қылмыстық əрекет (кiнəнiң түрi, себебi, тəсiлi, жасаған қылмыстық жағдай мен кезеңi, одан болған
ауыртпалық, сотталушылардың əрқайсысының қылмысқа қатыстылығының дəрежесi мен сипаты т.б.)
жағдайының барлығын ескеруi тиiсң. Жасалған қылмыстың қоғамға қауiптiлiк сипаты мен дəрежесiн
анықтау кезiнде нақты iс бойынша жинақталған барлық объективтiк жəне субъективтiк белгiлерiн есепке
алу қажет.
2). Соттар жазаның түрi мен мөлшерiн белгiлеу үшiн елеулi мəнi бар сотталушының жеке басының
мəлiметтерiн
жан-жақты, толық жəне объективтi түрде тексеруi қажет. Атап айтқанда, сотталушының
денсаулығын, еңбекке қабiлеттiлiгi мен қатыстылығын, бiлiмiн, сотталғандығы туралы мəлiметтердi,
сонымен бiрге сотталушының отбасы анықталғаннан кейiн тағайындалған жаза оның отбасы немесе оның
асырауындағы адамдардың жағдайына қандай əсер ететiнiн ескеруi тиiс.
Достарыңызбен бөлісу: