Жетписбаев батыр адамович


§3. Жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдайлар



Pdf көрінісі
бет106/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ


§3. Жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдайлар 
ҚР ҚК-нiң 54-бабында көрсетiлген жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдайлар жасалған қылмыстың
жəне кiнəлiнiң жеке басының жоғары қауiптi екендiгiн дəлелдейтiндiктен соттарға тағайындалатын 
жазаларды күшейтуге негiз бередi. Жазаның мөлшерiн көтеруге əсер ететiн ауырлататын жағдайлар болған 
кезде соттар нақты қылмыс сараланып отырған бап санкциясы шегiндегi ең қатал жазаны немесе жазаның 
жоғары мерзiмiн тағайындайды. Заңда көрсетiлген бұл ауырлататын жағдайлар сотқа кiнəлiнiң жеке басы 
мен ол жасаған қылмысты ескере отырып жазаны жеке даралауға мүмкiндiк туғызады. 
Сонымен, ҚК-тiң 54-бабының 1-бөлiгiнде жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдайлардың мынадай
тiзiмi көрсетiлген:


 1). Қылмыстарды бiрнеше рет жасау, қылмыстардың қайта лануы – бұл екi бiр-бiрiне ұқсас ауырлататын 
жағдайлар бiр топқа бiрiктiрiлген, олардың екеуi де кiнəлiнiң аса қауiптi екендiгiн, оның оған қолданылған 
қылмыстық-құқықтық мəжбүрлеу сипатындағы шаралардан кейiн де заңтыңдаушылық өмiр кейпiне 
оралғысы келмейтiндiгiн куəландырады. Солай бола тұра, заң сотқа оның алғашқы жасаған қылмысының 
сипатына байланысты бұл жағдайды ауырлататын жағдай ретiнде ескермеу құқығын бередi. Көбiне бұл 
жағдай, егер кiнəлiнiң алғашқы жəне одан кейiнгi қылмыстары абайсыздықпен жасалса, не қасақана 
жасалғанымен ауырлығы онша емес қылмыс қатарына жатқызыл ған болса ауырлататын жағдай ретiнде 
қолданылмауы мүмкiн. 
Қылмыстардың бiрнеше рет жасалуы жөнiндегi түсiнiктер ҚК-тiң 11-бабында, ал қылмыстардың 
қайталануы 13-бабында берiлген. Егер бұрынғы жасалған қылмысы үшiн кiнəлiнiң соттылығы өтелген не 
жойылған болса, жаңа жасаған қылмысы үшiн жаза тағайындау кезiнде бiрнеше реттiк немесе қайталану 
жауаптылықты ауырлататын жағдай ретiнде танылмайды.
2). Қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтiру - қылмыстан келтiрiлген зардаптың ауыр не жеңiл екенiн сот 
нақты iстi қарау кезiнде келтiрiлген зардаптың сипатын бағалай отырып анықтайды. Мұндай шешiмге қол 
сұғушылық объектiсiнiң маңыздылығы, келтiрiлген зиянның мөлшерi сияқты жағдайлар əсер етедi. Ауыр 
зардаптар келтiру тек қасақана қылмыстарда ғана емес абайсыздықпен жасалған қылмыстарда да жазаны
ауырлатады, сондықтан кiнəнiң нысанына қарамастан бұл жағдай ауырлататын жағдай ретiнде танылуы 
мүмкiн. Бұл үшiн сот жасалған əрекет пен келтiрiлген зардап арасындағы себептi байланысты анықтауы 
мiндеттi. Сонымен қатар, ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң бiрқатар баптарында ауыр зардап келтiру қылмыстың 
белгiсi ретiнде танылғандықтан жауаптылықты ауырлататын жағдай ретiнде қарастырылмайды. Ал ҚК-тiң 
кейбiр баптарында ауыр зардаптар келтiру қылмыс белгiлерi болып табылмайды, алайда бұл қылмыстарды 
жасау нəтижесiнде ауыр зардаптар туындайды. Мұндай жағдайларда сот осы қылмысты жасау нəтижесiн 
де ауыр зардап келтiргенi үшiн ауырлататын жағдай ретiнде тануға құқылы.
3). Адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының, ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық 
қауым дастықтың қылмыс жасауы - бұл жағдайлардың ауырлататын жағдайлар қатарына жатқызылуы 
заңды болып табылады, өйткенi кез келген топтық қылмыстың қоғамға қауiптiлiгi барлық уақытта жоғары 
сипатты иемденендi. Жоғарыда аталған қылмысқа қатысу нысандарының ұғымы мен белгiлерi ҚК-тiң 31-
бабында баяндалған. Бұл ұғымдар ең алдымен бiр-бiрiнен өздерiнiң мазмұнымен, қауiптiлiк дəрежесiмен 
ерекшеленедi. Қылмысты осы көрсетiлген қатысу нысанының кез келгенiмен жасау осы қылмысқа 
қатысушылардың барлығы үшiн, олардың қылмыстағы нақты ролiне қарамастан ауырлататын жағдай 
ретiнде танылады. 
4). Қылмыс жасағанда айрықша белсендi роль атқару - қатысу шылықпен немесе қатысып 
орындаушылықпен жасалған қылмыс тарда қылмысқа əрбiр қатысушы тұлғаның рольдерi ашылып 
анықталуы тиiс. Қылмыс жасағанда аса белсендiлiк танытқан тұлға қылмыстың басқа қатысушыларына
қарағанда қауiптiлiгi мен ерекшеленедi. Мұнда аса белсендi ролi ретiнде оның ұйымдастырушылық, 
басқарушылық, басқа қатысушыларды жұмылдыру əрекеттерiн тануға болады. Кiнəлiнiң аса белсендi ролi 
ауырлататын жағдай ретiнде оның белсендiлiгiн сипаттайтын нақты əрекеттердi көрсете отырып соттың 
үкiмiнде негiзделуi тиiс.
5). Кiнəлiге психикасы бұзылуының ауыр түрiнен зардап шегетiнi белгiлi адамды немесе қылмыстық 
жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыс жасауға тарту – кiнəлi адам өзiнiң қылмыстық 
мақсаттарына қол жеткiзу үшiн басқа адамдарды, психикасы бұзылуының ауыр түрiнен зардап шегетiн 
немесе мас күйдегi, қылмыстық жауаптылық жасына жетпеген жасөспiрiмдi тарта отырып қылмыс 
жасайды. Қылмыстық құқық теориясынада мұндай əрекеттер «тiкелей орындаушылықң деп аталады. 
Аталған категориядағы адамдарды қылмысқа тартқан адам қылмыстың тiкелей орындаушысы ретiнде 
жауапқа тартылады. «Қылмыс жасауға тарту ң терминi жасөспiрiмдi немесе психикасы бұзылған адамды 
қылмысқа айдап салу əрекеттерiн де қамтиды. 
6). Ұлттық, нəсiлдiк жəне дiни өшпендiлiк немесе араздық себебi бойынша, басқа адамдардың заңды iс-
əрекетi үшiн кектенушiлiктен, басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатында 
қылмыс жасау – аталған жағдайда ұлттық, нəсiлдiк жəне дiни өшпендiлiк немесе араздық себебi жасалған 
қылмыс құрамның мiндеттi белгiсi болып табылмайтын жағдайлар жөнiнде сөз болып отыр. Сонымен 
бiрге, басқа адам дардың заңға сəйкес əрекеттерi үшiн кек алу мақсатында жасалған, мысалы бiр азамат 
бұзақылық жасаған адамға ескерту жасаған жағдайда осы кiнəлi адамның оған кектенуiнен қылмыс 
жасауы. Басқа қылмысты жасыру не жасауды оңайлату мақсатын да деген , яғни кiнəлi бiр қылмысты 
жасырамын деп екiншi қылмысты жасайды. Мысалы П. деген азамат А. деген азаматты өлтiрген соң , 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет