2 - бөлімше. Ірі габаритті қондырғыны шахтаға түсіру
327. Ірі габаритті қондырғыларды (соның ішінде өзіндік жүретін) шахтаға түсіру әрбір нақты жағдайда тау-кен жағдайларды және қолда бар стационарлық, уақытша және көмекші көтергіш көліктік қондырғыны ескере отырып, ұйым жұмысының жобасына жұмыстарды ұйымдастыру жобасына сәйкес орындалады.
Жұмысты ұйымдастыру жобасын қондырғының түсіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыратын ұйымдар (кәсіпорындар) әзірлейді және ұйымның техникалық басшысы бекітеді. Жекелеген жағдайда (күрделі техникалық жағдайларда) жұмыстарды ұйымдастыру аттестацияланған жобалау ұйымына тапсырылуы мүмкін.
328. Жаңа ірі кеніштерін жобалау кезінде (жылдық өнімділігі 3,0 млн. тоннадан артық) түсірілетін жүйктерді, соның ішінде-өзіндік қондырғыларды сыйғызатын клетпен жабдықталған ірі габаритті жүктерді түсіруге арналған оқпандар қарастырылады.
329. Қолданыстағы кеніштер үшін стационарлық көтергіш құрылғыларды пайдалана отырып, ірі габаритті қондырғыларды түсіру, қажет болғанда уақытша жылжымалы (тасымалдаушы) жүк көтергіш құралдар арқылы ірі габаритті қондырғыларды түсіру қарастырылады.
330. Стационарлық көтергіш құрылғыларды пайдалану кезінде ірі габаритті қондырғыларды жобалықтан ерекшеленетін, жүктемелік режимде міндетті түрде келесі тексеру есептері жүргізіледі:
көтергіш арқандардың беріктілік қоры;
көтергіш машинаға шаққандағы максималды статистикалық және максималды статистикалық тепе-тең емес жүктеме;
жүкті түсіру режиміндегі көтергіш электродвигательдің және оның максималды жүктемеленуінің қуаты;
көп арқанды көтергіш машиналарды пайдалану кезіндегі арқандардың сырғанауға қарсы қауіпсіздігі.
331. Арқанды жүк асатын арқандарда клеть (скип) астындағы ірі габаритті қондырғыларды түсіру кезінде оқпандағы қозғалыс жылдамдығы 0,5 м/с артық.
332. Клеттің астындағы түсірілетін жүкті жылжитын ыдысқа паралель сүйемелдеу қажет. Оқпанда екінші көтеру ыдысы болмаған жағдайда клет астына ілінген жүк қозғалысын бақылау үшін ұзындығы жүктің түсірілуінің толық биіктігіне сәйкес келетін жүкке тіркелген бақылау троссы қарастырылады.
333. Ірі габаритті қондырғыны көп арқанды көтеру клетінің астына ілу мүмкіндігі үшін жүкті № 524758 куәлігі авторлық куәлігі бойынша тепе-теңдің арқандарының ілмелі құрылғысының конструкциясы пайдаланылады.
334. Жүктерді түсіру үшін екі шығыр пайдалану кезінде полиспаст ілінісі қолданылады.
335. Ірі габаритті жүктерді оқпанға нольдік белгіде және кен алаңында төменгі деңгейжиекте іске қосу үшін ұйымның жұмысын ұйымдастыру жобасына сәйкес уақытша жапқыштар қарастырылады.
3 - бөлімше. Бас желдеткіш құрылғылары
336. Максималды пайдалы әсер ету коэффициенті және барынша төмен шахталық желдету жүйесінің энергия сыйымдылығымен кенішті пайдаланудың әртүрлі кезеңінде талап етілетін желдету режимдерін қамтамасыз ете отырып, басты желдетудің желдеткішін таңдау іске асырылады.
337. Желдеткіштер кеніштің барлық қызмет ету мерзіміне таңдалады. Бірінші кезеңде желдеткішті таңдау жобада негізделеді.
338. Желдеткіш келтірушілері желдету параметрлеріне қарай реттелмейтін және реттелетін болып бөлінеді. Реттелмейтін келтіргіш кезінде талап етілетін қуаттылық 1000 кВт артық болғанда синхронды электрдвигательдер қолданылады. Кіші қуаттылық кезінде асинхронды электрдвигалтельдері қолданылады. Қуаттылығы 200 кВт жоғары электродвигательдер жоғары вольтты болып есептеледі.
339. Желдеткіш құрылғылардың қызмет көрсететін және жөндеу персоналын қорғауға арналған ғимарат ішінде шу сіңірушілік, шуды өшіргіш және желдеткішке жақын орналасқан аумақтағы шу деңгейі жақын орналасқан тұрғын үйлердегі санитарлық нормалардан артық болғанда шуды азайтуға арналған басқада шу ұстаушы құрылғы болады.
340. Қысым жоғалуын азайту үшін желдеткіш каналдар темірлендіруге жатады, қозғалыс жағынан лядтар тегіс, тығыздағыштары болады және арықтарда сырт жағынан орналастырылады. Арықтарды дөңгелектеудің ені 1,5 кем емес радиус болады.
341. Желдеткіш құрылғы ғимараттарын монтаждау, ревизиялау және жөндеу үшін: жұмыс дөңгелегінің диаметрі 3,2 м дейінгі желдеткіштерде-жүк көтергіш механизимдерімен, жұмыс дөңгелегінің диаметрі 3,2 дейінгі және одан жоғары желдеткіштер кезінде-мостылы кранмен жүк көтергіш құралдарымен жабдықталған.
342. Беттен желдеткіш каналдарына қарай стационарлық жүріс шлюздеумен орындалады. Герметикалық есіктердің қысымды азайтуға арналған құрылғысы болады. Каналда есіктің екі жағынан желдеткіш жұмысы кезінде өлшеулер өндірісі қауіпсіздігі үшін таяныштармен орналасады. Сонымен қатар жұмыс істемейтін желдеткіш кезінде қызмет көрсететін персоналдың барлық учаскелерге баруына мүмкіндік беретін герметикалық жабылатын люктер, оқпанмен түйісу кезінде қоршаулы тор қарастырылады.
Каналда екі жетекті тосқауыл (қалқанша) орнатылады.
343. Лядалар жабық жағдайда ау немесе мәжбүрленген механикалық деке арқылы конструкцияларға тығыз жабылған. Осы мақсатты лядалар салмағын ғана пайдалануға жол берілмейді.
344. Басты желдеткіш құрылғысына арналған желдеткіш типі есепті желдету параметрлеріне байланысты:
300 Па дейінгі қысым және 300 м3/с өнімділік кезінде ості желдеткіштерді қолдану басымды;
жоғарыда көрсетілген мәннен жоғары желдеткіш параметрлері кезінде ортадан тепкіш желдеткіштер қооданылады.
345. Басты желдеткіш құрылғыларының жұмысын толық автоматтандыру және желдеткіш ағынын диспечерлік пункттен дистанциялық реверсирлеу мүмкіндігі қарастырылады.
346. Басты желдеткіш құрылғысының ғимаратында автоматты өртке қарсы сигнализация қарастырылады.
347. Шахта желдеткішін жобалау кезінде тау-кен қазбаларының, блоктардың қабаттардың, панелдердің желдетілуін қамтамасыз ететін кен орындарын ашудың барынша жетілдірілген және рационалды сызбалары қарастырылады.
348. Жоба бойынша аттестацияланған ұйымға шахталарды бір желдеткіш жүйесіне тәуелсіз желдетумен біріктіруге жол беріледі. Бір желдеткіш жүйесіне біріктірілген шахталарға бірыңғай желдету қызметі және қызмет көрсетеді және аварияларды жоюдың бір жоспары болады. Екі шахтаны тәуелсіз желдетумен қосатын және бір желдеткіш жүйесіне біріктірілмеген қазбаларда тұйық жарылысқа тұрақты отқа төзімді далдалдар орнатылады. Далдалдарды орнату орны мен конструкциясы жобада анықталады.
349. Аккумуляторлық батареяларды зарядтауға арналған камералар мен жарылыс материалдарының қоймалары ерекшеленген таза ауа ағынымен желдетіледі. Одан шығатын ауа ағынын жаңа ағыны бар қазбаларға бағыттауға жол берілмейді.
Ұйымның техникалық басшысының рұқсаты бойынша келесі жағдайда зарядтау камераларын, оларды ерекше желдетусіз орналастыруға жол беріледі:
1) тізбелік салмағы 5 тоннаға дейінгі тоқарбадардың аккумуляторлық батареяларын бір уақытта 3 реттен артық емес немесе қалыпты типтегі бір батареямен зарядтауға;
2) батареяларды зарядтаудан сутектің максимальды бөліну сәтінде 0,5 % артық емес мөлшерде осындай камералар арқылы басқа қазбаларға ауа түсетін ау ағынында сутектің болуы;
3) ауаның құрамында сутек болуына тұрақты талдау жүргізу.
Барлық машиналық және трансформаторлық камералар таза ауа ағынымен желдетіледі. Ұзындығы 6 м дейінгі камераларды торлы есікпен жабдықталған, кіру ені 1,5 м кем емес диффузия есебінен желдетуге жол беріледі.
350. Кіріс және шығыс ауа ағынының бір уақытта өтуіне арналған бір тіке немесе еңіс шахталар оқпандарын немесе штольняларды қолдануға жол берілмейді.
Оқпандар (штольня) мен қазбаларды бұрғылау кезінде басқа оқпанмен немесе желдету жинағышымен қосылғанға дейін жол берілуі ерекше жағдай болып табылады. Бұл жағдайларда оқпанда (штольняда) тиісті диаметрдегі желдеткіш құбырлары орналастырылады.
351. Шахталарды желдету жеке блоктары және камералары жалпы шахталық деперессия есебінен бір - бірінен тәуелсіз желдетуі болатындай іске асырылады және қажет болғанда кейбір блоктар мен камералар жалпы сызбадан басқа блоктарды, камералар мен учаскелерді бұзусыз сөндіріледі.
352. Желдеткіш есіктері қазбалар периметрі бойынша герметикалығын қамтамасыз ететін тереңдігіне орнатылатын далдалдарда орналтылады.
Қарқынды тасымалды басты тасымал жолдарында желдету есіктер автоматты ашылады және жабылады немесе есік ашушылар қызмет көрсетеді. Автоматты қызмет ететін есіктерді бақылау тұлғалары күн сайын қарайды.
Қажеттілігі өткеннен кейін желдету есіктері мен далдалдар алынып тасталады.
353. Егер есіктің ашылуынан шахтаның желдетілуі бұзылса көлік құралдарының екіншісі арқылы өткенде біріншісі жабылуды қамтамасыз ететін бір-бірінен қашықтықта орналасқан екі немесе одан артық есіктер орнатылады.
354. Есіктердің ағындарды бөлетін құрылысында желдету ағындарының қысқа тұйықталуынның пайда болуының алдын алу үшін келесі ережелер орындалады:
1) есіктер саны екіден кем емес, соның ішінде есіктер арасындағы қашықтық вагонеткалар құрамының максимальды ұзындығынан артық болуы тиіс;
2) есіктер ауа өткізбейтін, металдан, ағаштан, жалпақ темірмен оралған немесе басқа жанбайтын материалдан жасалған;
3) қазбаларда рельстік жолдар болған кезде есік табалдырығы арқылы ауа шығуын болдырмауға арналған шаралар қабылданады.
Оқпандарды (ауа беретін және соратын) қосатын қазбаларда қарама-қарсы жаққа ашылатын әрқайсысының екі есігі болатын екі тасты немесе бетонды далдалдар орналастырылады. Жекелеген жағдайларда қолданыстағы шахталарда басты желдетудің жер асты көмекші желдеткіштерін орнатуға жол беріледі.
356. Оқпандарды бұрғылау кезінде желдетуге арналған желдету құрылғысы бетінде оқпаннан 15 м кем емес қашықтықта орналастырылады.
Оқпанды бұрғылау кезінде желдету трубаларының кенжардан қалып қоюы жұмыстарды ұйымдастыру жобасында анықталады, бірақ 15 м артық емес; грейфпен жүктелу кезінде бұл қашықтық 20 м дейін ұзартылуы мүмкін.
Трубалар жанбайтын материалдардан жасалады және арқандарға ілінеді немесе бекіткішке қатты бекітіледі.
357. Басты желдеткіш құрылғылары жер бетінде герметикалық жабылған шахталар сағаларында, штолняларда орналастырылады, оларға астындағы жыныстардан тектоникалық бұзулар, жарықтар, және ұңғымалар арқылы қауіпті газдардың кіруінің алдын алу шаралары қарастырылады.
Басты желдетудің басты және көмекші желдеткіш құрылғыларының желдеткіш каналдары айына бір реттен кем емес қаралады және мерзімді тазартылып тұрады. Басты желдету құрылғылары каналдарының оларды үстінен қарауға, тазартуға, сонымен қатар ауа, депрессия мөлшерін өлшеуге және тағы басқаларға мүмкіндік беретін жүрістері болады. Каналдардың оқпандармен түйісуі орындарында қоршаушы торлар қарастырылады.
358. Басты желдеткіш құралдары екі өзіндік желдеткіш агрегаттарынан тұрады, олардың біреуі резервті. Бір типтегі және мөлшердегі желдеткіштер орнатылады.
359. Жер асты қазбаларына ауа үстінен берілетін басты желдеткіш құрылғыларында депрессиометрлер орнатылады, ал белдікті берілу кезінде тахометрлер орнатылады.
360. Басты желдеткіш құрылғылары өңдеуге түскен желдету ағындарын реверсирлеуді қамтамасыз етеді.
Көмекші желдеткіш құрылғылары аварияларды жою жоспарында көзделген жағдайда желдеткіш ағындарын реверсиялауды қамтамасыз етеді.
Желдеткіш құрылғыларды реверсирлеу жұмыс режиміне ауыстыру 10 минут бұрын орындалады. Желдетудің реверсирлеу режимі кезіндегі бастық қазбалар бойынша өтетін ауа шығыны, олар бойынша қалыпта жағдайда өтетін ауа шығынының 60 % кем емес бөлігін құрайды.
Тасталған ауа ағыны өтетін қазбалар жүйесіне қойылатын талаптар:
1) желдеткіш және оның двигателі дебитінің едәуір артуын болдырмау мақсатында жүйе кедергісі ауа ағынының қалыпты қозғалысына қатысты шахта кедергісінен кем емес;
2) желдеткіш дебитін қалыпты 60 % төмен шамасына дейін азайтуды болдырмау мақсатында ағынғы бағытталған қазба кедергісі қалыпты желдету кезіндегі шахта кедергісінен шамалы артық болады;
3) 1 және 2 тармақтардың талаптарын қанағаттандыратын ауа ағыны бағытталған жағдайда қазба жүйесін жасайтын шахтаның желдеткіш желсінде желдеткіш есіктері қарастырылады.
4 - бөлімше . Калорифер құрылғылары
361. Калорифер құрылғысының ғимараты желдетудің жүктемелі сызбасы кезінде басты желдетудің желдеткіш ғимаратында бір блокта орналастырылады.
362. Шахтаға берілетін барлық ауаның қызуы кезінде жалпы шахталық депрессия есебінен калорифердегі қысым жоғалуының компенсациясына жол беріледі.
363. Сорғыш сызбасы кезінде калориферлі құрылғылар шахталар мен штольнялардың ауа беруші оқпандарының тікелей қасында орналасады.
364. Жылудағы қыздыруға сұранысты есептеу кезінде есептеу температурасы ретінде ҚНжәнеЕ 2.01.01 Құрылыс климатологиясы және геофизика. сәйкес калориферлі құрылғы орналасқан ауданның сыртқы ауасының абсолютті минимальды температурасы қабылданады.
365. Барлық берілетін ауаның қызуы кезіндегі калорифер сыртындағы ауа температурасы + 5°С дейін, + 2°С төмен емес, ауа бөлігінің қызуы кезінде + 55°С артық емес.
366. Ауа шығыны бойынша есептелген жылу мөлшері оның жер асты каналында және шахта оқпаны сағасында жоғалтуын жабу үшін 5 % арттырады.
367. Калориферлік құрылғыларда жылу тасымалдағыш ретінде қатты қыздырылған су қолданылады. Жылу тасымалдағыш ретінде 0,3 МПа (3 кгс/см2) кем емес қысымдағы бу қолдануға жол беріледі. Егер жылу тасымалдағыш ретінде су қолданылатын болса, онды құбырлардағы су жылдамдығын қамтамасыз ететін, суды жоғарыдан төмен қарай бере отырып, көп жүрісті калориферлер қолданылады.
368. Калориферлер суық ауа жүрісі бойынша екі қатардан артық емес орнатылады. Сыртқы жылу желелерінде жылу тасымалдағыш параметрлері ауаның қажетті температураға дейін қыздырылуын және калориферлердің қатып қалудан қорғауды қамтамасыз етеді.
369. Калориферлік каналдар шахта оқпанынан қарай 0,005 кем емес еңістікпен салынады. Калориферлік каналдар шахта оқпандарына адамдарды көтеретін жақтан түйіспейді.
370. Калориферлі құрылғыларда (жылу тасымалдағыш типіне қарамастан жиекті ауа қалқаншасы) орнатылады.
371. Жобада калориферлі құрылғының жұмысын толық автоматтандыру қарастырылады. Соның ішінде:
шахта оқпанынан келіп түсетін ауа температурасын + 2°С кем емес қолдау және оны тіркеу;
сыртқы (суық) ауа параметрлерін бақылау және оларды тіркеу;
калориферлі құрылғы кірісіндегі және калорифердің әрбір қатарының шығысындағы температураны, беретін және кері магистралдағы қысымды (су) бақылау және оны тіркеу;
қатып қалудан қорғау;
калориферлі құрылғының авариялық жұмыс режимі (шахта оқпанындағы температураның + 20С төмен төмендеуі, жылу тасымалдағыш қысымының рұқсат етілетін шектен төмен төмендеуі, жылу тасымалдағыш су температурасының + 30°С төмен төмендеуі, жүйедегі жылу тасымалдағыш циркуляциясының бұзылуы);
ашық ауадағы және жылу тасымалдағыш ортасындағы қалқаншалы желдеткіш жұмысына тосқауыл қою.
372. Ауа ағыны бойынша бірінші қатарда екі қатарлы калорифер құрылғысын орнату кезінде тиекті– реттеуші арматура орнатылмайды.
373. Калорифер ғимаратында оның жұмысын дистационды бақылау үшін өлшеу және тиекті реттеуші құрылғылармен жабдықталған енгізудің жылу бөлігі қарастырылады.
374. Ағындарды қабылдау үшін әрбір калориферлі құрылғы кәріздермен жабдықталады.
375. Калориферлерден кері суларды немесе конденсатты кәріздерге төгу кезінде авариялық жағдайда әрбір калориферлі ғимарат жылутасымалдағыш, кіру және шығу орнында электржетекті тиектермен жабдықталады.
376. Меншікті желдеткіштері бары калориферлі құрылғыларда резервті двигательдер қарастырылады.
377. Шахталық калориферлік құрылғылар ғимараттарындағы жөндеу-монтаждау жұмыстары кезінде қолданыстағы техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүк көтергіш құрылғылар, қоршаулар мен алаңдар қарастырылады.
378. Калориферлер таңдау кезінде калориферлі ғимарат габаритін кішірейтіп, оның монтаждалу мен пайдалануылуын қарапайымдайтын қондырғылармен максималды ірілендіріледі.
379. Калориферлі құрылғылардың ғимараттары автоматты өрт дабылдарымен жабдықталған.
5 - бөлімше. Су төкпе құрылғылары
380. Су төкпе сызбасы, бас су төкпенің бас сорғыш станциясы (тереңдетілмеген, тередетілген) ашу тәсіліне кен орындарын әзірлеу тәртібіне және гидрогеолоиялық жағдайлар жобасына байланысты жобамен анықталады.
Су төкпе құрылғыларын берік дәне тығыз жыныстарда орналастыру кезінде орнатудың пайдалы әсер коэффициентінің артуын, автоматтандыруды қарапайымдылау, кен орындарын игеру кезінде су басуды болдырмайтын жұмыс сенімділігін арттыруды қамтамасыз ететін, тереңдетілген типтегі құрылғылар қарастырылады.
381. Жер асты қазбаларына баратын қалыпты су ағып келулері технологиялық жобалаудың осы нормаларының кен орындарын құрғату бөлімнің талаптарына сәйкес анықталады.
382. Максималды ағып келулер қалыпты және көктемгі-күзгі шамасының қосындысымен анықталады.
383. Кен орындарын игеру тереңдігіне қарай бір басты су төкпе құрылығысының немесе оның айдау сорғыш станциясының ғимараты қарастырылады.
Учаскелік, көмекші және уақытша су төкпе құрылғылары жобамен негізделеді.
384. Тереңдетілген типтегі су төкпе құрылғыларының камераларында құдықтар мен дренажды сорғыштар қарастырылады.
385. Сорғыш камералары рельстік жолдармен жабдықталады.
386. Егер сорғыш камерада үштен артық сорғыш орнатылса, онда жүк көтергіш құрылғылары ретінде электр крандары орнатылады.
Крандарды орнату кезінде рельстік жолды барлық камера арқылы қарастыру болмайды.
387. Құрылғылар камерасында бір сорғыш агрегатын алатын алаңнан кем емес мөлшердегі қондырғыларды жөндеу үшін орын қарастырылады.
388. Сорғыш камерада ауаның тиімді температурасын қамтамасыз ету үшін (26°С артық емес) сорғыш камерада және оған іргелес электр шағын станциясында және су төкпе құрылғысының жұмысы кезінде, есіктердің герметикалы жабулы кезінде, авариялық кезеңде еріксіз желдету қарастырылады.
Сорғыш камераларда ауа қызған кезде үлкен қуаттылықтағы жетекпен 26°С артық температураға дейін суытудың тұйықталған жүйелі электрдвигательдері қарастырылады.
Желдету сызбалары, су төкпе кешеніндегі жылу өшіру, желдеткіштерді немесе эжекторларды орналастыру қажеттілігі барлық жағдайда жобада анықталады.
389. Шахта оқпандары зумпфаларынан су айдау үшін зумпфалы су төкпе құрылғылары қарастырылады. Зумпфалы су төкпе құрылғыларында екі сорғыштан кем емес, олардың біреуі резерті қарастырылады.
Басты су төкпенің сужинағыш ыдыстары 4 сағаттық қалыпы ағып келуді, ал учаскелік 2 сағаттық ағып келуді қарастырады.
Дренажды шахталардың су төкпе құрылғыларының су жинағыштары 2 сағаттық ағып келулерге есептеледі.
Сорғы құрылғысын 100 м3/с беру кезінде және камерда үш сорғыштың болуы кезінде насостарды биіктігі 0,5 м тасымалдау жолдарының деңгейінде еден орналастыра отырып, жоғары фундаметтерге орнатуға жол беріледі.
Су төкпе зумпфалық құрылғыларының камераларын жобалу кезінде адамдардың камерадан деңгейжиектерге шығу және оған қондырғылар жеткізу қарастырылады.
390. Су төкпе құрылғысының әрбір сорғышының жекелеген соратын құбыры болады.
391. Әрбір сорғыштың сору биіктігі мүмкіндігінен қарай минималды және сорғыш сипаттамасында көрсетілген биіктіктен артық болмайды.
392. Айналмалы құбырдағы су қозғалысының жылдамдығы 3 м/с артық емес.
393. Айналмалы құбырлар клетті қондырғылар немесе сатылы бөлімшелермен жабдықталған оқпандарда орналастырылады. Осындай құбырларды шығып тұратын сатылы бөлімшелерде салуға жол беріледі. Жоғары қысымды құбырларды (6,4 МПа) клеттің бүйір жағына қарсы салуға жол берілмейді.
394. Айналмалы құбырлардағы мүмкін гидравликалық соққыларды өшіру үшін құрылғылар орнатылады, олардың саны және орналасу орны жобада қарастырылады.
Құбырлар мен тіреу металлоконструкциялардың беріктілік есебі мүмкін гидравликалық соққылардың жүктемесін ескере отырып жүргізіледі.
395. Айналмалы құбырлар ұзындығының температуралық өзгеруінің әсер етуін жою үшін компенсациялық құрылғылар (компенсаторлар) белгіленеді. Компенсаторлардың біреуі трубалардың жер бетіне шығуы (оқпан сағасына дейін 20 м дейін) алдында оқпанда орналастырылады.
Құбырлардың барлық ұзындығына компенсаторлар орналастыру қажеттілігі және оның саны жобада анықталады.
396. Қышқылдық суы бар (рН 5 кем) шахталар үшін қышқылға төзімді материалдардан жасалған сорғыштар, арматуралар мен құбырлар, су төкпе кешенінің қазбаларын бекіту-сульфат тұрақты цементтегі бетонмен орнату қарастырылады.
397. Су жинағыш тармағының әрқайсысының алдында (су қозғалысына қарай) ағарту қазбалары қарастырылады.
Су жинағыштарды тазарту және ағарту қазбаларына шөккен лайларды және қатты бөлшектерді жою механизделген тәсілмен жүргізіледі немесе ағарту қазбаларына шөккен қатты бөлшектер қақ сорғыштармен немесе қақ жинағыштағы эрлифтімен сорылып алынады.
398. Шахталық су төкпе құрылғыларының жұмыс кестесін жасау кезінде қоректендіруші энергожүйедегі максимум жүктеме кезіндегі су төкпе құрылғыларының жүктемесін алу керек.
399. Өзіндік жүретін көлікпен рудаларды тасымалдауға арналған қазбалардағы су өткізбейтін далдаларды көлік құралдары мен ойық қабырғасы арасында бір жағынан 500 мм және екінші жағынан 250 мм кем емес саңылауы болады. Далдалар конструкциясында көлік құралының дөңгелектеріне арналған бағыттаушылар қарастырылады. Көлік құралдары және жоғарғы жақ арасындағы саңылау 200 мм кем емес.
6 - бөлімше. Компрессорлық құрылғылар
400. Компрессорлық құрылғыларды Ауа құбырлары және газ құбырларының стационарлық компрессорлық құрылғыларының құрылысы және оны қауіпсіз пайдалану талаптарына М, «Металлургия», МЕСТ 14-17 сәйкес жобаланады.
401. Компрессорлық құрылғының өнімділігі желідегі жоғалтуларды және биіктілік коэффициентін ескере отырып, жақын орналасқан объектілердің бір тұтынушысы немесе тобының сығылған ауаны есептік шығындауы бойынша анықтайды.
402. Компрессорлықта бірдей агрегаттардың құрылғысы қолданылады. Жұмыс агрегаттарының саны беске дейін болғанда бір резервті агрегат қолдану керек, бес және одан артық резерв 20 % кем емес. Жекелеген жағдайда өнімділіг аз компрессорлық құрылғыларда резервті агрегат қою жобамен анықталады.
Құбыркомпрессорлармен жабдықталған станцияларда, өнімділігі төмен компрессорлар қою жобада анықталады. Компрессорлық станцияларды компрессорлардың баяу түсірілуіне арналған құрылғылар қарастыралады.
403. Компрессорлық құрылғыларды жинақталуын машиналық залдың ұзындығын арттыру арқылы әрі қарай кеңейту мүмкіндігін қарастыра отырып, типтік жоба бойынша қабылданады. Типтік емес шешімдер тек реконструкцияланатын компрессорлық станциялар үшін немесе шешімдері болмайтын компрессорлар қолдану кезінде қабылданады.
404. Компрессорларды суытуға арналған судың сапасы, шығын және қысымы компрессорлардың техникалық шарттарына сәйкес қабылданады, қажет болғанда суды қаққа қарсы өңдеу қарастыралады.
405. Суды суыту үшін градирни қарастыралады, олардың типі добада анықталады.
406. Әрбір компрессордың ерекшеленген суыту жүйесі болады. Сорғыштар арасында су тартқы коллекторлар және компрессор мен градирней арасында градирнейлер мен тартқылар орнатуға жол беріледі.
407. Ауаны тазарту және суыту құралдарын орнату қажеттілігі және олардың конструкциясы жобамен анықталады.
408. Сығылыған ауа желісі құбырларының конструкциясы пневмомеханизмдердің қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін соңғы қысымдағы қажетті ауа мөлшерінің өткізу қабілеттілігі шарттарынан шыға отырып, есептермен анықталады.
409. Компрессорлық станциялардан шығатын құбыркомпрессорлармен жабдықталған магистралды құбырларда трубаның сыртқы беттерінің коррозиядан сақтау жөніндегі шаралар қарастыралады.
410. Құбырлар жағдайын және олардың сыналауын бақылауды қамтамасыз ететін шаралар жобада қарастыралады.
411. Жер бетіндегі магистралды құбырларды жылжымалы тіреулерде салу керек. Тіреулер арасындағы қашықтық есептеулермен анықталады.
Құбырлар бұрылыстарында, егер олар өзін-өзі өтеу мақсатында пайдаланылмаса, жылжымайтын тіреулер орнатылады. Компенсаторлар арасындағы қашықтық нақты жағдайларға байланысты жобада анықталады.
Құбырлардың барынша төмен нүктелерінде су бөлгіштер орнатылады.
412. Шахта оқпандарында салынатын ауа құбырларында 350-400 м дейінгі тереңдікте температуралық өзгерістердің компенсаторлары орнатылады. Компенсаторлар арасындағы қашықтық 150 м артық емес, ал температура аз ауытқитын аудандарда ол 250 м дейін арттырылуы мүмкін. Компенсаторларды оқпан бойына және көлденең қазбалар бойынша орналастыру жобамен анықталады.
413. Стационарлық құбырлар қосу дәнекерлеу арқылы жүргізіледі. Фланц, муфта және жылдам бөлінетін қосылыстарды тасымалданатын құбырды қосу қарастыралады.
414. Сығылған ауа шығыны шектелген бір немесе механизмдер топтарына арналған жер асты қазбаларында сорғыш жақында фильтр орнатылған ауада жұмыс істейтін жылжымалы немесе стационарлы компрессорлар қолдануға жол беріледі.
415. Монтаждау-демонтаждау және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін компрессорлық станциялар ғимараттарында жүк көтергіш құралдар қарастыралады. Жүк көтергіш құралдар типтері жобамен анықталады.
416. Құбыркомпрессорлармен жабдықталатын компрессорлық станциялар ғимараттары бойынша сәулет-жинақтау шешімдері жобамен негізделеді.
417. Компрессорлық станциялар ғимараттарындағы және одан тыс жерлердегі шу деңгейі санитарлық нормалардан артық емес.
Компрессор жұмысымен пайда болатын шу деңгейін төмендету үшін тиісті техникалық құралдар қарастыралады.
418. Тығыз тұрақты жыныстарда кен орындарын өңдеу кезінде энергия шығынын қысқарту үшін сығылған ауаның гидропневматикалық аккумуляторлары қолданылады. Оларды қолдану мақсаттылығы жобамен негізделеді.
419. Гидропневматикалық аккумуляторларды жобалау сығылған ауаның гидропневматикалық аккумуляторларды технологиялық жобалаудың уақытша нормаларын қолдана отырып, іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |