Жетписбаев батыр адамович


Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатушы



Pdf көрінісі
бет8/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатушы нормалар (ҚК 67-бабы ″жəбiрленушiмен 
татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
″; ҚК 73-бабы ″ауруға шалдығуына 
байланысты жазадан босату
″);
ҚР Қылмыстық Кодексiнiң Ерекше бөлiмi қол сұғушылықтың объектiсiне байланысты тарауларға 
бiрiктiрiлген қылмыстардың түпкiлiктi тiзiмi берiлген жəне əрбiр қылмыс үшiн жазаның түрi мен мөлшерi 
көрсетiлген он алты тараудан тұрады. Яғни, ҚК Ерекше бөлiмiнiң баптары Жалпы бөлiмiнiң ережелерiне 
сəйкес анықталатын жекелеген қылмыс түрлерi үшiн жауаптылықты қарастырады. 
Қылмыстық Кодекстiң Ерекше бөлiмiнде заң шығарушы қылмыстың жəне оны жасаушылардың қоғамға
қауiптiлiк сипатын ескерiп бiрқатар нормаларды бөлiктерге, ал бөлiктердi тармақтарға бөлген. Мысалы, 
ҚК-ң 96-бабының 2-бөлiгi бар, ал екiншi бөлiгi тармақтарды қамтиды.
Мемлекеттегi құқықтық реформалардың өзгерiп отыруы нəтижесiнде қылмыстық заңға жаңа заң 
шығарушылық ережелер енгiзiлiп отырады. Қылмыстық Кодекстiң жүйесiн сақтау жəне құқық қорғау


статистикалық ғылыми зерттеулердiң болашақ жұмысын қамтамасыз ету үшiн Жалпы жəне Ерекше 
бөлiмдердiң баптарына қосымша нөмiрлеу ретiмен өзгерiстер мен толықтырулар жасалуы да 
қарастырылған.
Ерекше бөлiмнiң əрбiр құқықтық нормасы үш элементтен: гипотеза, диспозиция жəне санкциядан
тұрады. Қылмыстық заңда осы құрылымның қандай түрде жəне шекте көрiнетiнiн анықтау үшiн олардың 
əрбiреуiнiң ерекшелiктерiн қарастыру қажет.
Гипотеза деп белгiлi бiр мiнез-құлық ережесiн қолданудың жағдайларын анықтайтын құқық нормасының
элементiн түсiну қажет. Алайда, қылмыстық құқық теориясында көптеген авторлар қылмыстық құқықтық
нормадағы гипотезаның рөлiн оның диспозициясы орындайды деп тұжырымдайды. Бұл əлi де болса 
пiкiрталас мəселелердiң бiрi. 
Диспозиция қылмыстық əрекеттi жəне оның құрамдарын анықтаушы жəне қылмыс белгiлерiн суреттеушi 
қылмыстық құқықтық норманың бiр бөлiгi. Басқаша айтқанда, диспозиция санкцияны қолдану мүмкiндiгi 
туралы алғышартты қамтиды. ҚР ҚК Ерекше бөлiмiнде диспозициялардың мына түрлерi көрсетедi: жай, 
сипаттамалы, сiлтемелi, бланкеттi.
Жай диспозицияда қылмыстың аты ғана аталынады. Онда қылмысты сипаттайтын белгiлер көрсетiлмейдi. 
Мысалы, ҚК 317-бабының диспозициясы 
″Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туын, мемлекеттiк 
елтаңбасын немесе мемлекеттiк гимнiн қорлау.
″ Мұндай жай диспозициялар қылмыстық əрекеттiң 
белгiлерiн ашып көрсетпегеннiң өзiнде оның мазмұны жеткiлiктi түрде түсiнiктi болған жағдайларда 
қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет