Жер асты тәсілімен барлайтын кен өндіру кәсіпорындарын технологиялық жобалау нормалары


- бөлімше. Кеніш бетіндегі құрылғыларды электрмен қамтамасыз ету



бет10/16
Дата07.07.2016
өлшемі1.7 Mb.
#181976
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

2 - бөлімше. Кеніш бетіндегі құрылғыларды электрмен қамтамасыз ету
436. Өнеркәсіптік алаңындағы жоғары вольтты желі кернеулігі 6, 10, 35, 110 (150) және 220 кВ қабылданады.

437. Электрэнергиясын тұтынушыларға арналған кернеулік қабылданады:

күштік тұтынушылар үшін-10000, 6000, 380 және 660 В;

ішкі және сыртқы жарықтандыру үшін-220 В жүйеден 380/220 В.

438. Трансформацияның әрбір сатысына арналған 220, 150, ПО, 35, 10 және 6 кВ басты төмендеткіш шағын станциясында трансформаторлардың саны мен қуаттылығы, олардың біреуі істен шыққан уақытта трансформаторлардың артық жүктелу қабілеттілігі ескеріле отырып, қалғандарының қуаттылығы I және II санаттағы жүктемені қамтамасыз ететіндей болуы керек.

439. Цехтардағы 6-10/0,4 кВ трансформаторлы шағын станциялардың қуаттылығы электротехникалық өнеркәсіптік құрылғыларды жобалау жөніндегі Нұсқаулық нұсқамаларда баяндалған ұсыныстарды ескере отырып, қабылданады.

440. Кен өндіру кәсіпорындарының барлық шағын станциялары автоматика (автоматты қайта қосу, резервті автоматты қосу және басқалар), ал қажет болғанда-телемеханика және сигнализация құрылғыларын қолдану арқылы қызмет көрсететін персоналсыз жобалау керек.

441. 6-10 кВ тарату құрылғыларында, 20 % кем емес резервті камералар қарастырылады.

442. Өнеркәсіптік шаң болу немесе қоршаған ортаның агрессивтілігі кезінде қондырғылар мен ОРУ күштік трансформаторларын оқшаулау номиналды кернеуліктен сатыға жоғары, ал пайдалану мерзімі 5 жылдан артық болатын кернеулігі 6-10 кВ болатын тарату құрылғысы жабық типте қарастырылады.

443. Үлкен қар басу және шаң борандары кезінде 35 кВ және одан жоғары кернеуліктегі толық жабық трансформаторлық шағын станциялар салуға жол беріледі.

444. Жинақталған кез келген кернеуліктегі (150/6, 110/6, 10/0,4/0,69 және тағы басқа) трансформаторлық шағын станциялар, электр өнеркәсібі заводтарында жасалатын жоғары және төмен кернеуліктегі жинақталған тарату құрылғылары кеңінен қолданылады.

445. Трансформаторларды сырттан орнатуды сәулет безендіру немесе ғимараттар арасындағы қажетті өтетін жолдар мен алшақтықты, ортаның агрессивтілігі немесе климаттық жағдайларды қамтамасыз ету көзқарасынан кедергі болмайтын барлық жағдайларда қолдану ұсынылады.

446. Шағын станцияларды жобалау кезінде Мемқұрылыс бекіткен типтік жобаларды басшылыққа алу керек.

447. Трансформаторлық шағын станциялар саны мен қуаттылығын таңдау және оны орындау (бір, екі және үш трансформаторлы) электротехникалық өнеркәсіптік құрылғыларды жобалау жөніндегі Нұсқамалық нұсқаулықтарда баяндалған материалдар бойынша жүргізіледі.

448. Жеке тұрған шағын станциялар, оларды цехтарда орналастыруға мүмкіндік болмағанда немесе мақсатты болмағанда ғана қарастырылады.

449. Бір траншеяда 5-6 кабельден артық емес салулар қарастырылады.

450. Коммуникациялармен толтырылған аумақтардағы кабельдер саны көп болғанда, әртүрлі кабельдерді біріктіру және тунельдер, каналдар және блоктарда, ашық қабырғаларда және эстакадаларда кабельдер салу мүмкіндігі қарастырылады.

451. Бірнеше параллель технологиялық ағындар болғанда әрбір жеке ағынның электр тұтынушыларын қоректендіру бір технологиялық ағын тоқтаған кезде осы ағынды қоректендіретін шағын станцияны сөндіру мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей және басқа технологиялық ағындардың жұмысы бұзылмайтындай болып іске асырылады.

452. Кеніштер бетіндегі төменгі вольтты жүктемелерді қоректендіру үшін күштік тұтынушыларға және оқшауланған нейтралы бар трансформаторлар талап етілетін жарылыс материалдары қоймаларын және руда қоймаларындағы экскаваторларды, кеніштердің өнеркәсіптік алаңдарын қоректендіруге арналған нейтральмен жерге қосылған жалпы трансформаторлар қарастырылады.

453. Жер асты құрылғыларының төменгі вольтты тұтынушыларын жер бетіндегі шағын станциялардан қоректендіру жағдайында оқшауланған нейтралы бар жеке трансформаторлар қарастырылады. Қоректендіруші күштік және төменгі кернеуліктегі жарықтардыру желілерін жеке жобалау керек, аз қуатты объектілер үшін (50 кВт дейін-380 В кернеулікте және 660 В кернеулікте) оларды біріктіруге жол беріледі.



3 - бөлімше. Жер асты құрылғыларын электрмен

қамтамасыз ету және электрмен жабдықтау
454. Электр қондырғылардың техникалық сипаттамасына сәйкес электроқабылдағыштар кернеулігі:

шахтада электрэнергиясын тарату және жоғары вольтты қондырғыларды қоректендіру үшін 6 кВ, стационарлық жер асты шағын станциялары үшін 10 кВ, жылжымалы шағын станциялар үшін-6 кВ;

төменгі кернеуліктегі күштік электрқабылдағыштар үшін-оқшауланған нейтралы бар трансформатор жүйесінен 380 және 660 В (қондырғыны шығаруға байланысты);

жарықтандыру үшін-оқшауланған нейтралы бар трансформатор жүйесінен қыздыру шамдары кезінде-127 В, люминесцентті жарықтандырғыш үшін 127 және 220 В;

тартқыш желілер үшін-тұрақты токтың 250 немесе 550 В қабылданады.

455. Жер асты тұтынушыларын электрмен қамтамасыз ету 6 (10) кВ жер үстінің басты төмендеткіш шағын станциялардан және жер асты қазбаларында тікелей орналасқан орталық жер асты шағын станциялардан іске асырылады. Жер үсті ГПП орамалары ағытылған 6 (10) кВ трансформаторлар немесе жер асты электр қондырғыларды 6 (10) кВ ерекше қоректендіруге арналған арнайы бөлгіш трансформаторлар орнату ұсынылады.

456. Кернеулігі 6 (10) кВ орталық жерасты шағын станцияларын кем дегенде екі кабельдік желі арқылы қоректендіру қарастырылады, олардың біреуі істен шыққан уақытта жұмыста қалғаны I және II санаттағы тұтынушы жүктемесін 100 % қамтамасыз етеді.

Бас су төкпенің сорғыш шағын станцияларын қоректендіру, егер қоректендіруші орталық жер асты шағын станциялар желісінің жүктемесі тарату құрылғысының енгізу жәшіктерінің максималды жол берілетін каталогты мәліметтерден артық болса немесе қалыпты іске қосуды қамтамасыз етпесе жер бетіндегі шағын станциялардан шығатын өзіндік желілер бойынша іске асырылады. Бұл жағдайда әрбір желі 100 % жүктемеге есептелген.

Электр жүктемелерді есептеу кезінде су төкпенің сорғыш шағын станцияларында жұмыс және резервті сорғыш агрегаттар ескеріледі.

458. Игеру тереңдігі 100 м дейінгі жағдайда жер асты тұтынушыларды электрмен қамтамасыз ету ұңғымалар арқылы іске асырылады. Кернеулік таңдау техникалық экономикалық есептерге негізделген.

Жер бетіндегі кабельдік ұңғымаларда жылжымалы трансформаторлық шағын станциялар орнату жобаланады.

Бір ұңғымада (трубада) шиналардың бір секциясына қосылған және III санаттағы жүктемелерді қоректендіруге арналған екіден артық емес кабельдер салу жобаланады.

459. Шахтаның жерасты желісіндегі қысқа тұйықталу қуаттылығы маймен толтырылған жоғары вольтты аппаратура ажыратқыш шектік қуаттылықтың жартысынан және кенішті атқарудағы басқа жоғары вольтты аппаратураның жер асты жағдайына арналған шекті рұқсат етілген шамасын артық болмайды.

460. Қосалқы станцияның жоғары вольтты тарату құрылғысын жобалау кезінде оны 10-20 % кеңейту, бірақта шиналардың әрбір секциясында бір ұяшықтан кем емес мүмкіндігі қарастырылады.

461. Орталық жер асты қосалқы станция оқпан маңындағы аула маңында орналасу жағдайында тартқыш жер асты қосалқы станциямен біріктіріледі. Су төкпе болғанда орталық жер асты қосалқы станция камерасын осы Нұсқаудағы 457 тармақта көрсетілген жағдайдан басқа жағдайда сорғыш камерасына тікелей жақын орналастыру ұсынылады.

462. Учаскелік жер асты қосалқы станциялар тасымал деңгейжиектерде орналастырылады:

стационарлық-камерада;

жылжымалы-тасымал учаскелердің арнайы кеңейтулерінде немесе тұйықтарда.

463. Жер асты қосалқы станцияларында ауа температурасы қондырғылар (тартқыш трансформаторлар, түрлендіргіш агрегаттар) бөлетін жылу бөлу есебінен аралас қазбалардағы рұқсат етілетін максималды ауа температурасынан 5° артық болмайды. Қосалқы станцияларды желдету жалпы шахталық депрессия немесе орнатылған желдеткіштер есебінен іске асырылады.

464. Жерасты электр тұтынушыларды қоректендіру үшін жылжымалы қосалқы станциялар қолданылады.

465. Жер асты қазбаларындағы жоғары вольтты және төменгі вольттты электр қондырғыларды, іске қосатын және іске қосу реттеуші аппаратуралар қалыпты кеніш орындауында қабылданады. Алдағы уақытта кенішті орындауда электр қондырғыларды шығаруды игергенге дейін электр қондырғыларды қалыпты (кенішті емес) орындауда (жабық, қорғалған) қолдануға жол беріледі.

466. Жер асты қазбаларында орнатылатын барлық тартқыш және жарықтандыру трансформаторларында төменгі кернеулік 60 В жағында ток кемуінен қорғау қарастырылады. Шығатын желілерді 6 кВ қорғау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № 132 бұйрығымен бекітілген Жер асты тәсілімен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүргізіледі.

467. Электржетекті өзіндік жүретін қондырғыларды қоректендіру келесі жүйелер бойынша іске асырылады. Трансформаторлы қосалқы станция-тарату пункті-төртінші желі жерге қосушы ретінде пайдаланылатын төрт желілі иілгіш кабельді тұтынушылар. Жоғары вольтты кабель ұзындығы трансформаторлық қосалқы станция 50 м артық емес қашықтыққа қозғалтуды қамтамасыз ететін. Төменгі кернеулікте өзіндік жүретін қондырғыны қоректендіру сызбасы жылжымалы қосалқы станция кенжарларынан максималды алыстатылған машиналар жұмысының сенімділігін қамтамасыз етеді.

468. Электр энергиясын беру және тарату үшін қабықтары бар немесе қорғаныс жабулары бар жануды таратпайтын кабельдер қарастырылады:

1) көлденең және көлбеу қазбалар бойынша (450 дейiн) стационарлық төсеулер үшін-қорғасын, поливинилхлорид немесе алюмин қабықта брондалған кабелдер;

МСТ немесе аттестацияланған ұйымның қорытындысы негізінде қарастырылған тұтас поливинилхлорид шлангісінде алюмин қабықта қағаз оқшаулаумен брондалмаған кабелдерді қолдануға жол беріледі;

2) тіке және еңіс (45о жоғары) қазбалар бойынша жаңадан салынулар үшін қорғасын, поливинилхлорид немесе алюмин қабықта немесе поливинилхлоридті поливинилхлорид қабықта, резеңке немесе қағаз оқшаулауымен (аз не ақпайтын сөндiрiлген) сымды брондалған тартқыш кабелдер қарастырылады.

Таза ауа ағысын жiберетiн, рельс көлiгiмен жабдықталған ағаш бекiтпесi бар тiк оќпандар бойынша көлбеу оқпандарда және еңiстерде күш беретiн кабелдердi салуға рұқсат етiлмейдi.

Тіке оқпан бойынша салынатын қоректендіру кабельдері тармақтарының минималды қимасы 35 мм2, максималды 180 мм2 артық емес қабылданады.

Жер асты қазбаларындағы күш беретін және жарықтандыру желілерінің кабельдерін таңдау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № 132 бұйрығымен бекітілген Жер асты тәсілімен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүргізіледі.

469. Бұрышы 45° артық қазбаларда броны бар кабелдермен бірге бақылау кабелдерiн салу үшін МСТ немесе аттестацияланған ұйымның қорытындысы негізінде қарастырылған иiлгiш резина кабелдер, поливинилхлоридті шлангтегі бронсыз кабельдер қолдануға жол беріледі.

470. Көлденең қазбаларда және еңіс бұрышы 45° дейінгі қазбаларда кабельдерді салу кезіндегі талаптар:

кабельдер кабельдік конструкциялар бойынша салынады және көлік құралдары зақым келтірмейтін биіктікте орналастырылады және бұл жағдайда кабельдердің конструкциялардан үзілуіне жол берілмейді;

бірлік кабельдер салу кезінде оларды қапсырмаларға, ағаш қазықтарға, брезент таспаларға, бекітудің металл элементтеріне іліп қоюға жол беріледі.

Кабельдерді ілу нүктелері арақашықтығы 3 м артық емес, ал кабельдер арасында 5 см кем емес.

Қазбалардың жекелеген учаскелерінде кабельді жерге салу қажеттілігі кезінде кабель жанбайтын материалдардан жасалған мықты қоршаулармен механикалық зақымданулардан сақталады. Кабельдерді желдету далдалары мен өртке қарсы есіктер арқылы салу, кабельдерді электромашиналы камераларға және қосалқы станцияларға енгізу және шығару құбырлар (металл, бетон және тағы басқа) арқылы іске асырылады.

Бір трубада екі не одан артық кабель салуға жол берілмейді.

Байланыс және сигнализация кабельдерін, шахталарда ашылған сымдарды салу қазбалардың күш беретін кабельдерден бос жағында жүргізіледі, ал бұл талапты орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда күш беретін кабельден 0,2 м қашықтықта орналастырылады.

Ашық сымдар оқшаулағыштарда орнатылады.

471. Бұрышы 45° артық қазбаларда кабельдер салу кезіндегі талаптар:

кабельдер өзінің жеке салмағының әсерінен босататын құралдар арқылы жүргізіледі. Еңіс қазбаларда бекіту орындары арасындағы қашықтық 50 м артық емес, ал тіке қазбаларда-7 м. Кабельдер арақашықтығы 5 см;

кабельдерді бекітуге арналған құрал конструкциясы кабельдің және оның бронының зақымдануына жол бермейді.

Ұңғыма бойынша кабельдер салу кезінде ол болат тросқа мықты бекітіледі. Тұрақсыз жыныстар бойынша бұрғыланған ұңғымалар айналмалы құбырлармен бекітіледі.

Таспалы бронды кабельді монтаждау кезінде оны тұрақты бекіткенге дейін ол өзінің салмағының әсерінен созылуына жол бермеу мақсатында болат тросқа бекітіледі.

472. Иілгіш резина кабельдерді салу талаптары:

иілгіш кабельдер осы нормалардың 470 тармағында көрсетілген талаптарды сақтай отырып, қатты емес бекітіледі;

кабельдер мен желдеткіш резина құбырларын қатар салуға жол берілмейді. Соңғысы қазбаның қарсы жағына салынады;

иілгіш кабельдің машинаға жақын орналасқан, жылжымалы механизмдерді қоректендіруші бөлігі жерге 30 м артық емес салынған, сонымен қатар қозғалатын машинаның оны зақымдау қауіптілігі болмайтындай етіп салынады;

өзіндік жүретін қондырғыны қоректендіретін иілгіш кабельді жерге 30 м артық емес қашықтықта салуға жол беріледі, егер машина конструкциясы және тау-кен жұмыстарының шарттары машинаға кабельдің жақын орналасқан бөлігін ілу қажеттілігін болдырмаса.

473. Маймен толтырылған электр қондырғы орналастырылған электромашина камералары және қосалқы станция камералары, қызмет ету мерзімі 5 жыл және одан артық болатын электромашина камералары жанбайтын материалдармен (бетон, кірпіш, бетон шашырандысымен және тағы басқалармен) бекітіледі.

Жаңадан салынатын шахталарда қызмет ету мерзімі бір және одан артық болатын электр машиналы камералар жанбайтын материалдармен бекітіледі.

Қызмет көрсету мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейінгі маймен толтырылатын электр қондырғысы бар электр машиналы камералар жанбайтын тартпамен металл бекіткішпен бекітіледі, ал қызмет көрсету мерзімі бір жылға дейін-металл торға салынған қалыңдығы 10 мм кем емес цемент қоспасының қабатымен қорғалған ағаш бекіткішпен бекітіледі.

Барлық желдеткіш түйіспелер мен камераға енулер оған жақын орналасқан тау-кен қазбалары камерадан және камераға қарсы екі жаққа бірдей 5 м кем емес қашықтыққа камера бекітілген материалмен бекітіледі.

Егер камераға апаратын қазбалар (кіріс қазба) немесе камерадан шығатын желдеткіш түйіспенің ұзындығы 5 м артық болса, онда камерадан бастап санағанда 5 м кем емес қашықтықтағы қазбалар бөлігі көрсетілген материалдармен бекітіледі. Орталық жер асты қосалқы станция камералары еденінің және бас су төкпенің деңгейі су төкпе құбырлары салынған оқпанмен түйіскен жерінде оқпан маңындағы аула рельстер басындағы белгілерден биік 0,5 м кем емес.

474. Электр қондырғы орнатылған барлық камераларда тұтас өртке қарсы есіктерден басқа тиекті құрылғысы бар тор есіктер орнатылады. Тұрақты қызмет көрсететін тұлғалар болмайтын камералар есіктері-жабық. Камера кірісінде «Бөгде адамдарға кіруге болмайды» белгісі ілінеді, ал камерада көрінетін жерде тиісті ескерту плакаттары бекітіледі.

Маймен толтырылмайтын электр қондырғы орнатылған камераларда тұтас өртке қарсы есіктер орнатпауға жол беріледі.

475. Жаңадан жобаланатын орталық сорғыш камераларында және орталық жер асты қосалқы станцияда электр аппаратураларды орнату аппараттың ток жүретін бөліктеріне су өтетін орындары оқпан маңындағы ауласындағы (оқпан жанында) рельстер басынан 1 м кем емес биіктікте болатындай етіп орналастырылады.

Осы параграф талаптары су төкпелері автоматтандырылған тереңдетілген камераларға жатпайды.

476. Ұзындығы 10 м артық қосалқы станция камераларында камераның бір-бірінен барынша алыс орналасқан екі шығыс орындар орналастырылады.

477. Машиналар мен аппараттар арасында камераларда оларды жөндеу немесе ауыстыруға кезінде 0,8 м кем емес тасымалдауға жеткілікті өтетін жолдар қалдырылады, камера қабырғалары жағынан ені 0,5 м кем емес монтаждау өтетін орындары қалдырылады.

Егер қызмет көрсету, монтаждау және машиналар мен аппараттарды жөндеу кезінде оның сырт және бүйір жағынан бару қажеттілігі болмаса оларды бір-біріне және камера қабырғасына тығыз орналастыруға жол беріледі.

478. Камераларда қандайда бір заттармен немесе қондырғымен өтетін орындарды жабуға болмайды.

Жылжымалы трансформаторлы қосалқы станция, жинақталған тарату құрылғылары жақсы бекітілген және қызмет көрсетуге ыңғайлы орындарда орналастырылады, тамшылардан және механикалық зақымданулардан қорғалады, көлік жұмысына және адамдардың қозғалысына кедергі келтірмейді. Электр қондырғыдан жылжымалы құрамға немесе конвейерге дейінгі қашықтық 0,8 м кем болмауы керек. Электр қондырғы бұрылыстарда орналасқан жағдайда жылжымалы құрамның ол орналасқан учаскеге енуін болдырмайтын тосқауыл қойылады.

479. Құрамында майы бар аппараттар және трансформаторлармен жабдықталған жер асты камераларында май жинағыш шұңқырлар орналастыруға жол берілмейді.

Камера шығысында камера едені деңгейінен 100 м кем емес биіктікте бос вал орнатылады.

480. Машина және трансформатор ғимараттарының қабырғалары мен төбесі ақталған. Камерада тамшыларға жол берілмейді.

481. Камерадағы қондырғыға аппараттар мен трансформаторлардың мақсатын көрсететін нақты жазулар болады.

4 - бөлімше. Жер асты қазбаларын электрмен жарықтандыру
482. Жер асты қазбаларын электрмен жарықтандыру кезінде люминесцентті жарықтандырғыштар, қыздыру шамдары қарастырылады.

Тазарту кенжарларын (камералар) жарықтандыру кезінде қыздыру шамдары мен прожекторлары бар тасымалданатын жарықтандырғыштар қарастырылады.

483. Өзіндік жүретін қондырғы пайдалану кезінде кенжарлар мен тасымал қазбаларын жалпы жарықтандыру жалпы талаптарға сәйкес жүргізіледі.

Жұмыс орындарын жарықтандыруды өзіндік жүретін қондырғыда орнатылған прожекторлармен және фаралармен іске асырылады.

484. Жарықтандыру құрылғыларын қоректендіру үшін іске қосу агрегаттарын қабылдау ұсынылады.

485. Жарықтандырғыштар мен іске қосу аппараттары қалыпты кенішті орындауда қабылданады.

486. Жарықтандыру желілері кернеулігі мен жарықтандыру нормалары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № 132 бұйрығымен бекітілген Жер асты тәсілімен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүргізіледі.

487. Жарықтандыру желілеріне арналған кабельдерді таңдау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № 132 бұйрығымен бекітілген Жер асты тәсілімен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүргізіледі.

488. Жарықтандырғыш желіні шырақтарға үш фазалы, әрбір шыраққа фазаны бөле отырып, орындайды.

489. Жер асты қазбаларында өтпелі құрылғысы жоқ шырақ бөлінулері үштік муфтылар арқылы иілгіш кабельдермен жүргізіледі.

Резиналы оқшаулауы бар шырақтар желіні пайдалану кезінде қосылу орнын әрі қарай вулканизациялау арқылы бөлінулерді муфтасыз қосуға жол беріледі.

490. Тасымал шырақтар үшін герметикалық батареялы жарықтандырғыштар қолданылады.

491. Тасымалды аккумуляторлық шамдарды зарядтауға арналған шамхана беретін орындар өзіне-өзі қызмет етумен болады.

5 - бөлімше. Жер асты тоқарба көлігін электрификациялау
492. Түйіспелі тоқарбалармен жер асты тасымалдау кезінде тоқарба типіне байланысты кернеулігі 250 және 560 В болатын тұрақты ток қолданылады. Түрлендіргіш ретінде токтардың қысқа тұйықталуынан және кемудің тосқауыл релесінен қорғайтын құрылғымен жабдықталған ВТПЕ түзеткіштері қарастырылады.

493. Түйіспелі тоқарбаларды қоректендіру күш беретін жер асты қосалқы станция қарастырылады. Түйіспелі желінің қоректендіруді тиісті технико-экономикалық есеппен жер бетінен қабылдауға жол беріледі.

494. Күш беретін жер асты қосалқы станция оқпан маңындағы аулаларды және тасымалдау қазбаларында орналастырылады және орталық, тарату және учаскелік қосалқы станция біріктіріледі.

495. Түйіспелі желі қоректендіру сызбасы қорғау құрылғысының ток кемуінен іске қосылуын ескеретін, желінің номиналды кернеулігінен 15 % тең тоқарбаның тоқ қабылдағыштарына дейінгі кернеулік жоғалуын ескеретін есеппен және қысқа тұйықталу тоғына байланысты анықталады. Кернеулік жоғалуының қысқа уақыттағы максималды рұқсат етілетін мәні-40 % (жекелеген қашық орналасқан тоқарбалар үшін).

496. Күш беретін қосалқы станция қуаттылығы есеппен анықталады. Күш беретін жер асты қосалқы станция түрлендіргішінің жалпы саны бір резервті (әдетте, үшеуден артық емес) ескере отырып, таңдалады. Түйіспелі желінің орталықтандырылмаған қоректендіру сызбасы кезінде екінші күш беретін жер асты қосалқы станциясынан түйіспелі желі арқылы қоректендіруді резервтеуге жол беріледі.

497. Күш беретін жер асты қосалқы станциясының тұрақты токты тарату құрылғысы автоматты сөндіргіштермен және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № 132 бұйрығымен бекітілген Жер асты тәсілімен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бойынша қорғаумен жабдықталған.

498. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № 132 бұйрығымен бекітілген Жер асты тәсілімен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес түйіспелі желі орналастыру қарастырылады.

499. Түйіспелі сымның люктерден тиеу кезінде үзілуіне жол берілмейді. Люктерден тиеу кезіндегі түйіспелі сымдар, оларға тиеумен айналысатын адамдардың тиісуін болдырмау үшін, оны тиеу кезінде кен және жыныс бөлшектерінің түсуінен сақтау үшін қоршалған. Тиеу кезінде түйіспелі сым сөндірілген. Сөндіруді тиеу орнынан қашықтықтан жүргізу ұсынылады.

500. Мыс түйіспелі сымының қимасы 65 мм кем емес.

Қимасы 100 мм болатын сым үшін тозуы 30 % артық және қимасы 65 және 85 мм болатын сымдар үшін тозуы 20 % артық болатын түйіспелі сымды пайдалануға жол берілмейді.

Басқа материалдардан жасалған түйіспелі сымды пайдалануға жол беріледі. Сымдар қималары нақты жағдайларды қолдануға жеткілікті (65, 85, 100 мм2) стандартты қимадағы мыс сымының кедергісіне тепе-тең электр кедергісін қамтамасыз етеді.

501. Түйіспелі сымның биіктігі рельс басынан 1,8 м кем емес. Түйіспелі сым болатын қазбалармен адамдар қозғалатын отырғызу және тиеу-түсіру алаңдарында, қазбалар қиылысында ілу биіктігі 2 м кем емес. Түйіспелі сымнан вагондағы кен немесе жыныс үйілмелеріне дейінгі қашықтық 200 мм кем емес. Түйіспелі сым адамдар қозғалатын учаскелерде оқпан маңындағы алаңда вагоншалардағы отырғызу орындарына дейін 2,2 м кем емес биіктікте, ал оқпан маңындағы ауланың қалған қазбаларында рельстер басы деңгейінен 2 м кем емес биіктікте ілінеді. Жұмысшылар ауысымын түсіру және көтеру уақытында түйіспелі сым учаскеде оқпаннан оқпан маңындағы аулада орналасқан отырғызу пунктіне дейін сөндіріледі.

502. Шахта немесе штольняның өнеркәсіп аумағында түйіспелі сымды биіктігі тасымал жолдары жолаушылар мен жүргінші жолдарымен қиылыспайтын шартында рельс басы деңгейінен 2,2 м кем емес биіктікте ілуге жол беріледі. Жолдардың қиылысу орындарында іліну биіктігі темір жолдардың электрифицирленген жер үсті құрылғылары талаптарына сәйкес келеді.

503. Жер асты қазбаларында түйіспелі сымды ілу икемді (тарту арқылы) жүргізіледі. Түйіспелі сымды ілу нүктелері арасындағы қашықтық тіке сызықты жол учаскесінде 5 м артық емес және қисық сызықты жол учаскесінде 3 м. Түйіспелі сымнан бекіткіш шыңына дейінгі ілу орынындағы қашықтық 0,2 м кем емес. Тоқарбаның ток қабылдағышынан қазба бекіткішіне дейінгы қашықтық 0,2 м кем емес.

504. Ілу биіктігін сақтау талап етілетін орындарды (еңістермен қиылысуда, желдеткіш есіктері арқыл өту) түйіспелі сым қатты ілінеді.

505. Түйіспелі сымның тартқыштары екі жағынан тролле ұстағыштан оқшауланады, бұл жағдайда троллеұстағыштан әрбір оқшаулаушыға дейінгі қашықтық 0,3 м артық емес.

Тролле ұстағыш оқшауланған болтпен қолданылады.

506. Түйiспе желiсi арақашықтығы 50 м аспайтын, сөндiргiштермен бөлiктенуге тиiстi. Секциялы сөндiргiштер түйiспе сымның барлық тарамдарында қойылуға тиiстi.

Екiтабанды және көптабанды учаскелердегi түйiспе желiлерiнде түйiспе сымдарын сөндiргiштердi пайдаланып, параллель жалғауға рұқсат етiледi.

Секциялы ажыратқыштар мен автоматты сөндiргiштердi қолдануға жол берiледi.

Түйiспе желiсi бiрнеше қосалқы станциялардан тоқ алған кезде, желілер бір-бірінен оқшаулануы керек.

507. Түйіспелі желі адамдардың электр тоғымен зақымдануынан қорғайтын құрылғымен жабдықталады.

Түйіспелі тоқарбалар тоқ қабылдағыштағы ұшқын пайда болуын азайтуға арналған құрылғымен жабдықталған. Түйіспелі сым тоқпен зақымдану шарттары бойынша қауіпті орындарда қоршаумен жабдықталған.

508. Түйіспелі сым материалдарды, вагондардан, платформалардан қондырғыны түсіру кезінде (тиеу), тиеу (түсіру) кезінде сөндірілген немесе тиеу сөрелеріне көтеру кезінде адамдардың тиісу мүмкіндігін болдырмайтын тәсілмен қоршалған.

Қазбаларды жөндеу орындарында немесе оның жанында басқа жұмыстар жүргізілу кезінде түйіспелі сым адамдардың тиісуінен қоршалған немесе сөндірілген.

509. Механикалық жетекті аударушыларды пайдалану кезінде түйіспелі желісі түйіспелі желісіндегі кернеулік кезінде вагоншалардың аударылуын болдырмайтын аудару двигателімен бллокировкалаумен жарақтандырылған. Түйіспелі желі құрамның максимальды ұзындығына тең аударудың әрбір бұрылысында сөндірілген.

510. Ұзақтығы ауысымнан жоғары түйіспелі тоқарбалармен тасымалдау жұмыстарының үзілісі кезінде жұмыстар тоқтатылған учаскедегі түйіспелі сым сөндірілген.

511. Түйіспелі желіні жөндеу кернеулікті ала отырып, және желінің осы учаскесінде жерге қоса отырып, жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет