Жетписбаев батыр адамович


Қорғану əрекеттерiне қатысты шарттар бойынша



Pdf көрінісі
бет58/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

Қорғану əрекеттерiне қатысты шарттар бойынша:
 
1)
Қорғану əрекетi қорғанушы адамның жеке мүдделерiн ғана емес, өзге адамдардың, сонымен бiрге 
қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiн қорғау үшiн жасалуы тиiс;
2)
Қорғану кезiнде зиян үшiншi тұлғаларға емес, қолсұғушы адамның өзiне келтiрiлуi тиiс;
3)
Қорғану əрекетi қажеттi қорғанудың шегiнен асып кетпеуi тиiс.
Заңшығарушы азаматтарға қоғамға қауiптi қолсұғушылықтан тек өзiнiң заңды құқықтары мен
мүдделерiн ғана емес, сонымен бiрге өзге адамдардың, туыс, жақындардың құқықтары мен мүдделерiн де 
қорғауға құқық бередi. Бұл жөнiнде ҚК-ң 32 бабының 1-бөлiгiнде былай анықталған: «… қорғаушының 
немесе өзге бiр адамның жеке басын, тұрғын үйiн, меншiгiн, жер учаскесiн жəне басқа да құқықтарын
қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн …ң. Сонымен қажеттi қорғанудың мақсаты -
заңмен қорғалатын мүдделерге қол сұғатын қоғамға қауiптi қолсұғушылықты болдырмау немесе тойтару. 
Қорғану əрекетiнiң заңға сəйкестiк екiншi шарты бойынша зиян қол сұғушы адамның өзiне келтiрiлуi тиiс. 
Егер бұл шарт орындалмай, қорғану кезiнде зиян басқа адамдарға келтiрiлсе, онда бұл жағдай қажеттi 
қорғанудың заңға сəйкестiк шарттарын бұзғандық ретiнде немесе аса қажеттiлiк ережелерiмен 
қарастырылуы мүмкiн. Қажеттi қорғану кезiнде қол сұғушыға келтiрiлген зиян: оның денсаулығына түрлi 
дəрежеде зиян келтiру, ұрып-соғу, бас-бостандығынан айыру, мүлкiн бүлдiру жəне т.б. сипатта орын алуы 
мүмкiн. 
Қажеттi қорғанудың шегiнен асып кетпеу шарты бойынша қорғану əрекетi қолсұғушылықтың сипаты мен 
дəрежесiне сəйкес келуi қажет. 
ҚК 32-бабының 3-бөлiгiне сəйкес «нəтижесiнде қол сұғушыға анық шектен тыс, жағдай мəжбүр етпейтiн 
зиян келтiрiлетiн, қол сұғушылықтың сипаты мен дəрежесiне қорғанудың көрiнеу сай келмеуi қажеттi 
қорғаныс шегiнен шығу деп танылады Бұлайша шектен шығу тек қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда 


ғана қылмыстық жауаптылыққа əкеп соқтырадың. 
Бұл анықтамадан қажеттi қорғану шегiнен шығудың 3 белгiсiн бөлiп алуға болады:
1)
қоғамға қауiптi қол сұғушылықтың сипаты мен дəрежесiне қорғанудың көрiнеу сəйкес келмеуi;
2)
қол сұғушыға анық шектен тыс жағдай мəжбүр етпейтiн зиян келтiрiлуi;
3)
зиян тек қасақана келтiрiлуi тиiс.
Қажеттi қорғану шегiнен шығушылық бар немесе жоқ екендiгi туралы мəселенi шешу кезiнде 
қолсұғушылыққа қатысты жəне қорғануға қатысты мəн-жайлардың барлық жиынтығына талдау жасау 
қажет жəне мынадай объективтi жағдайларды ескеру қажет, атап айтқанда:
-
қорғалатын игiлiктiң мағыздылығы мен қорғану кезiнде зиян келтiрiлетiн объектiнiң мағыздылығы,
-
қол сұғушылықтың қауiптiлiгi, оның ұмтылысы мен шапшандығы (интенсивность); 
-
қорғанушы мен шабуыл жасаушының демографиялық ерекшелiктерi (жынысы, жасы, денсаулық 
жағдайы, дене күштерi жəне т.б.);
-
қорғанушы мен шабуыл жасаушылардың саны;
-
қолсұғушылық пен қорғану кезiнде қолданылған құралдардың бар болуы, сипаты жəне тəсiлi;
-
қолсұғушы мен қорғанушының арасындағы қатынас.
Осы аталған жағдайлардың барлығын ескерген жағдайда ғана шабуыл мен қорғанудың сəйкестiгi туралы 
мəселе дұрыс шешiледi. 
Адам өмiрiне қол сұғушыға не қаруды қолданумен немесе қолдануға əрекет етумен ұштасқан өзге де қол
сұғушылыққа тойтарыс беру кезiнде адамға зиян келтiру қажеттi қорғаныс шегiнен шығу болып 
табылмайды. 
ҚР қылмыстық заңы бойынша қажеттi қорғану шегiнен асып қасақана қылмыс жасау екi жағдайда ғана 
қылмыстық жауаптылыққа əкеп соқтырады. Бiрiншiсi, ҚК 99-бабында «Қажеттi қорғану шегiнен асып кiсi
өлтiруң, екiншiсi ҚК 109-бабы «Қажеттi қорғану шегiнен асып қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтiруң. 
Ал өзге жағдайларда, егер қажеттi қорғану шегiнен асып денсаулыққа қасақана орташа не жеңiл зиян 
келтiру, не абайсызда зиян келтiру ҚК-ң 53 бабының 1 бөлiгi «зң тармағына сəйкес жауаптылық пен 
жазаны жеңiлдетушi мəн-жайлар ретiнде танылады. Сонымен бiрге, қылмыстық заңда қоғамға қауiптi 
қылмыстан болған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажеттi қорғану шегiнен асқан адамды 
қылмыстық жауаптылықтан босату туралы да норма қарастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет