және жануарлар дүниесін зерттейтін зооллогия (zoon — жануар). Зоология озі кезегінде бip



бет76/91
Дата30.11.2022
өлшемі3.9 Mb.
#466156
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   91
МОРФ КИТАПП

Тамыр тамырлары — ѵаза ѵазогит — негізінен адвентиция мен ортаңғы медиа қабығында орналасып, қан және лимфа тамырларына бөлінеді. 200
Тамыр жуйкелері — пегѵі ѵазогит — жүйке жүйесінің симпатика- лі»іқ белігіне жатады. Олар эфференттік (қозғалтқыш), афференттік (сезімтал) жүйке талшықтарынан, әр түрлі жүйкелік тораптардан (периваскулярлық, перимускулярлық және интрамускулярлық) және кейбір қан тамырларында орналасқан рефлексогендік аймақтардан түрады. Аталған жүйкелік қүрылымдардың қатысуымен қан тамырлар қуысының тарылуы мен босаңсып кеңеюі, қанның химиялық қүрамы- ның өзгеруі мен қысымының реттелуі жүзеге асады.
Артериялар — аііегіа — жүректен қанды алып шығатын тамыр- лар. Олар қанды тасымалдаумен қатар, оның қан тамырларымен козғалысын да қамтамасыз етеді. Басқа қан тамырларына қарағанда .іртериялардың қабырғасы қалың және созылмалы келеді. Дегенмен олардың қабырғасының қалыңдығы мен қуысының диаметрі біркелкі емес. Бүл көрсеткіштер негезінен артериялардың орналасу орындары- ма тікелей байланысты. Қан қысымы мен ағысы өте жоғары, жүрекке жақын орналасқан артериялардың (қолқа, өкпе артериялары) қабырғалары қалың, қуысы кең болады. Ал, қан тамырлары жүрек- тен алшақтаған сайын, ондағы қан қысымы мен онын ағу жылдам- дығы азаяды. Осыған байланысты артериялар қабырғасының қүрылысы да өзгереді.
Артериялар қабырғасы қүрылысына қарай үш түрге бөлінеді. Олар: серпімді (эластикалық), аралас және етті артериялар. Эласти- калық түрінде, оның медиа қабығы негізінен эластикалық дәнекер гканьнен қүралады. Сондықтан, бүндай артерияның қабырғасы резин- ке тәрізді созылғыш келеді. Эластикалық артерияларға қолқа, өкпе, үйқы артериялары мен иық-бас бағаны жатадьт. Аталған қан тамыр- лары жүрекке жақын орналасқандықтан, олардағы қан қысымы мейілінше жогары болады. Артериялар жүректен қашықтаған сайын, олардағы қанның қысымы да төмендей бастайды. Осыған байланысты артерия қабырғасында эластикалық талшықтар азайып, оларды бірыңғай салалы ет талшықтары ауыстыра бастайды. Олар қан тамы- рының медиа қабығында аралас орналасып, бір-бірінен басым болуы- на қарай эластикалық-етті немесе етті-эластикалық сияқты артериялардың аралас түрлері ажыратылады.
Артериялардың етті түрі негізінен жүректен мейілінше қашық ағзаларда орналасады. Олардың қабырғасындағы бірыңғай салалы ет тканінің жиырылуы арқасында қанның қысымы күшейіп, қозғалысы артады. Оларға ішкі мүшелер мен аяқтарға қан тасымалдайтын көптеген артериялар жатады.
Айта кету кереқ организмдегі бүкіл артериялардың жиынтыгын денедегі "шеткі жүрек" деп те атайды. Себебі, бүл қан тамырлардың қабырғасыңда орналасқан эластикалық және ет тканьдері қанның қозғысына айтарлықтай үлес қосады.
Капиллярларға жақындаған сайын артериялардың қабырғасы жүқара бастайды. Ал, капиллярларга ауысар алдында жүқа қабырғалы артериялар — артериолаларда ішкі эндотелий қабатынан басқа, бірыңғай салалы ет тканінен түратын сыртқы бір ғана қабат қалады.
Капиллярлар — ѵаза саріНагіа — өте жіңішке қоректендіргіш қан тамырлары. Олар артерия мен веналардың шеткі үштары — артерия-
олалар мен венулаларды езара байланыстырып, қан тамырлар жүйесін түйықтайды. Соньімен қатар, капиллярлар мүшелер мен тканьдердің қанмен қамтамасыз етілуін реттеп отырады. Мида олар тек жүйке клеткаларына қажетті заттарды гана өткізіп, тосқауыл (барьер) қызметін атқарады.
Капиллярлардың негізгі қызметі — қан мен ткань арасындагы зат алмасу болгандықтан, қабырғасы бір қабат жүқа эндотелий тканінен қүралган. Кейбір ірі капиллярларда эндотелий сыртынан негіздік жаргақпен (мембрана) және ерекше клеткалар — перициттермен қапталган. Капиллярлардың диаметрі 4—8 мкм, ал үзындыгы 0,6—2 мм. Бауырда, сүйектің қызыл кемік майында, кекбауырда капилляр- лар диаметрі 50 мкм-ге дейін жетеді. Организмдегі барлық капилляр- лардың жалпы диаметрі қолқа диаметрінен 500—800 есе кең. Сондықтан, капиллярларда қан қысымы да төмен болады (с. б. 10— 30 мм). Әрбір мүшелердегі капиллярлар саны, олардағы зат алмасу процесіне тікелей байланысты. Мысалы, бақадагы 1 мм2 дене алаңшасында шамамен 400-ге, жылқыда — 1350-ге, итте — 2650-ге, үсақ жануарларда 4000-га дейін капилляр болады. Олар бездерде, жүйке жүйесінің сүр затьшда, өкпеде көптеп, ал сіңірлер мен байлам- дарда аз кездеседі.
Веналар — ѵепа (8. рһІеЬоз) — жүрекке қанды алып келетін қан тамырлары. Олардың қабыргасы да, артерия қабыргасы сияқты үш қабықтан қүралған. Бірақ олар жүқа, қуысы кең болады. Веналардың интимасында ішкі эластикалық жаргақ болмайды. Ондагы вена қақпақшалары қанның жүрекке қарай бір багытта агуын қамтамасыз етеді. Олар негізінен аяқ веналарында, қақпақты веналар жүйесінде, бауыр, бүйреқ ми, жүлын, сүйек веналарында болмайды. Қақпақшасыз веналардагы қанның ағысын арнаулы қысқыштар (сфинктерлер) реттеп отырады. Бүндай веналарды дроссельды веналар деп атайды.
ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ТАРАМДАЛУ ЗАНДЫЛЫҚТАРЫ
Дамудың бастапқы кезеңінде іштегі төлдің қан тамырлары тор түрінде қалыптасады. Жүректің жетілуіне байланысты тамырлар то- рындағы қан қозгалып ага бастайды. Осының нәтижесінде қан өз ке- зегінде тамырлар арнасына әр түрлі дәрежеде қысым, түсіріп, артерия, вена және капиллярларга ажырауына жағдай тудырады. Аталған қан тамырлардың орналасу бағыты мен тармақталуы белгілі заңдылықтарға бағынады (51-сурет). Олар:

  1. Қан тамырлары жүйелерімен бірігіп тамырлы-жуйкелік буданы түзеді.

  2. Түлға, бас және аяқ аумақтарына қан негізгі қан тамырлары арқылы ең қысқа жолмен, яғни магистральды қан тамырларымен бағытталады. Олар түлғада омыртқа бағанасының вентральды бетімен (қолқа, жалпы үйқы артериялары, қуысты веналар), ал аяқтарда — олардың медиальды немесе буындардың бүккіш беттерімен өтеді. Ма- гистральдьі қан тамырларының атаулары осы тамырлар өтетін дене

51-сурет. Тұлға артерияларының тарамдалуы:
I — негізгі түлға магистралі (колқа); 2 — мойын, бас жөнс алдынгы аяқ магистралі (буганаасты ар- териясы); 3 — артқы аяқтын еркін қозгалатын бөлігіиің магистралі (сыртқы мықын артериясы); 4 — түлганын сегментті артернялары (қабырғааралық жөие бел артернялары); 5 — ішкі мүшелерге ар- налган тармақтар; 6 — бүлшықеттергс арналган тармақтар.
аумақтарының аттарьгаа не болмаса олардың басқа қан тамырлары- ның аралығындағы орналасу орындарына байланысты аталады.

  1. Магистральды қан тамырларынан, олар жанап өтетін мүшелер- ге бүйірлік тармақтар бөлінеді. Олардың атаулары да өздері тамыр- лаңдыратын мүшенің атымен (бүйреқ қарын, бауыр артериялары) немесе орналасу орындарына қарай (краниальды сан, каудальды, те- реңдік) аталады.

  2. Магистральды қан тамырлардың бүйірлік тармақтарының та- рамдалу аумақтары әр түрлі жануарларда түрақты болғанымен, олар- дың тармақталу реті жануарлар түріне байланысты түрліше болуы мүмкін.

  3. Магистральды қан тамырлар мен тармақтарының бағыты, та- рамдалуы дене қүрылысының жалпы заңдылықтарына (бірбіліктіліқ метамерия, екі жақты симметрия) бағынады. Дене білігінің бойында орналасқан қан тамырларына қолқа, оның жалғасы орталық қүйым- шақ және қүйрық артериялары, осыған сәйкес каудальды қуысты ве- на жатады. Метамерлік қан тамырлар негізінен қаңқа мен бүлшықет сегменттерінде жақсы байқалады (қабырғааралық, бел, қүйымшақ ар- териялары мен веналары). Түлғадағы оң және сол аттас артериялар- дың, веналардың болуы қан тамырларының екі жақта симметрия заңдылығы бойынша тармақталуын дәлелдейді. Сонымен қатар, тақ мүшелердің қан тамырларының тақ болуы да осы заңдылыққа бағынады.

  4. Магистральды қан тамырлардың бүйірлік тармақтары бір- бірімен өзара анастомоздар (байланыстырғыш тармақтар) түзеді. Олар негізінен қозғалмалы мүшелерде (қарын, ішектер), аяқ буында- рында, түлғада жақсы байқалады. Анатомоздардың арқасында колла-теральды (бүйірлік) қан тамырлары түзіледі және олар негізгі қан та- мырларындағы қан ағысы қиындаған жағдайда мүшелерді қанмен қамтамасыз етеді.

  1. Артериялар тармақталуының төрт түрін ажыратады: шашы- раңқы, магистральды, дихотомикалық және соңғы тармақталу.

Тармақталудың шаиіыраңцы түрінде қан тамырлары бірден арна- сы әр түрлі бірнеше тармақтарға ажырайды. Бүндай тармақталу ішкі мүшелердің қан тамырларына тән. Магистральды тармақталуда негізгі артериядан кезегімен бүйірлік тармақтар бөлініп ажырайды. Мысалы, қолқадан тарайтын париетальды (қабырғалық) және висце- ральды (іштік) тармақтар осылай тарамдалады. Дихотомикалыц тар- мақталу кезінде бір артериальды бағаннан арнасы бірдей екі қан тамыры ажырайды. Осындай жолмен өкпе артериялары, жалпы үйқы артерия бағаны тармақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет