Жетписбаев батыр адамович


§2. Жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн жағдайлар



Pdf көрінісі
бет105/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

§2. Жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн жағдайлар
 
Жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мəн-жайлар деп – кiнəлiнiң жеке басына жəне ол жасаған 
қылмысқа қатысты, қылмыс құрамынан тысқары тұратын қылмыс пен қылмыскердiң қоғамға қауiптiлiгiн 
азайтатын жəне оның жауаптылығы мен жазасының дəрежесiн төмендететiн түрлi факторларды түсiну 
қажет. Жасалған қылмыста жеңiлдетiлген жағдайлардың бар болуы бап санкциясы шегiндегi жазалардың 
жеңiлдеу түрiн тағай ындауға, сонымен бiрге қылмыстық жауаптылықтан толықтай босатуды не шартты
соттауды қолдануға мүмкiндiк бередi. 
ҚР Қылмыстық кодексiнiң 53-бабының 1-бөлiгiне сəйкес, қылмыстық жауаптылық пен жазаны 
жеңiлдететiн мəн-жайларға мыналар жатқызылады:
1). Мəн-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет ауырлығы онша емес қылмыс жасау. Бұл 
жеңiлдететiн жағдай дың түрi бiр-бiрiмен байланысты үш элемент жиынтықтарының бар болуын
қарастырады: 
а). қылмысты бiрiншi рет жасау – яғни, егер кiнəлi бұрын мүлдем қылмыс жасамаған болса, немесе ол 
бұрын қылмыс жасағанымен жауаптылыққа тартудың ескiру мерзiмi(ҚК-тiң 69-бабы), айыптау үкiмiн 
орындаудың ескiру мерзiмi (ҚК-тiң 75-бабы) өтiп кетсе, бұрын жасаған қылмысы үшiн заңмен белгiленген 
тəртiппен соттылығы алынған не өтелген болса (ҚК-тiң 77-бабы) ғана танылады.
б). Онша ауыр емес қылмыс жасау – яғни, жасалғаны үшiн Қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза 2 
жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған əрекет, ең ауыр жаза 5 жылға бас 
бостандығынан аспайтын абайсызда жасалған əрекеттердi жасау.
в). Мəн-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан жасау – бұл бағалаушы категория болғандықтан iстiң 
нақты барлық жағдайларын зерттеу кезiнде анықталады. Сонымен қатар, мəн-жайлардың кездейсоқ 
тоғысуы ретiнде кiнəлiнi қылмыс жасауға итермелейтiн объективтiк жəне субъективтiк факторларды да 
түсiну қажет. Мысалы, кiнəлi үшiн кенеттен пайда болған, алдын ала дайындықсыз, жеке бастың қайғы-
қасiретi əсерiнен, қылмыс жасап жатқан адамдар тобына кездейсоқ тап болуы жəне осы iс-əрекеттердi 
жасауға ерiксiз қатысуы, қолайсыз дау-жанжал жағдайында пайда болған қызбалық əсерiмен қылмыс 
жасау.
2). Айыпкердiң кəмелет жасқа толмауы - қылмыс жасау сəтiнде он төртке толған бiрақ он сегiз жасқа 
толмаған тұлғаның қылмыс жасауы. Заңшығарушы аталған жағдайды жеңiлдетушi мəн-жағдайлардың 
қатарына жатқызу себебiн адамның санасы мұндай жаста қалыптасу сатысында болатындығымен жəне
кəмелетке толмағанның көзқарасы толық бекiмегендiктен өз əрекетiне дұрыс баға бере алмайтындығымен 
түсiндiредi. 
3). Жүктiлiк жағдайында қылмыс жасау – жүктiлiк мерзiмiне қарамастан кез келген ауырлықтағы 
қылмысты жасау жеңiлдетушi мəн-жай болып табылады. Бұл жағдай əйелдiң жүктiлiк жағдайын дағы 
ерекше психофизикалық, жоғары сезiмталдық, тез ашулан шақ, ұстамсыздық жəне жүйке қозуы 
жағдайларында жиi болатын дығын ескерiп жеңiлдетушi жағдайлар қатарына енгiзiлген.
4). Айыпкердiң жас балалары болуы – сотталған адамның (ер адамдарға да қатысты) 14 жасқа толмаған 
балаларының болуы. Аталған жағдай егер кiнəлi ата-аналық құқығынан айырылған немесе отбасымен ұзақ
уақыт бiрге тұрмайтын болса, балаларды тəрбиелеумен, оларға материалдық қолдау берумен айналыспаса, 
оларға қатал қарайтын болса немесе балаларға қатысты қылмыс жасаса ескерiлмейдi. 
5). Қылмыс жасағаннан кейiн зардап шегушiге тiкелей медициналық жəне өзге де көмек көрсету, қылмыс 
салдарынан келтiрiлген мүлiктiк залал мен моральдық зиянның орнын өз еркiмен толтыру, қылмыспен 
келтiрiлген зиянды жоюға бағыттал ған өзге де iс-əрекеттер - қылмыстан келтiрiлген зиянның орнын 
толтырумен байланысты жағдайлар.
6). Жеке басындық, отбасылық немесе өзге де ауыр мəн-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны 
ашығандық себебiмен қылмыс жасау – сыртқы факторлардың əсер етуiнен (жеке, отбасылық, қызметтiк 
қатынастардан туындайтын қиыншылық тар) кiнəлiнiң қарсы тұру мүмкiндiгiнiң болмауынан қылмыс 
жасауы. Ауыр мəн-жайлардың тоғысуы ретiнде жұмысынан айырылуынан материалдық жағдайының
қиындауын, кiнəлiнiң мүгедектiгiне немесе ауруға шалдығуына байланысты отбасын асырай алмауы жəне


т.б. жағдайлар. Жаны ашығандық себебiмен қылмыс жасаса, мысалы, ауыр халде жатқан туысына қымбат 
бағалы дəрi-дəрмектi алуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, ұрлап алу əрекетi немесе үмiтсiз ауыр өлiм 
халiндегi адамды оның сұрауы бойынша өлтiруi (эвтаназия) жəне т.б. жағдайлар. Мұндай аталған 
жағдайларда жаны ашу себебiн тудырған фактi мен жасалған қылмыс арасындағы себептi байланысты 
анықтау мiндеттi болып табылады.
7). Күштеп немесе психикалық мəжбүрлеу салдарынан немесе материалдық қызметтiк немесе өзге де 
тəуелдiлiгi себептi қылмыс жасау – бұл қылмыс жасайтын адамның өз iс-қимылын таңдауға оған зорлық-
зомбылық көрсету нəтижесiнен еркiнiң болмауы жəне оның қылмыс жасау туралы шешiм қабылдауына 
материал дық, қызметтiк жəне өзге де тəуелдiлiгiн (туыстық, жеке, мұғалiм мен оқушы арасындағы жəне 
т.б.) пайдаланып тiкелей қысым жасау арқылы жасалатын жағдайлар. Аталған жағдайлар аса қажеттiлiк 
ретiнде бағаланбаған жағдайда жауаптылықты жеңiлдетедi. 
8). Қажеттi қорғану, аса қажеттiлiк, қылмыс жасаған адамды ұстау, орынды тəуекел, бұйрықты немесе 
өкiмдi орындаудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу жағдайларында қылмыс жасау – яғни ҚК-тiң 32-
37 баптарында қарастырылған əрекеттiң қылмыстылығын жоятын мəн-жайлардың заңға сəйкестiк 
шарттарын сақтамау нəтижесiнде қылмыс жасауды түсiну қажет. Бұл мысалы, ҚК-тiң 98,99,100-
баптарындағы адам өлтiру қылмысының жеңiлдететiн түрлерi. 
9). Қылмыс жасау үшiн түрткi болып табылатын жəбiрлену шiнiң заңға қайшы немесе адамгершiлiкке 
жатпайтын қылығы – кiнəлiнiң қылмысты жəбiрленушi тарапынан орын алған ұрып-соғу, азаптау, жала 
жабу, қорлау жəне т.б. құқықбұзушылық сипатындағы əрекеттер немесе моральға, адамгершiлiкке жат 
əрекеттер себебiмен қылмыс жасау. Аталған əрекеттер бiр мəрте немесе жүйелi түрде де жасалуы мүмкiн. 
Алайда, заңға қайшылық немесе адамгершiлiкке жатпайтын қылықтарды сот iстiң мəн-жайларына сəйкес 
барлық уақытта анықтап отыруы қажет.
10). Шын жүректен өкiну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды 
əшкерелеуге жəне қылмыс жасау нəтижесiнде алынған мүлiктi iздеуге белсендi жəрдемдесу - аталған 
əрекеттердiң əрбiрi не олардың жиынтығы қылмыс жасаған адамның қауiптiлiгiн төмендетедi, оның өз 
кiнəсiн түсiнгендiгiн жəне өкiнетiндiгiн дəлелдейдi. Бұл жағдайлар мазмұны мен мағынасы жағынан бiр-
бiрiне жақын болып табылады жəне қылмыскердiң тез түзелу мүмкiндiгiн куəландырады. 
Жоғарыда қарастырылған жауаптылық пен жазаны жеңiл дететiн жағдайлардың тiзiмi соттар үшiн 
мiндеттi, бiрақ түпкiлiктi болып табылмайды, сот бұл бапта қарастырылмаған басқа да жағдайларды үкiмде 
көрсете отырып жеңiлдетушi мəн-жай ретiнде тануға құқылы. Тəжiрибеде мұндай жеңiлдететiн 
жағдайлардың қатарына кiнəлiнiң денсаулық жағдайы, қоғамға пайдалы қызметi, асырауында қарт жəне 
науқас ата-анасының болуы, Отан алдындағы қызметi, жетiстiктерi үшiн алған награда ларының болуы, 
тұрғылықты немесе жұмыс орнынан жағымды мiнездемесiнiң болуы жəне т.б. жағдайлар жатқызылады.
ҚК-тiң 53-бабының 1-бөлiгiнде көрсетiлген жағдайлар жазаны жеңiлдетушi жағдайлар ретiнде сотқа ҚК-
тiң Жалпы бөлiмiнiң барлық ережелерiн ескере отырып нақты қылмыс үшiн қарастырылған баптың
санкциясы шегiнде өз қарауы бойынша жаза тағайындау құқығын бередi.
Сонымен бiрге, заңшығарушы 53-баптың 4-бөлiгiнде осы 53-баптың 1-бөлiгiнiң «дң жəне «кң 
тармақтарында көзделген жағдай ларды есепке алу дəрежесiн ерекше бөлiп көрсеткен. Бұл бапқа сəйкес, 
егер жасалған нақты бiр қылмыста шын жүректен өкiну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, 
қылмысқа басқа қатысушыларды əшкерелеуге жəне қылмыс жасау нəтижесiнде алынған мүлiктi iздеуге 
белсендi жəрдемдесу; қылмыс жасағаннан кейiн зардап шегушiге тiкелей медициналық жəне өзге де көмек 
көрсету, қылмыс салдарынан келтiрiлген мүлiктiк залал мен моральдық зиянның орнын өз еркiмен 
толтыру, қылмыспен келтiрiлген зиянды жоюға бағытталған өзге де iс-əрекеттердiң бiрi орын алған болса, 
бiрақ бұл қылмыста жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдайлар болмаған жағдайда жазаның мерзiмi 
мен мөлшерi сол нақты қылмыс үшiн көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрiнiң ең жоғары мерзiмiнiң 
немесе мөлшерiнiң ауыр емес жəне орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған кезде жартысынан, ал ауыр 
қылмыс жасаған кезде үштен екiсiнен (3/2), аса ауыр қылмыс жасаған кезде төрттен үшiнен (4/3) аспауы 
тиiс.
ҚК-тiң 53-бабының 3-бөлiгiне сəйкес, егер жеңiлдететiн жағдай ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында 
қылмыс белгiсi ретiнде көзделген болса, жаза тағайындау кезiнде ол қайталап ескерiле алмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет