеді.
ҚАН АЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ
Филогенез. Суда тіршілік ететін қарапайымдар мен көпклеткалы юменгі сатыдағы организмдер қоректік заттар мен оттекті тікелей коршаған ортадан алып, сол ортаға ыдырау өнімдерін бөліп отырады. Оларда сыртқы ортадагы керекті қоректік зат пен оттекке тек де- ненің сыртын қоршаған клеткалар ғана жанаса алады. Осының мотижесінде бүнда зат алмасу процесі дененің терен қабаттарында ор- маласқан клеткаларға қараганда қарқынды жүреді. Демеқ дене клет- касындагы. зат алмасу процесінін бір деңгейде жүруі үшін і леткааралық тамырлар арнасының даму қажеттілігі туады. Аталған іамырлар арқылы тереңде орналасқан клеткаларға ткань сүйықтығы жеткізіліп, соның нәтижесінде клеткалар тіршілігі де сүйық ортада ігни ткань сүйықтығында жүреді. Бүл сүйықтыққа диффузиялық жолмен түскен қоректік заттар бүкіл организмге таралып, оған ыды- рау өнімдері бөлініп отырады.
Дене қүрылысы күрделенген сайын организмдерде арнайы тамыр- лар жетіле бастайды. Олар негізінен қабырғасы бір қабат эндотелий- ден түратын өзектер түрінде қалыптасады. Бүндай қарапайым гамырлар дененің ерекше қуыстарына ашылады. Тамырлар қуысында түссіз ткань сүйьтқтығына үқсас қан тәріздес сүйық, дене қимылы осерімен араласып, қозгалысқа келеді. Бүндай түйықталмаған тамыр- лар жүйесі насекомдар мен шаян тәрізділерде кездеседі. Оларда кейде арканың үзына бойымен ететін тақ тамырлардың белгілі бір жерінде бүлшықет ткані пайда болып, жүрек тәрізді толқынды жиырылады. Осының нәтижесінде қан қозғалысқа келеді.
Организмнің одан әрі күрделенуі тамырлар арнасы үштарының қосыла байланысуына, сейтіп олардың түйықталуына әкеп соғады. Осыдан түйықталган тамырлар жүйесі дамиды. Бүл теменгі сатыдағы күрттарда кездеседі. Олардың денесінде бір арқа және екі қүрсақ та- мырлары жетіледі. Қан дененің бас белігіне арка тамырының жиыры- луы арқылы жеткізіледі. Буылтық қүрттарда аталған тамырлардың екеуі ғана болады (арқа және қүрсақ). Олар бір-бірімен езара тек та- мырлар үштарымен ғана емес, әрбір дене сегментінде орналасқан ме- тамерлік тамырлар арқылы да байланысады. Метамерлік тамырлар ез кезегінде дене қабырғасына париетальды, ал ішкі мүшелерге висце- ральды тармақтар беледі.
Хордалыларда (ланцетник) қан айналым жүйесі арқа және қүрсақ қолқаларынан (аорталардан) түрады. Олар бір-бірімен желбезек саңылауларында тарамдалған үсақ қан тамырлары аркылы үштасады. Қанның оттекке қанығуы да осы желбезекте жүреді. Ланцетниктің қаны түссіз келеді. Қан клеткалары болмайды. Бүл жәндікте жүрек қызметін жүтқыншақ астында орналасқан қүрсақ қолқасьгаың бүлшықетті белігі атқарады. Ланцетник денесінің артқы белімінде қүрсақ қолқасы кеңейіп, вена қойнауын түзеді. Оган алдыңғы (мой- ьпздырық) және артқы кардинальды вена тамырлары ашылады. Ішек капиллярларынан басталған ішекасты вена тамырлары бауырда ка- пилляр торларына таралып, қақпақ вена жүйесін түзеді. Одан бауыр венасы арқылы қан вена қойнауына қүйылады.

Суда тіршілік ететін омырқалы жануарлардағы зат алмасу про- цесін атқаратын жүйелердің жетілуі, атап айтқанда желбезек аппара- тының күрделенуі, аралық бүйрек пен капиллярлар торларының дамуы қан айналым жүйесінде айтарлықтай өзгеріс туғызады. Мыса- лы, акулаларда желбезектер мен желбезек тамырларының саны 6 жүпқа дейін қысқарады. Жоғары сатыдағы балықтарда желбезек та- мырларының саны 4 жүпқа дейін азаяды. Бүндай жағдай желбезек- тердегі капиллярлар торларының күрделене жетілуін қамтамасыз етеді. Жануарлардың бас аумағында олардан ішкі үйқы артериясы дамиды. Арқа артериясынан көкірек қанаттарына — бүғанаастылық, ал қүрсақ қанаттарына — мықындық артериялар бөлінеді. Ішкі мүше- лерге тарайтын сегментальды артериялардың саны қысқарып, бауыр мен қарынға — тақ іш, ішектерге — шажырқайлық, бүйректерге — жүп бүйреқ жыныс бездеріне — жүп жыныс артериялары болінеді.


Тамырлардың веналық жүйесінде де күрделі өзгерістер байқалады. Қүйрық веналары бүйрік арқылы өтіп, онда капиллярлар торларын түзеді. Одан артқы кардинальды веналар басталады.
Желбезек пен дене мүшелеріндегі капиллярлар торларының пайда болуы қанның қозғалысын қиындатып, жаңа қозғалтқыш мүйіе — жүректің дамуына ықпалын тигізеді. Балық жүрегі тѳрт бөлімнен түрады: веналық қойнау, жүрекше, қарынша және артериальды баған. Аталған бөлімдер бір-бірінен қақпақшалар арқылы белінеді. Веналық қойнау қанды жалпы кардинальды және бауырлық веналардан жи- найды, ал артериальдық баған желбезек артерияларына жалғасады. Балықтарда жүрек арқылы тек вена қаны ағып өтеді.
Тіршіліктің қүрлыққа ауысуына байланысты денеде газ алмасу процесін іске асырушы ағза — өкпе дамиды. Бүның өзі жануарлардың қан айналым жүйесінің, оның ішінде жүрек пен желбезек тамырлары қүрылысының түбегейлі езгеруіне себебін тигізеді. Өкпе арқылы ты- ныс алуға байланысты веналық қойнау жүрекшемен бірігіп кетеді, ал артериальдық баған қолқа мен екпе артериясына ажырайды. Осының нәтижесінде жүрек үш белімді (камералы) жүрекке айналады. Бүған мысал — қосмекенділердің жүрегі. Оның перде арқылы белінген екі жүрекшесі (оң және сол) және бір қарыншасы болады. Бауырымен жорғалаушылардың жүрегі бір-бірінен перде арқылы белінген екі жүрекшеден, бір қарыншадан түрады. Артериальдық баған қолқа мен екпе артериясына белінеді. Ал, кейбір жануарларда жүрек қарыншалары жартылай пердемен екіге белінеді.
Қүстар мен сүтқоректілер жүректері толығымен оң және сол беліктерге ажырап, терт камерадан түрады.
Қан тамырларының ішінде желбезек артериялары кеп езгеріске үшырайды. Олардан қолқа доғасы мен үйқы артерияллары дамиды. Қүрлықтағы омыртқалылардың аталған қан тамырлары балықтардың III, IV және VI жүп желбезек доғаларынан түзіледі. Соның ішінде VI жүптағы желбезек доғасынан екпе артериялары пайда болады. Жел- безек доғасының VI жүбы бауырымен жорғалаушыларда оң және сол, қүстарда оң, сүтқоректілерде сол қолқа доғаларына айналады. Ішкі үйқы артериясы желбезек доғасының III жүбынан дамиды.
Онтогенез. Сүтқоректілердің қан айналым мүшелері онтогенездің ете ерте кезеңінде қалыптаса бастайды. Олар негізінен жас дәнекер гкань — мезенхимадан бастау алады. Үрық дамуының бастапқы ке- ісңінде мезенхима клеткаларының бірқатары қан аралшықтары неме- се ангиобластар түрінде оқшаулана бастайды. Кейіннен бүлардың ортасындағы клеткалардан эритроциттер мен лейкоциттер пайда бо- лады. Ал, оларды қоршап жатқан мезенхиманың басқы клеткалары- пан үрықтық капилляр тамырларының эндотелий қабаты түзіле бастайды. Бүдан басқа үрық денесінен тыс жатқан мезенхимадан са- рыуыз қапшығы мен кіндіктің қан тамырлары пайда болады. Бүлар кейіннен үрық денесінде дамып жатқан қан тамырларымен қосылып, иның тамырлар жүйесін қүрайды.
ҚАН АЙНАЛЫМ ШЕНБЕРЛЕРІ
Жануарлар организмінің жеке дамуы кезеңінде қан тамырлар жүйесінде бірін-бір ауыстырып жетілетін бірнеше қан айналым шеңберлерін ажыратуға болады. Олар:

  1. Сарыуыздық қан айналым шеқбері — үрықтық дамудың алғашқы кезеңінде пайда болып, плацентарлық қан айналым шеңберіне ауысады. Сарыуыздық қан айналым шеңбері негізінен жүп жүрек түтікшелерінің алдыңғы үшында жетілген. Ол дорсальдық қолқадан басталады. Одан сарыуыз — шажырқайлық артерия бөлініп, сарыуыз қапшыгында капиллярлар торына тармақталады. Бүл тордан нена қанын жинайтын сарыуыз-шажырқайлық вена жүрек і үтікшелерінің артқы үшына қүйылады.

  2. Плаценталық қан айналым шеңбері — іштөлі жолдасы (пла- цента) пайда болғаннан бастап қызмет атқара бастайды. Бүл кезеңде жүрек түтікшелері терт бөлімді (камералы) жүрекке айналады. Осы кезден түтас тел организмінде артерия және вена қан тамырлары да қалыптаса бастайды. Қан іштөлі организмінен жүп кіндік артерияла- ры арқылы плацентаға жеткізіліп, оның капиллярларында оттек және қоректік заттарға қанығып артерия қанына айналады да, кіндік вена- сы арқылы үрық денесіне, оның бауырындағы капиллярлар торына қарай бағытталады. Бауырдан ағып шыққан іштөлі артерия қаны артқы дене бөлігінен каудальды қуыс вена арқылы ағып келген вена қанымен араласып, аралас қанға айналады да, жүректің оң жүре- кшесіне қүйылады. Бүл аралас қан, оң жүрекшеден жүрекшеаралық пердедегі сопақша тесік — Гогатеп оѵаіе — арқылы сол жүрекшеге, одан әрі жүрекше-қарыншалық тесікпен сол қарыншаға, содан соң қолқа арқылы іштөлінің денесіне тарайды. Ал, іштөлі организмі бас бөлімінен жиналған вена қаны краниальды қуыс венамен оң жүре- кшеге қүйылып, одан оң қарыншаға өтеді де, өкпе артерия бағаны арқылы өкпеге бағытталады. Іштөлі организміндегі өкпенің қызметке қосылмауына байланысты, қан ерекше артерия езегі арқылы қолқадағы аралас қанға барып қүйылады. Іштөлінің туып, бірінші рет тьшыс алуына байланысты жаңа туған төлде плаценталық қан айна- лым бүзылады. Төлдің бірінші тыныс алуы газ алмасу мүшесі — өкпенің қызметін қалыптастырады. Өкпе артериясы арқылы вена қаны оң қарыншадан өкпеге қарай үлкен қысыммен ағып келіп, от- текпен қаныққаннан соң, өкпе веналарымен жүректің сол жүрек- шесіне келіп қүйылады. Үлкен қан қысымының әсерімен сопақша

тесіктегі қақпақша аталған тесікті жабады. Соңынан ол жүрекшеара- лық ет пердемен түтаса бітісіп кетеді. Сөйтіп, төл денесінде кіші және үлкен қан айналым шеңберлері қалыптасады да, жүректің оң бөлігімен вена қаны, сол бөлігімен артерия қаны ағып жатады. Іштелі организміндегі кіңдіктік вена мен артериялар және артериялық өзек тел организмінде байламдарға айналады.

  1. Үлкен немесе жүйелік қан айналым шеңбері — деп қанның жүректің сол қарыншасынан қолқа, артерия, капилляр, веналар арқылы дененің барлық жүйелерімен жүректің оң жүрекшесіне дейінгі аралықта жүріп өтетін жолын айтады. Артерия қаны жүректің сол қарыншасының жиырлуы нәтижесінде қолқаға өтеді де, одан әрі дененнің барлық мүшелеріне жеткізіледі. Артериялар өз кезегінде мүшелер ішінде үсақ та, жіңішке қан тамырлары — капиллярларға тарамдалады. Бүлардың қабырғалары арқылы қан мен ткань арасында зат алмасу процесі жүріп, артерия қаны вена қанына айналады. Вена қаны мүшелерден вена қан тамырлары арқылы ағып шығады. Олар- дың бір-бірімен қосылуы нәтижесінде краниальды және каудальды қуысты веналар түзіледі. Аталған веналар оң жүрекшеге келіп қүяды.

  2. Кіші немесе өкпелік қан айналым шеңбері — жүректің оң қарыншасынан басталып, оның сол жүрекшесінде аяқталады. Вена қаны оң жүрекшеден жүрекше-қарынша тесігі арқылы оның оң қарыншасына, одан өкпе артерия бағаны арқылы өкпеге барып, оның капиллярларында оттекпен қанығады да, артерия қаны өкпеден өкпе веналары арқылы жүректің сол жүрекшесіне келіп қүйылады.

ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Қан тамырлары артерияларға, веналарға және осы екеуін бір- бірімен жалғастырып түратын капиллярларға бөлінеді. Аталган қан тамырлары қанды мүшелерге жеткізіп, ткань мен қан арасындағы зат алмасуды қамтамасыз етеді.
Атқаратын қызметіне қарай қан тамырлар қабырғасының қүрылы- сы әр түрлі болады. Артерия мен веналардың қабырғасы негізінен ішкі интима, ортаңғы медиа және сыртқы адвентиция қабықтарынан түрады. Ішкі интима қабыгы — Іипіса іпііта — үш қабаттан түзілген. Олар: қан тамырлары мен жүректің ішкі бетін астарлап жатқан эндо- телий, оның астьіндағы эндотелийастылық және ішкі эластикалық жарғақ (мембрана) қабаттары. Соңғы қабат тек артерияда болады. Ортаңғы медиа қабыгы — Іипіса тесііа — бірыңғай салалы ет пен серпімді тығыз дәнекер ткань талшықтарынан түрады. Сыртқы адвен- тиция қабыгы — Іипіса асіѵепііііа — борпылдақ дәнекер тканьнен түзілген.
Қан тамырларының қабырғаларында оларды қоректік затпен қамтамасыз ететін тамырлары және қызметін реттейтін жүйкелері бо- лады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет