бөлiгi).
Зұлымдық емес ниеттер мен мақсаттарға қылмыстық жауаптылыққа əсер етпейтiн жəне қылмысты саралау
кезiнде ескерiлмейтiн ниеттер мен мақсаттарды жатқызуға болады. Мысалы, оларға: қызғану,
жəбiрленушiнi аяу, қорқу, мансапқорлық, күндестiк, көре алмау жəне т.б.
Кiнəға қарағанда ниет пен мақсат қылмыстың субъективтiк жақтың факультативтi белгiлерiн құрайды.
Алайда, заңшығарушының белгiлi бiр қылмыстың субъективтiк жағын суреттеуiне
байланысты ниет пен
мақсат қылмыс құрамының субъективтiк жағының мiндеттi белгiсiне айналып,
жауаптылықты
ауырлататын немесе жеңiлдететiн жағдайлардың ролiн атқаруы мүмкiн. Қылмыстық заңның Ерекше бөлiмi
бабының диспозиция сында тiкелей көрсетiлген жағдайларда ниет пен мақсат қылмыс құрамының
субъективтiк жағының мiндеттi белгiсi болып табылады. Мысалы, ҚК 135-бабы
″Бала асырап алу құпиясын
жария ету
″ қылмысы үшiн
жауаптылық, егер ол əрекет пайдакүнемдiк немесе өзге жамандық ниетпен
жасалса ғана туындайды. Яғни, мұнда қылмыстың ниетi осы əрекетте қылмыс құрамы бар деп тану үшiн
қажеттi белгi болып отыр. Қылмыстың
мақсатына қатысты мысалы, ҚК 133-бабының 2-бөлiгi
″ж″
тармағымен қылмысты саралау үшiн кəмелетке толмағандарды саудаға салу əрекетi кəмелетке толмаған
адамның мүшелерiн немесе тiнiн ауыстырып салу үшiн алу мақсатында жасалуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: