2). Тəркiленуге жатпайтын үй мен шаруашылық құрылыстары орналасқан жер учаскелерi, сондай-ақ жеке
қосалқы шаруашылық жүргiзуге қажеттi жер учаскелерi;
3). Негiзгi кəсiбi ауыл шаруашылығы болып табылатын адамдарда - шаруашылық құрылыстары мен саны
оның отбасының қажеттерiн қанағаттандыруға қажеттi үй малы, сондай-ақ малға арналған жемшөп;
4). Кезектi ауылшаруашылық дақылдарын егуге қажеттi тұқым;
5). Үй жабдығы заттары, керек-жарақтар, киiмдер:
а). киiлiп жүрген киiм, аяқ киiм, iш киiм, қолданылатын көрпе төсек, ас үй жəне асхана заттары. Мех жəне
басқа қымбат киiм кешек, асхана сервисi,
қымбат металдардан жасалған, сондай-ақ көркемдiк жағынан
құнды нəрселер тəркiленуi мүмкiн;
б). сотталушы мен оның отбасы мүшелерi үшiн қажеттi шамалы жиһаз;
в). балалардың барлық керек жарақтары.
6). Сотталушы мен оның отбасы мүшелерi үшiн, егер сотталушының негiзгi кəсiбi ауыл шаруашылығы
болса, жаңа өнiмге дейiн қажеттi мөлшердегi азық-түлiк, ал қалған жағдайларда – азық-түлiк өнiмдерi мен
жалпы сомасы ҚР Үкiметi белгiлеген мөлшердегi ақша қаражаты;
7). Ас дайындауға жəне отбасының тұрғын жайын жылытуға арналған отын;
8). Сотталушының кəсiптiк iсiн жалғастыруға қажеттi инвентарлар (оның iшiнде оқулықтар мен кiтаптар),
бұған сотталушы тиiстi қызметпен айналысу құқығынан айырылған
немесе инвентарь оның қылмыс
жасауы үшiн пайдаланылған жағдайлар қосылмайды;
9). Мүгедектердiң жүрiп-тұруына арнайы арналған көлiк құралдары;
10). Сотталушы марапатталған халықаралық, мемлекеттiк жəне өзге де сыйлықтар.
Достарыңызбен бөлісу: