Жер асты тәсілімен барлайтын кен өндіру кәсіпорындарын технологиялық жобалау нормалары


- бөлімше. Негізгі және көмекші жұмыстарды механизациялау



бет7/16
Дата07.07.2016
өлшемі1.7 Mb.
#181976
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

19 - бөлімше. Негізгі және көмекші жұмыстарды механизациялау
228. Жер асты рудниктерін жобалау кезінде кен орындарын ашу, дайындау және игерудің барлық технологиялық процестері бойынша негізгі және көмекші жұмыстарды механизациялауды көздейді.

229. Қондырғыларды қолданыстағы мемлекеттік (салалық) стандарттар немесе жобада алдыңғы уақытта қарастырылатын типті мөлшерлі қатарлар, техникаларды дамыту болжамы ескеріле отырып, завод-орындаушылар номенклатуралары бойынша қабылданған технологиялық сызбаға сәйкес таңдалады және әрбір машина кешені бойынша техника-экономикалық негізделеді.

230. Кешен құрамына енгізілген машина өнімділігі (толық және еселік түрде), конструктивті әдістерге және басқа параметрлерге сәйкес келеді. Машиналар габариттері, әсіресе көлікті жағдайда үлгі ретінді бірдей. Жүріс бөлігі бірдеу болатын машиналарды пайдалануға тырысу қажет, себебі пневмодөңгелектегі машиналар мен баяу жүретін шындыр табанды машиналардың үйлесімділігі кешен жұмысының жалпы тиімділігін төмендетуге әкеліп соғады. Бірақта жұмыс көп болғанда және жиі көшпейтін ұзақ жұмыс істеу кезінде шынжыр табанды (тиеу машиналары, бұрғылау станоктары) машиналарды қолдану тиімділігі расталған.

231. Бұрғылау жұмыстарын механизациялауға арналған негізгі қондырғы ретінде жоғары қысымды сығымды ауамен жұмыс істейтін пневмосоққы бұрғылау станоктарын, гидравликалық перфораторлармен жабдықталған өзі жүретін бұрғылау станоктарын қолдануға бағдарлану қажет. Кен массивінің диаметрі арттырылған параллель ұңғымалардың шоқтарымен бұзу кезінде шар тәріздес бұрғылау станоктарын қолдану тиімді.

232. Орта және шыған қуаттылықтағы рудалар тұрақтылығы кезінде еңіс құлау және араласы жыныстарда өрлеме қазбаларда КОВ типіндегі бұрғылау-тазарту кешендерін пайдалан отырып, пайдалы қазбаларды уату көзделеді.

233. Тиеу-жеткізу жұмыстарын пайдалы қазбаларды алаңды алу кезінде механизациялау үшін вибрациялық қоректендіргіштер, РПУ типіндегі кен түсіруші құрылғылар және тазарту блоктары шегінде ірі бөлшекті рудаларды тасымалдауға арналған конвейерлер қолданылады. Руданы бүйір жағынан алынатын игеру жүйесі үшін жобаларды электр жетекті тиеу-көлік машиналарын пайдалану басымды.

234. Жұмысты көп талап ететін көмекші жұмыстарды механизациялау мәселелері жобаның әрбір тарауында қаралады. Жаңадан салынатын тау-кен кәсіпорындары мен қолданыстағы шахталардың жаңа деңгейжиектерінде көмекші жұмыстарды механизациялау үшін бір көлік қазбалары жүйелерінің бірімен қосылып:

жер бетіне шығатын кенішке арналған біртұтас;

өзі жүретін машиналарға арналған арнайы клетті кегішке арналған біртұтас;

ірі габаритті қондырғыны түсіруге арналған оқпанда көлікті қазба және оқпан немесе бөлімше жүйесімен өзі жүретін қондырғы қолдану қарастырылады.

Айдау деңгейжиектерінде жол жұмыстарын өндіру үшін дөңгелек-рельсті жүрістегі қондырғы кешендері қолданылады. Айдау қазбаларындағы қондырғылар мен коммуникацияларды монтаждау және демонтажды монтаждау агрегаттары арқылы орындау тиімді.

Тіке және еңіс тау-кен қазбаларында монтаждау жұмыстарын жүргізу қажеттілігі кезінде тасымалданатын пневматикалық қорғаныс қоршаулары арқылы жұмыс персоналы мен қондырғылардың жыныстардың құлайтын бөліктерінен қорғану мақсатында, олардың жабылуы қарастырылады.

235. Өзіндік жүретін қондырғының жұрыс паркін анықтау кезінде қазудың біркелкі еместік коэффициенті (1,25) ескеріледі, ал өзіндік жүретін машиналардың инвентарлық саны жұмыс паркін күрделі (1,1) және ағымдағы (1,2) жөндеулердегі қондырғыларға арналған трезерф коэффициентіне көбейту арқылы есептеледі.

20 - бөлімше. Шахтаішілік көлік
236. Шахтаішілік көлікті жобалау ОНТП 1 тау-кен қазатын кәсіпорындардың жер асты көліктерін жобалаудың технологиялық жобалаудың жалпы одақтық нормаларына сәйкес жүргізіледі.

237. Жерасты тоқарбаны айдауды жобалау кезінде вагонеткаларды тиеу және үсіру процесінің үздіксіздігімен байланысты айдау өнімділігін барынша арттыратын ВНИПИРудмаш конструкциясының түбі арқылы түсіретін вагонеткалар құрамын қолдану мүмкіндігі қарастырылады.

238. Ағынды технологиялардың жерасты объектілерінде конвейерлі кешендерді жобалау кезінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № 132 бұйрығымен бекітілген жер асты тәсілімен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары басшылыққа алынады.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № 132 бұйрығымен бекітілген жер асты тәсілімен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес адамдар және жүк адамды конвейерлермен көлденең және тіке қазбаларда адамдарды тасымалдауға жол беріледі.

239. Рельсті жолдарды жобалау кезінде басты айдау қазбаларында Центрогипрошахт және КузНИИшахтострой институттарының темір бетон шпалдары конструкциясының үлкен жүк ағынын пайдалану тиімді.


21 - бөлімше. Кеніштерді желдету және кеніш шаңдарымен күресу
240. Шахта (кеніш) желдеткішін жобалау кезінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № 132 бұйрығымен бекітілген Жер асты тәсілімен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын, депрессиялық түсірулер материалдары басшылыққа алынады.

241. Шахта (кеніш) желдеткішін жобалау қазбаларын деңгейжиектерде (шахтада) жұмыстардың максималды даму кезінде тау-кен қазбаларын қалыпты желдетуді қамтамасыз ету есебімен әзірленеді.

242. Шахта (кеніш) желдеткішінің жобасы әдетте желдетудің флангалі немесе диагональды сызбасын қабылдайды. Қабылданған сызбаның тиімділігі жобада негізделеді.

243. Шахталарды желдету тәсілдері айдамалы, айдамалы – сорғыш немесе сорғыш болып қабылданады. Қабылданған желдету тәсілдері жобада негізделеді.

244. Кен орындарын ашық және жер асты тәсілдерімен бірлесіп игеру кезінде Жер асты тәсілімен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары, аттыру жұмыстары, газдануға сынама алуды ұйымдастыру және кен орындарын ашық және жер асты тәсілдерімен бірлесіп өңдеу әзірлеу кезінде, 3-бөлімшенің 3-параграфы жалпы аттырудан кейін адамдардың баруына жол беру және ашық жұмыстар учаскелеріндегі ауа тіреулерімен қамтамасыз етуді өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары ескеріле отырып, көзделеді.

245. Жылдық өнімділігі 1 миллион тоннадан артық шахталарда жинақтаушы желдеткіш штректері көзделеді. Өнімділігі кем шахталарда жинақтаушы штректердің қажеттілігі жобамен анықталады.

246. Шахталарды (кеніштерді) желдетуге арналған ауа мөлшерін анықтау кезінде ауасы ластанатын барлық қазбалар (негізгі тау-кен, дайындық, кертпелі, бұрғылау, жеткізу, ұсату камералары, бункерлер, жарылыс заттарының қоймалары, еңістер, скипті оқпандар және тағы басқа), ауасын ластанатын бірақта бастапқы (жүрісті өрлеме, қосалқы шығыстар және тағы басқа) ағынға тікелей шығатын шығысы бар қазбалар ескеріледі.

247. Ішкі жану двигателі бар машиналар тұрақты қозғалатын еңістер (еңісті түсімлер) ауаның ерекшелендірілген ағынымен желдетіледі.

248 Таза ауаның мөлшері әрбір тұтынушы (қабаттар, қазбалар, камералар) үшін жеке анықталады.

249. Есеп үшін әрбір фактор бойынша анықталған, таза ауаның осы тұтынушысына тән ауаның барынша үлкен мөлшері қабылданады.

250. Есепке қолданыстағы және резервтегі қабаттар алынады. Резервті қабаттардың саны шахтаның тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін шарттарда қабылданады.

Резервті қабаттардың саны қолданыстағылар санының 20-30 % мөлшерінде қабылданады немесе жобамен негізделеді.

251. Есеппен анықталған ауаның жалпы мөлшері келесі мөлшерде қабылданатын жоғалту коэффициентімен (меншікті желдету құрылғысындағы жоғалтуларды есептемегенде) түзетілген:

қазылған кеңістікті толтыру немесе бетке шығатын құлаудың дамыған зонасы болатын құлау жүйесі кезінде-1,3;

толтырылмаған үлкен бос орындардың болуы кезінде-1,4.

252. Қолданыстағы кеніштер үшін ағу коэффициенттері депрессиялық түсірулер нәтижелерінің талдауы негізінде түзетіледі. Жоюға болатын жоғалтулар есепке алынбайды.

253. Ішкі жану двигателі бар машина жұмысы кезінде пайдаланған газдың санитарлыққа дейінгі нормасын қосу факторы бойынша кенжардағы ауа мөлшерін есептеу кезінде біруақыттылығы коэффициентін енгізуге болады. Екі машина жұмыс істеу кезінде-0,9, үш немесе одан артық машина жұмысы кезінде-0,85. Есептерден тура өтетін ағында 2 сағат бойында 10 минуттан артық жұмыс істейтін машинаның дизельді жетекті жүрістегі бұрғылау машиналарын есептен алып тастауға болады.

254. Қазбалар бойынша ауаның таратуды реттеу желдету реттеу құрылғылары (желдету есіктері, шлюздер, бөгеттер,) арқылы іске асырылады. Реттеуші құрылғылар адамдармен машиналар қозғалысы болмайтын немесе шектелген орындарда орнату басымды. Реттеуші құрылғылардың сымдары автоматты немесе дистанционды болуы басымдылық алады. Реттеуші құрылғыларды орналастыру орындары шахталарды желдету сызбаларында келтіріледі.

255. Желдеткіш таңдауға (тексеру) арналған депрессия есептері бірізді орналасқан қазбалар сағаларынан шығатын оқпан сағасына дейін түсетін бірнеше бағыттар бойынша жүргізіледі. Желдеткіш таңдайды ауа тазартқыштарды мен калориферлер депрессияларын ескере отырып, барынша үлкен депрессиялар бойынша жүргізіледі.

256. Депресиияларды анықтау кезінде жалпы депрессияның 25-30 % мөлшеріндегі кедергісі (қысылу, дөңгелену, және тағы басқа) ескеріледі.

257. Аэродинамикалық кедергі коэффициентінің шамасы қолданыстағы каталогтар бойынша қабылдап, депрессиялық түсілімдер мәліметтері қолданылады.

258. Қабаттарды желдетуден ластанған ауа жаңа деңгейжиектер дайындау кезінде, желдету деңгейжиектерге немесе бастапқы ауа ағынына тікелей беріледі. Тек ерекше жағдайларда бастапқы ауа ағыны бар желдету қазбаларына тікелей ластану ауасын беруге мүмкіндік болмаған жағдайда, оны шаң басатын құралдар деңгейжиектеріне шығу орнында міндетті түрде орналастырумен, жұмыс деңгейжиектеріне беруге жол беріледі.

Аттыру жұмыстарын жүргізу жобамен ауысым аралығында ауаның ластану жолында адамдар болмаған жағдайда, жүргізуге жол беріледі.

259. Деңгейжиектерді желдетуге дайындау кезінде пайдалану қажеттіліктеріне көзделген қазбалар пайдаланылады.

260. Тұйық қабаттарды желдету үшін үлкен есептік диаметрге жақын стандартты құбырлар қабылданады.

261. Ауа (сорулар) азаюы трубақұбыры тығыз болмауы арқылы әрбір 100 м үшін 5 % есебінен қабылданады.

262. Желдету есептері және желдеткіштер мен құбырларды таңдау әрбір тұйық қабат үшін жүргізіледі. Желдеткіштердің жалпы саны машинаауысымының саны қазбаларды қазу кестесіне сәйкес анықталады.

263. Ұзындығы 300 м артық тұйық қазбалардың қабаттарын желдету құбырлы ауа үрлеу арқылы іске асырылады.

264. Құбырдың аэродинамикалық кедергі коэффициенті 37-кесте бойынша қабылданады.

37 - кесте


Құбырдың аэродинамикалық кедергісінің коэффициенттері, кг с2 м-4


Құбыр типтері

а х 104 құбыр диаметрі кезінде мәні, м



0,3

0,4

0,5

0,6

0,7

0,8

0,9

1,0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Металды

3,7

3,6

3,5

3,0

3,0

2,9

2,8

2,5

Резиналанған

4,8

4,6

4,8

4,8

4,7

4,6

4,6

4,6

Текстовинитті

2,1

1,7

1,6

1,4

1,3

1,3

1,3

1,3

265. Әрбір жобада тозаңмен күресуді көздейтін тарау қарастырылады.

266. Тиеу және түсіру камераларында суландырғыштар, кен түсулерін жабатын мұздармен тосқауылдар орнатылады.

267. Тау-кен қазбаларында шахта автожолдарында тозаңды басу үшін:

автожол жабуларын байланатын материалдармен өңдеу;

жол жабуларын арнайы құраммен өңдеу;

жер мен қазба қабырғаларын сумен суару көзделеді.

Жол жабуларын өңдеу материалдарының шығын және өңдеулер арасындағы үлгілі мерзімдерді 38 – кесте бойынша қабылданады.

38 - кесте
Шахта автожолдарында тозаңды басуға арналған тозаң басушы материалдардың шығыны


Тозаңдатушы материалдар түрі

Материалдар шығыны,

л/м2



Өңдеулер арасындағы интервал, тәулік

1

2

3

Су – жабулардың ауыспалы және төменгі типтеріне және жетілдірілген жабулар типтері үшін

0,3




Ерітінді:

сульфатты-спиртті барда 60-65 %, су

38-30 %


1,5

25-30

сульфатты-спиртті барда 32-60 %, су 68-40 %

1,5 артық емес

25-30

Эмульсия:

сульфатты-спиртті барда 45 %, жол битумы - 25 %, су - 30 %



1,5

25-30

сульфатты-спиртті барда 48 %, БИ-4 және БИ битумы -5-10 %, мазут немесе солярлы май - 10 %, су - 30 %

1,5

25-30

268. Кеніш атмосферасындағы СО болуын тұрақты бақылау үшін қауіпті концентрация кезінде жарық және дыбыс сигнализациялары болатын сериялық шығарылатын приборлар қарастырылады.

269. Кеніштердегі (шахталарда) жылу режимін реттеу қажеттілігі кен орындарын игерудің нақты тау-кен техникалық шарттарына байланысты орнатылады.

270. Жылу режимін жобалауды арнайы ғылыми-зерттеу институттарының ұсыныстары негізінде жүргізіледі.

271. Ауаны салқындату кезінде кеніштерде (шахталарда) тау-кен қазбалары желелерінің жылу есептерінде қондырғының және қататын толықтырғыштың жылу қайтарымы ескеріледі.

5 - бөлім. Тау-кен механикалық бөлім

1 - бөлімше. Көтеру құрылғылары
272. Осы нормативті талаптар стационарлы көтеру құрылғыларына қатысты және бұрғылау көтеру құрылғыларының жобалау ерекшеліктерін анықтайды.

273. Жер асты кеніштері үшін көтеру құрылғыларын жобалау шахталық жер асты құрылғыларын технологиялық жобалаудың жалпы одақтық нормалары ОНТП 5 талаптарына және оларға енгізілген өзгерістерге сәйкес жүргізіледі.

274. Көтеру құрылғыларының мезхникалы-энергия қондырғыларын таңдау игерудің соңғы тереңдігі үшін берілген перспективті өнімділігінен шыға отырып, жүргізіледі.

275. Пайдалы қазбаларды беру үшін скипті көтергіштер қолданылады. Үлкен емес өнімділік кезінде (жылына 600 мың тоннаға дейін) пайдалы қазбалар беру үшін клетті көтеру қолдануға болады, бұл ірілендірілген техникалық-экономикалық көрсеткіштер бойынша негізделген.

276. Жыныстарды беруге арналған жаға кеніштерді жобалау кезінде жынысты скипті көтергіш қарастырыладыт. Қарсы жүгі бар екі скипті немесе бір скипті көтергіш таңдау есеппен негізделеді. Қолданыстағы кеніштерде жыныстарды беру үшін өнімділік жөніндегі резервтер және жер асты бункерінде жынысты бөлімшесінің қондырғысы болған жағдайда негізгі рудалық көтергішті пайдалануға болады.

277. Көмекші жүк операцияларын орындау және адамдарды көтеру-түсіру көп арқанды және бір арқанды басымды болғанда көтерулер кезінде қарсы жүктері бар клетті көтергіштер кезінде қабылданады. Бір деңгейжиекті ұзақ уақыт қызмет көрсету кезінде бір арқанды екі клетті көтергіш қолдануға болады. Клетті көтергіштер құрылғыларының саны көмекші құралдарды орындау үшін есеппен анықталады. Бұл жағдайда 39-кесте мәліметтеріне бағдарланған басымдылық алады.

39 - кесте
Көмекші операцияларды орындауға арналған клетті көтергіштердің ұсынылатын саны


Кен орнының жылдық өнімділігі, млн.т

Клетті көтерілу саны

1,0 дейін

1

1,0-3,0

2

3,0-5,0

3

5,0- 10,0

4-5

278. Көтеру құрылғысының пайдалы қазбалар беру жөніндегі жылдық жұмыс күнінің саны шахта үшін толық қабылданғандай болып қабылданады.

279. Бәрі арқанды скипті көтергіштің тау-кен массасын беру жөніндегі үш ауысымдағы режимдегі жұмысының есептік уақыты тәулігіне 18 сағат болып қабылданады.

Өндірістік кәсіпорынның келісімі бойынша бір арқанды скипті көтергіштің жалпы жұмыс уақытын тәулігіне 20 сағат деп қабылдауға болады.

280. Көп арқанды скипті көтергіштің тау-кен массасын беру жөніндегі үш ауысымдық режимдегі жұмысының есептік уақыты көтеру биіктігіне байланысты 40-кесте бойынша қабылданады.
40 - кесте
Көп канатты скипті көтерудің жұмыс уақыты


Көтеру биіктігі, м

800 дейін

800-1000

1000-1200

1200-1400

1400-1600

1600-1800

Көп канатты скипті көтерудің тәуліктік жұмыс уақыты, сағат

18

17,5

17

16,5

16

15,5

281. Скипті көтеру жұмысының біртекті (резерв) болмау коэффициенті 41-кесте бойынша жер асты бункерінің сыйымдылығына байланысты қабылданады.

41 - кесте
Скипті көтеру жұмысының біркелкі еместік коэффициенті


Шахтаның сағаттық өнімділік үлесіндегі жер асты сыйымдылығы, сағат

1,0 дейін

1,0-

1,5


1,5-

2,0


2,0-

2,5


2,5-

3,9

3,0 жоғары


Біркелкілік емес коэффициенті неравномерности

1,7

1,6

1,5

1,4

1,3

1,25

Ескерту: Келесі мәндер барынша басымды болып табылады:

жер асты бункерінің сыйымдылығы-2,5 және көтеру жұмысының біркелкі болмау коэффициенті-1,3.

282. Тау-кен массасын беру жөніндегі клетті көтеру жұмысының біркелік еместік коэффициенті:

көмекші көтергіш болғанда-1,3;

көмекші көтергіш болмаған кезінде-1,4 болып қабылданады.

283. Клетті көтеру жұмысының біркелке еместік коэффициенті келесі көмекші операцияларға:

контейнерлердегі ұзын өлшемді материалдарды түсіру кезінде;

адамдарды түсіру және көтеру;

жарылыс заттарын түсіру кезінде уақыт балансына шаққанда К=1,0 болып қабылданады.

Ірі габаритті жүкті түсіру-көтеру кезінде клетті көтеруді пайдалану кезінде жұмыс өнімділігі жобасына сәйкес операция ұзақтығы анықталады.

284. Скиптердің типтері мен сыйымдылығы нақты тау-кен жағдайлары үшін практикалық тәжірибе және ғылыми-техникалық жетістіктерді ескере отырып, жобада анықталады.

285. Клеттер типін таңдау жобада анықталады. Бұл жағдайда қозғалмайтын кузовты клеттерге басымдылық беріледі.

286. Бір арқанды көтергіш үшін тоттануға қарсы жабуы бар жоғары сапалы болаттан немесе басқамықтылығы жоғары материалдардан, мысалы, титан қорытпаларынан жасалған жеңілдетілген ыдыстарды қолдануға болады. Жеңілдетілген көтеру ыдыстарын көпарқанды көтергіште (негізінде терең дігі 100 метр шахталарда) қолдану мүмкіндігі арқандардың сырғанамау шарттары бойынша есептермен негізделеді.

287. Көп арқанды көтергіш құрылғылары үшін МСТ 7668 бойынша мырышталған арқандар қолданылады. Егер арқандардың жүктемелік параметрлері көрсетілген МСТ-қа жеткіліксіз болса, МСТ 7669 бойынша осындай мырышталған арқандарды пайдалануға болады, бұл жағдайда диаметрі 28.0, 30.0, 32.0, 35,5, 39,0, 42,0, 45,5, 49,0 болатын арқандар қатарына басымыдылық беріледі.

288. Бір арқанды көтергіш құрылғыларда тепе-теңдік арқандары әдетті қолданылмайды. Жекелеген жағдайларда тепе-теңдік арқандарын бір арқанды көтергіште қолдану тиісті техникалық және экономикалық негіздемелер (мысалы, келтіргіштің жеткіліксіз қуаттылығы кезінде көтергішті реконструкциялауда).

289. Скипті және клетті көп арқанды көтергіш құрылғыдарда жалпақ тепе-теңдік арқандары қолданылады. Скипті көтергіште тепе-теңдік арқандар ертінде резиантросты таспалар қолдануға жол беріледі.

Тігіссіз резинатросты арқандарға басымдылық беріледі.

290. Көтергіш машиналарының параметрлері нақты тау-кен техникалық жағдайлар үшін жобада анықталады. Көтергіш машиналарды таңдау осы кезеңде қолданыстағы заводтық номенклатуралық катологтар бойынша жүргізіледі.

291. Тиісті технико-экономикалық негіздемелер болған жағдайда МСТ көрсетілген параметрлерден ерекше көтергіш машиналарды қолдануға болады. Көтергіш машинаға тапсырыс беру завод-дайындаушымен келісіледі.

292. Көтергіш машиналарды тапсыру кезінде параметрлердің МСТ көрсетілгеннен ауытқуы арнайы талаптарда айтылады.

293. Электржетектің 300 кВт дейінгі үлкен емес есептік қуаттылығы кезінде фазалық асинхронды роторлы электр двигатель қолданылады.

294. 315-2000 кВт қуаттылық диапозонында завод-дайындаушының номенклатурасына байланысты көтергіш машиналарды ЭЧПМ типіндегі жиілік-реттеуші электржетекпен жинақтау басымды болып табылады.

295. Көтергіш электржетегінің 2500 кВт артық есептік қуаттылығы кезінде көтергіш машиналарды (скипті және клетті, бірарқанды және көп арқанды) редукторсыз баяу жүретін тұрақты токтың электржетегімен жинастыру басымды.

296. Мұнара копрларында орналасқан, тиристорлы түрлендіргіштерден қоректенетін көп арқанды көтергіш машиналары үшін тиристорлы түрлендіргіштер қасында жоғары белгілерді орналастыра отырып, ТСП құрғақ трансформаторлар қарастыру басымды болады.

Электржетектердің үлкен қуаттылықтары (5000 кВт артық) кезінде және құрғақ трансформаторлар қабылдамаған жағдайда тиристорлы түрлендіргіштер мен майлы трансформаторларды орналастыру жөніндегі жинақтау шешімі нақты жағдай ескеріле отырып, жобамен шешіледі.

297. Клетті және скипті көтергіш есептері кезінде формасы жағынан іс жүзіндегі тахограммаға максималды жақындайтын жеті әмбебап периодты тахограмма қолданылады. Клетті және скипті көтергіш тахограммалары формасы жағынан бірдей және қозғалыстар периодтар ұзақтығы жағынан сырғанайтын жылдамдықтан ерекшеленеді, атап айтқанда:

скипті көтергіш үшін – түсіру пунктінен шығу жолы h шығ.= 2,5-3,0м, түсіру пунктінен келу жолы h кір. =4,0-4,5 м;

клетті көтергіш үшін – жоғарғы немесе төменгі қабылдау алаңынан шығу жолы hш=1,5 м, қабылдау алаңына келу жолы hк=2,0 м.

298. Көтергіш машиналар ғимараттарының қабаттар арасындағы жабуларында қондырғыны төменгі қабатқа түсіруге арналған монтаждау ойықтары қарастырылады.

299. Көтергіш машиналары ғимараттарының (имартаттар) мөлшерін анықтау кезінде машинаның басқару пульты мен қабырғалары арасындағы өтетін жер 1,5 м кем емес, машина фундаменті мен қабырғалары арасында 700 мм кем емес.

300. Мұнаралы копр жабуларының бірінде орналасқан көпқанатты көтергіш машиналардың рамалары арасындағы минимальды саңылау машинаны завод-дайындаушымен келісіледі.

301. Көтергіш машиналардың тежеуіш жүйесіне арналған компрессорлар мен ауа жинағыштар мұнаралы копрлар белгілерінде машиналы ғимараттарында өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, орналастырылады.

302. Машина ғимараттарында қызмет көрсетуші персоналдың тұрақты орналасатын мұнаралы копрлар белгілерінде санитарлық бөлімдер қарастырылады.

303. Укосты копрлардың шкиф астындағы алаңдарында копрлы шкифтерді көтеру және монтаждауға арналған жүк көтергіш құралдарға арналған тіреу металконструкциялар қарастырылған.

304. Көтергіш құрылғыларды жобалау кезінде көпарқында көтергіш машиналарды жер беті деңгейінде орналастыру тиімділігі:

бір арқанды көтергішпен реконструкциялау кезінде, сериялық барабанды цилиндрлік көтергіш машиналары талап етілетін арқан сыйымдылығы және жүк көтергіштікке сәйкес келмегенде;

ауытқу шкивтерінсіз көп қанатты көтергішті қолдану мүмкіндігі болмағанда оқпандағы қысылған жағдайда, ал мұнаралы копрларға арналған қолайсыз жағдай болғанда қарастырылады.

305. Мұнаралы діңді жобалау кезінде шахталық діңге ауа өтуін болдырмайтын құрылғылар қарастырылады. Электр тарату құрылғыларының ғимараттары діңде оларға жылытудан, едендер және басқаларды жуудан су тиюін болдырмайтындай болып орналастырылады.

306. Қолданыстағы бір клетті көтергіштер үшін қарсы күштер болмағанда, еңіс және тіке қазбаларда адамдар мен жүктерді түсіруге қызмет ететін жаңадан жобаланатын жүк-адам көтергіш құрылғылар максимальды теріс күштер шамасынан байланыссыз электр тежеуіш сызбасы бұзылған жағдайда қорғаныс тежеуіш іске қосылуы қарастырылады.

307. Тіке және жаңадан жобаланатын еңіс құрылғылар (қазбалардың еңіс бұрышынан байланыссыз) үшін ауытқу бұрышы (арқан шектерінің девиациясы) бағыттаушы шкивтер мен бір арқанды көтергіш машиналарда 1°30’артық емес; бицилиндрлік барабандарда ауытқу бұрышын, оның науалы беті жағынан орындалғанда шағын барабан цилиндрі жағынан 2° арттыруға жол беріледі.

Жаңадан орнатылатын құрылғыларда бағыттаушы шкивтің айналу бұрышында арқан шегі девиациясының толық бұрышы ішінде болады.

Жаңадан орнатылатын шкивті көтергіш құрылғыларда діңдегі бағыттаушы шкифтер үйкеліс шкифтерімен бір тіке жазықтықта орналасады.

Арқан шектерінің деңгейжиектерге қарай еңіс бұрышы тіке оқпандардың көтергіш құрылғылары үшін ұзындығы 45 м болғанда 30° кем емес. Жобада негізделген жағдайда еңіс бұрышын төмендетуге жол беріледі.

Арқан шегінің ұзындығы қолдаусыз роликтер 65 метрден артық емес; егер шектің еңіс бұрышы деңгейжиектерге қарай 45° артық болса, онда оның ұзындығын 75 м дейін арттыруға жол беріледі.

308. Бір арқанды көтергіш құрылғылар үшін тіке және еңіс қазбаларды (еңіс бұрышы 30° артық) осы Нормалармен көзделген 317 тармақта көзделген қорғау болған жағдайда қайта көтеру биіктігі:

1) клетті және скипті клетті көтергіш құрылғыларында көтеру жылдамдығы 3 м/с артық-6 м кем емес;

2) клетті көтергіш құрылғыларды 3 м/с дейінгі жылдамдықпен 4 м кем емес;

3) скипті және аудару клетті жүк көтергіш құрылғыларда 2,5 м кем емес;

4) адамдарды көтеру және түсіру кезінде қауғалы (бұрғылау) көтеруде- 4 м кем емес.

Жаңадан жобаланатын скипті көтергіш құрылғылар үшін-3 м кем емес, клетті және скипті-клеттілер үшін-6 м кем емес (тепе-тең жүріс жылдамдығынан байланыссыз).

Қайта көтеру биіктігі деп есептеледі:

1) аударылмайтын клеттер үшін-жоғары қабылдау алаңында түсіру кезіндегі қалыпты жағдайдан арқанның жоғары бөлігінің бағыттаушы шкифтің жиегіне немесе клеттің жеке бөлшектерінің дің элементтерімен түйіскенге дейін клеть еркін көтерілетін биіктік;

2) адамдарды көтеру және үсіру кезінде аудару клеттері үшін клеть адамдарды отырғызған кездегі қалыпты жағдайдан клет платформасының бұрылысы басталғанға дейін, адамдарды көтеру кезінде түсіру бұрылысы болғанда клеть көтерілетін биіктік;

3) скиптер мен аудару клеттеріндегі жүк көтеру көтергіштері үшін – скип немесе аудару клеті қалыпты жағдайдан түсіру кезінде скиптің өзінің немесе аудару клетінің бағыттаушы шкифтің жиегімен жоғары бөлігімен немесе жекелеген бөліктерінің дің элементтерімен түйіскенге дейін еркін көтерілетін биіктігі.

Көп арқанды көтергіш құрылғысының барлық типтері үшін қайта көтергіш биіктігі 7 м кем емес және 3 м кем емес еркін қайта көтеру биктігінен және қорғау құрылғыларын орнатуға арналған биіктіктен тұрады.

Еркін қайта көтеру-жоғарғы қабылдау алаңында тиеу кезінде оның қалыпты жағдайдан жоғары қорғау құрылғысынан амортизаторға ыдыс органдарын ұстап қалатын кіріске дейінгі ыдыс еркін көтерілетін биіктік.

Қорғау құрылғыларын орналастыруға арналған биіктікті есептеу кезінде амортизатордың жұмыс жүрісінің шамасы және қорғаныс құрылғысы амортизаторының қосымша (резервті) жүрісі ескеріледі. Резерв жүріс шамасы амортизатордың жұмысшы жүрісі ұзындығының жартысынан кем емес.

309. Еңіс көтеру құрылғыларына арналған еңіс бұрышы 30° дейін болатын қайта көтеру жолы:

1) екі ұшты көтеру құрылғыларында-6 м кем емес;

2) қолданыстағы бір ұшты жүк көтеру құрылғыларында-2,5 м кем емес, жобаланатындар үшін 4 м кем емес;

3) бір ұшты жүк-адамдар көтеру құрылғыларында-4 м кем емес.

Вагонеткаларды қалыпты жағдайдан жұмыс процесімен (партияларды қайта ілу, адамдарды отырғызу, партияны еңіс бұрылысқа түсіру үшін вагонеткаларды тоқтату) негізделген жоғарғы, қабылдау алаңында вагонеткалар қозғалысының (арқанның жоғарғы жағының шкив жиегімен немесе барабанмен, вагонеткалардың бекіту элементтерімен немесе желдеткіш есіктерімен түйісуі, рельсті жол трассасының бұрылысы еңіс кіру жолдарында, вагонеткалардың рельстен шығып кетуі мүмкін арқанның девация бұрышының мәніне дейін артуы) қалыпты режимі бұзылуы мүмкін жерге дейінгі қашықтық жүк және жолаушыларды вагонеткалармен жеткізу кезіндегі қайта көтеру жолы болып саналады.

310. Жүк адам машиналары мен шығырлар динамикалық тежелу жүйесімен электр жетекпен, генератор режимінің мүмкіндігін қамтамасыз ететін құрылғылармен жарақтандырылады. Динамикалық тежелу жүйесі оның жұмысы бұзылған кезде қорғану тежеуішіне әсер етеді және кері электродинамикалық байланысы болады. Жүк адам көтергіш машиналары және шығырлардың резервті электрдвигателі болады.

Әрбір көтергіш машина жұмыс және бір-бірінен тәуелсіз жетектерді қосу мүмкіндігімен қорғаныс механикалық тежеуіштермен жарақтандырылады. Тежеулердің көрсетілген түрлері бір немесе екі тежеуіш жетектермен іске асырылады. Көтергіш құрылғыларда екі тәуелсіз тежеуіш жетектермен машиналар қарастырылады. Қорғаныс тежеуіштер арқан навивкасы органына әсер етеді.

Тежеуіштер машинист жұмыс орнынан тұрмай еркін басқара алатындай етіп орналасады.

311. Навивканың арқана диаметріне қатысты ең кіші диаметрі кем емес:

1) 120-бір арқанды шкивті үйкеліс көтергіш машина үшін;

2) 100-көп қанантты ауытқу шкивті көтергіш машина үшін;

3) 78-бір арқанды көтергіш құрылғылардың шкивтері мен барабандары үшін бетінде, көп арқанды құрылғылар ауытқу шкивінсіз;

4) 60-қазбаларды бұрғылау кезінде пайдаланылатын, жер асты көтергіш машиналары мен шығырларының бағыттаушы шкифтері мен барабандары үшін;

5) 50-жылжымалы көтергіш машиналар үшін, жынысты үйінділерде қолданылатын бағыттаушы шкифтер мен шығыр барабандары үшін, тасымал шығырлары үшін.

312. Жүк-адам көтергіш құрылғылары үшін тіке және көлденең (60° артық) пайдалану оқпандарында барабандағы арқан навивкасы бір қабатты.

Жол беріледі:

1) барабанға арналған екі қабатты арқан навивкасы екі қабатты-жер бетіндегі тіке жүк көтергіш құрылғылары үшін және 30-60° еңіс бұрышты қазбалар бойынша адамдарды түсіру және көтеруге;

2) үш қабатты навивка-еңіс бұрышы 30° дейінгі қазбаларда адамдарды түсіру және көтеру кезінде, тіке және еңіс қазбалардан өтеу кезінде; жүк жер асты тіке және жер бетіндегі жүк еңіс тасымалдау құрылғылары және жүк еңіс тасымалдау құрылғылары үшін;

3) көп қабатты навивка-авариялық-жөндеу және көмекші жүк көтергіш құрылғыларында (жынысты, үйінділер, жүктерді эстакадаларға көтеру, жүктер мен көмекші материалдарды ауысымда 10 циклден артық жасалмайтын учаскелік тіке және еңіс қазбалар және басқа қазбалар бойынша көтеру және түсіру), бұрғылау (жылдамдығы 0,4 м/с жоғары емес) шығырдарда және құтқару сатыларына арналған шығырларға (жылдамдығы 0,35 м/с).

313. Жаңадан орналастырылатын көтергіш машиналар барабандарының екі жағынан биіктігі арқан диаметрінен 1,5 кем емес ребордалары болады. Барабандардың навивтеу беті навивка қабаттары санына қатыссыз кертік орама арналары болады.

Барабанға бір қабаттан артық арқан навивкасы болуы кезінде келесі шарттар орындалады:

1) барабан ребордасы жоғарғы қабаттан 2 арқанның 2,5 диаметрінен шығып тұрады;

2) канаттың критикалық учаскесінен кейін төменгі қатардың (жоғарғы қатарға ауысу) соңғы тармағынан төрттен бір ұзындығында күшейтілген бақылау жасалады (осы орында үзілген сымдарды тіркеу) және арқанды орамның төрттен біріне әрбір екі айда қайта қозғалту жүргізіледі.

314. Арқанды барабанға бекіту арқанның саңылау арқылы өтуі кезінде барабан цилиндрінде саңылаудың үшкір ұштарымен деформацияланбайтындай етіп орындалады. Арқан ұшын барабан валына бекітуге жол берілмейді. Арқан ұштарын барабанға арқанды кемінде үш жерден кем емес бекітуге мүмкіндік беретін барабанда көзделген құрылғылар арқылы іске асырылады.

Арқанды тартуды босату үшін барабанға бекітілген орнында соңғысының бетінде барабанда, ағашпен пресс-массамен футеровандалған үштен кем емес орамдағы үйкеліс және бес орамнан кем емес барабандағы, фрикционды материалдармен футерленбеген үйкелістер қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, үйкелістер арқанды мерзімді сынау үшін қосалқы орамдары қарастырылады. Қосалқы орамдар барабан бетінде және оның ішінде орналасады. Қосалқы орамдарды орналастыруға арналған бобиналардың машина барабанынан қатысты белгілеуге мүмкіндік беретін құрылғылары болады.

315. Адамдарды көтеру және түсірудің максимальды жылдамдығы тіке қазбалар бойынша жобада анықталады. Бірақ 12 м/с артық емес, ал еңіс қазбалар бойынша-5 м/с. Адамдарды қауғаларда бағыттаушылар бойынша көтеру және түсіру кезіндегі жылдамдығы 8 м/с артық емес. Ал бағыттаушылар болмаған жағдайда 1 м/с.

Жүктерді тіке қазбалар бойынша түсіру және көтерудің максималды жылдамдығы жобада анықталады, ал еңістер бойынша жүктерді скиптерде көтеру кезінде 7 м/с артық емес және жүктерді вагонеткаларда көтеру кезінде 5 м/с.

Скипті көп арқанды көтеру құрылғымен жүктерді түсіру (бос кип кезінде қарсы салмақ) «ревизия» режимінде жүргізіледі.

Көтеру ыдыстарының түсіру кезіндегі жылдамдығы - олардың астында ілінген жүктерді көтеру кезінде, осы көтеруге арналған номиналды жылдамдықтың 1/3 артық емес. Сөрелерді, насостарды, су айдау құбырларын және басқа бұрғылау қондырғылары, құтқару сатыларынан басқа ауыстыру жылдамдығы 1,2 м/с артық емес. Құтқару сатыларын алмастыру жылдамдығы 0,05 м/с артық емес.

316. Көтеру құрылғысын баяулатудың орташа шамасы қорғаныс және жұмыс (экстренді жағдайларда) тежеуіші кезінде 42-кестеде көрсетілген мәндерден артық емес.

42 - кесте


Еңкіштік бұрышы, градус

5

10

15

20

25

30

40

50 артық

Баяулату шамасы, м/с

0,8

0,2

0,8

0,5

0,0

0,5

4,0

5,0

Көтеру құрылғысының баялауының орташа мәні қорғаныс тежеуіш кезіндегі шамасы қазбалардың еңіс бұрышы 30° дейін болғанда 0,75 м/с кем емес және қазбалардың еңіс бұрышы 30° артық болғанда 1,5 м/с кем емес.

Егер көтерілетін ыдыстың қайта көтеру жолы шегінде, ал түсірілетін-отырғызу алаңынан төмен орналасқан жол учаскесінде тоқтауы қамтамасыз етілсе, қазбалардың еңіс бұрышы-30° дейінгі көтеру құрылғыларында 0,75 м/с кем баяулатуға жол беріледі.

Орташа баяулату ретінде максималды жылдамдықтың көтергіш машинаның тежелуі басталу сәтінен бастап өтетін оның толық тоқтауына дейінгі уақытқа қатынасы қабылданады. Үйкеліс шкивтері бар көтергіш құрылғыларында орташа баяулау мәні учаскеде орнаған тежелу процесімен анықталады.

Үйкеліс шкифтері бар құрылғыларда баяулату үйкелістері жұмыс тежелуі сияқты қорғаныс тежелеуінде арқанның шкиф бойынша сырғанау мүмкіндігімен негізделген шамалардан артық емес. Қолданыстағы бір арқанды және көп арқанды шкифті үйкелісті скипті көтеру құрылғыларында арқандардың сырғанауын болдырмау мақсатында осындай құрылғылардың шарттарында жүктің 1 м/с жылдамдықпен түсу мүмкіндігін болдырмайтын құрылғыларды блокировкалау арқылы баяулатудың төменгі шегін 1,2 м/с шамасына шектеуге жол беріледі.

Тежеуіш жүйені реттеушісімен талап етілетін баяулату қамтамасыз етілмейтін үйкеліс шкифтері бар көтергіш құрылғылар сайлау немесе автоматты реттелетін қорғаныс тежеу жүйесімен жарақтандырылады.

317. Қайта көтеруден сақтау және жылдамдықты арттыру үшін шахталы көтеру құрылғы қорғаныс құрылғыларымен жабдықталады:

1) әрбір көтергіш ыдыс (қарсы салмақ) үшін көтергіш машинаны сөндіру және ыдысты қабылдау алаңынан (түсіру кезінде оның қалыпты жағдайы) 0,5 м жоғары көтеру кезінде қосуға арналған діңде орналасқан ұштық сөндіргішпен және тереңдік көрсеткішінде немесе жүріс реттеушісінде орнатылған және діңде орналасқан ұштық сөндіргіштер жұмыстарын қайталауға арналған орнатылған екі ұштық сөндіргішпен. Еңіс қазбаларда ұштық сөндіргіштер тоқтау орнынан 0,5 м қашықтықта орналастырылады: адам вагонеткаларында – адамдарды жоғары отырғызу алаңында отырғызу кезінде, жүк партиясы – оның еңіс жүріске түсу алдында.

Аудару клеттері бар көтергіш құрылғыларының адамдарды клетке отырғызуға арналған алаң деңгейінен 0,5 м жоғары діңде орналасқан қосымша соңғы сөндіргіштері болады. Бұл ұштық сөндіргіштердегі жұмыстар тереңдік көрсеткіштерінде орналасқан (жүріс реттеушісі) ұштық сөндіргіштермен қайталанады.

Діңде орналасқан ұштық сөндіргіштерді қайталайтын негізгімен бір деңгейде орналасқан, оларды жеке кабельмен қоректендіру және машинаны басқару пультында әрқайсысына сөндіргіштердің жұмыс істеуін тексеруге арналған баспалар (қалпын белгілеусіз) орнатуға жол беріледі. Қосымша ұштық сөндіргіштер (негізгі және қайталамалы) аудармалы клеттері бар құрылғыларда қорғаныс тізбегіне «жүк» және «адамдар» режимінде іске қосылады;

2) қорғаныс тежеуіштің іске қосылуын шақыратын жылдамдық шектеушісі ретінде:

шамасы баяулау жолының әрбір нүктесінде скиптерді авариялық қайта көтерудің алдын алу жағдайынан және клеттің қатты отырудан (жылдамдығы 1 м/с артық) шыға отырып, анықталатын қорғаныс тахограммасы жылдамдығының баяулау кезеңінде артуы;

біркелік жүріс жылдамдығының 15 % артуы;

ыдыстың жоғарғы және төменгі қабылдау алаңдарына, оқпанды арқанды бедеровкалау кезінде қатты бағыттаушыға адамдарды көтеру және түсіру кезінде 1 м/с артық және 1,5 м/с жылдамдықпен-жүктерді түсіру және көтеру кезінде келуі;

2-тармақшаның талаптары қозғалыс жылдамдығы 3 м/с артық қолданыстағы көтергіш құрылғыларға және жаңадан жобаланатындарға-2 м/с артық жылдамдықпен. Қалған көтергіш құрылғылар біркелкі жүрістері 15 % артқан жағдайда аппараттармен, құрылғыны сөндіргіштермен жарақтандырылады.

318. Шахталы көтергіш құрылғылар келесі қорғаныс және блокировкалау құрылғыларымен жабдықталады:

1) электрдвигателі қайта іске қосылған кезде және кернеулік болмаған кезде әрекет ететін максималды және нольдік қорғаныспен;

2) шектердің іліну және арқанның оқпанда түсуінен;

3) машинистің ашық торлар кезінде «Тоқта!» сигналын қосатын және деңгейжиектердің қабылдау алаңдарында клет болмаған жағдайда торлардың ашылуына жол бермейтін оқпандардың қорғаныс торларын қабылдау алаңдарында блокировкалау;

4) қайта көтеруді жою бағытында ғана ыдыстың қайта көтерілуінен кейін двигательді іске қосуға мүмкіндік беретін блокировкамен;

5) түйістіру реверстері арасындағы доғалық блокировкалаумен, динамикалық тежеу блокировкасымен;

6) жұмыс тежеуішінің сабы «тежелген», ал басқару аппаратының (бақылаушы) сабы нольдік қалпында болмаған кезде қорғаныс тежеуішін шешу блокировкасымен;

7) оқпанды бұрғылау кезінде қауғаны оның жұмыс сөресіне жеткенге дейін бекіткішті шығару кезінде және оқпан қабатына келу кезінде 5 м бұрын тоқтауды қамтамасыз ететін блокировкамен;

8) түсіру қисықтарында ыдыстардың ілінуінен қорғаудан сақтаумен;

9) арқандарды сырғанаудан блокировакалау;

10) оқпанды бұрғылау және тереңдету кезінде қауғаны оның жабық лядаға жеткенге дейін тоқтауды қамтамасыз ететін блокировкамен;

11) оқпаншыға немесе машинистке тежеуіш арқандарды олардың зумпфада бекітілу орнында тарту кезінде сигнал беруші құрылғымен;

12) тепе-теңдік арқанының ілмегін жол берілмейтін жағдайда көтергенде машинистке сигнал беретін құрылғымен;

13) жылдамдықты қайталаушы шектеушімен, егер негізгі шектеуші толық өзін бақылауы болмағанда. Бұл талап адам және жүк адам көтергіш құрылғыларына да қатысты;

14) барабан жиегі мен тежеуіш құдығы арасындағы саңылау 2 мм артық үлкейген кезде жұмыс істейтін тежеуіш құдықтарының шектен тыс тозуынан блокировкалау;

15) қауғалы көтеру рамасы бағыттаушысының майысу туралы сигнал беру құрылғысымен;

16) машинистке тербеліп тұрған алаңдар мен отырғызу кулактары ілініп тұрған;

17) баяулату кезеңінің басы туралы сигнал беретін автоматты қоңыраумен.

319. Әрбір көтергіш машина мен шығырда бір-бірінен тәуелсіз жұмыс және механикалық қорғаныс тежеу қарастырылады.

320. Көтергіш машинаның қорғаныс тежеуішінің бос жүрісінің ұзақтығы 0,5 секундтан артық емес. Қорғаныс тежеуішінің (бос жүріс уақытын есептемегенде) 0,8 секундтан артық емес.

Жүк бұрғылау шығырының тежеуішінің бос жүрісі 1,5 секундтан аспайды.

321. Қорғаныс тежеуішін қосу көтергіш машинаның қоректендіруші двигателін қоректендіретін энергияны автоматты түрде сөндірумен сүйемелденеді.

322. Барабандар қалпын реттеу немесе тежеуіш құрылғысын жөндеу әрбір машинада тежеуіштен басқа бекітпен құрылғылары қарастырылады.

323. Бірнеше көтергіш құрылғы орналасқан шахталар оқпандарында әрқайсысының басқару пультінде барлық көтергіш машиналарды біруақытта авариялық сөндірудің баспасы болады.

324. Екі көтергіш құрылғысының адамдардың түсіру және көтеру кезінде бір уақытта жұмыс істеуі жөніндегі ерекше мүмкіндігін болдырмайтын блокировкалау қарастырылады.

325. Әрбір көтергіш машинаның дұрыс іс әрекет жасайтын:

1) өзі жазатын жылдамдық өлшеуіш (жылдамдығы 3 м/с артық болатын машиналар үшін);

2) басты ток пен электродинамикалық тежеу тізбегінің амперметрлері мен вольтметрлері;

3) сығылған ауа немесе тежеуіш жүйесіндегі майлар қысымын көрсететін манометрлер.

326. Көтергіш машина ғимараттарында, жарықтандырудан басқа жалпы шахталық жарықтандыру желісінен тәуелсіз авариялық жарықтандыру қарастырылған.

Машиналы зал ғимаратының қоректендірудің тәуелсіз көзінен жұмыс және резервті жарықтандыруы болады. Жарықтандыру нормасы жазықтық пен еденге қатысты 50 люкстен кем емес.

Барлық типтегі жеке жарықтандырғыштарды (аккумуляторлы және осыған ұқсастар) авариялық жарықтандыру үшін қолдануға жол берілмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет