Жетписбаев батыр адамович


§3. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезiнде зиян келтiру



Pdf көрінісі
бет59/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

§3. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезiнде зиян келтiру
Қылмыс жасаған адамды ұстау кезiнде зиян келтiру институтын қылмыстық құқық теориясы мен сот
тəжiрибесi ұзақ уақыт бойы қажеттi қорғану институтымен теңестiрiп келдi. Қазiргi қолданыстағы ҚР 
қылмыстық заңы оның құқықтық табиғаты қажеттi қорғанудан өзге, ерекше екендiгiн ескерiп, оны 
əрекеттiң қылмыстылығын жоятын жеке институт ретiнде қарастыру туралы қылмыстық заңға норма
енгiздi. ҚР ҚК-ң 33-бабының 1-бөлiгiнде: «Қылмыс жасаған адамға оны мемлекеттiк органдарға жеткiзу 
жəне оның жаңа қол сұғушылық жасау мүмкiндiгiн тыю үшiн ұстау кезiнде зиян келтiру, егер мұндай 
адамды өзге амалдармен ұстау мүмкiн болмаса жəне бұл орайда осы үшiн қажеттi шаралар шегiнен шығуға 
жол берiлмесе, қылмыс болып табылмайдың - делiнген. 
Қылмыскердi ұстау - қоғамға пайдалы əрекет. Ол жауаптылықтан құтылмайтындық қағидасын жүзеге
асырудың бiр көрiнiсi. Өзiнiң құқықтық табиғаты бойынша қылмыс жасаған адамды ұстау актiсi 
азаматтардың қоғамға қарсы əрекеттердiң жолын кесу жəне оларды жасаған адамдарды өкiмет органдарына 
жеткiзу арқылы субъективтiк құқықтары мен моральдық парыздарын жүзеге асыру болып табылады. Ал 
бiрқатар субъектiлер, құқыққорғау органдарының қызметкерлерi үшiн, қылмыскердi ұстау - құқықтық
қызметтiк мiндет. 
Қылмыс жасаған адамды ұстау деп қылмыскердi ұстаудың заңға сəйкестiк шарттар бұзылмаған жағдайда, 
оны өкiмет органдарына жеткiзу үшiн күштеп қысқа уақытқа бостандығынан айыру əрекетiн түсiну қажет.
Кез келген адамның, оның iшiнде қылмыскердiң де өмiрi, денсаулығы жəне басқа да құқықтары мен заңды 
мүдделерi заңмен қорғалатындықтан, қылмыскердi ұстау кезiнде келтiрiлген зиянның заңға сəйкестiгi
туралы мəселенiң туындауы заңды болып табылады. 
Қылмыс жасаған адамға оны ұстау мақсатымен зиян келтiру əрекетi, егер адамның оны ұстауға құқығы бар 
болса жəне бiрқатар шарттарды сақтаса заңға сəйкес болып табылады Тəжiрибеде көбiнесе қылмыскердi
ұстау құқығын қылмыстың жəбiрленушiсi жəне құқыққорғау органдары қызметкерлерi иемденедi. 
Қылмыстық құқық теориясы қылмыскердi ұстаудың жəне оны ұстау кезiнде оған зиян келтiрудiң заңға 
сəйкестiк мынадай шарттарын белгiлейдi:
1)
тек ғана қылмыс жасаған адам ғана ұсталуы қажет,
2)
нақ осы аталған адам қылмыс жасады деген сенiмдiлiк болған кезде ғана күш қолданылуы қажет;
3)
ұсталатын адамға зиян, егер ол қылмыстық жауаптылықтан жалтару қаупiн тудырса ғана келтiрiлуi
тиiс;
4)
қылмыс жасаған адамға зиян, оны ұстау жəне тиiстi өкiмет органдарына жеткiзу мақсатында ғана 


келтiрiлуi тиiс;
5)
қылмыс жасаған адамды ұстау үшiн қолданылған шаралар қажеттiлiктен туындауы қажет;
6)
қылмыскердi ұстау үшiн қолданылған шаралар жасалған қылмыстың қауiптiлiк сипаты мен дəрежесiне 
жəне қылмыс кердiң жеке тұлғасының қауiптiлiгiне сəйкес келуi қажет;
7)
қылмыскердi ұстау шараларының сипаты оны ұстау жағдайына сəйкес болуы қажет;
8)
келтiрiлген зиян қылмыскердi ұстау үшiн қажеттi шаралар шегiнен аспауы тиiс.
Осы аталған жағдайлардың барлығының болуы қылмыскердi ұстау кезiнде зиян келтiрудi заңды деп 
санауға жəне адамды қылмыстық жауаптылықтан босатуға негiз болып табылады.
ҚК-ң 33-бабының 2-бөлiгiндегi талаптарға сəйкес қол сұғушылық жасаған адамды ұстау адамға келтiрiлген 
зиян жағдай мəжбүр етпейтiн анық шектен тыс зиян қажетсiз келтiрiлген кезде, олардың ұсталатын адам 
жасаған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауiптiлiк дəрежесiне жəне ұстаудың мəн-жайына көрiнеу сай 
келмеуi ұстау шараларын асыра сiлтеу деп танылады. Бұлайша асыра сiлтеу қасақана зиян келтiрiлген 
жағдайда ғана жауаптылыққа əкеп соқтырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет