топтағы шарттар сақталуы қажет:
1). төнiп тұрған қауiптiлiкке қатысты шарттар,
2). қауiптiлiктi тойтару əрекетiне қатысты шарттар.
Төнiп тұрған қауiптiлiктiң сипатына қатысты шаттар бойынша:
1). түрлi себептерден шыққан қауiп жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын құқықтары
мен мүдделерiне төнуi қажет;
2). қауiп шын мəнiнде нақты орын алған, яғни жеке немесе қоғамдық мүдделерге елеулi зиян келтiрудi
тiкелей төндiруi қажет;
3). үшiншi тұлғалардың мүдделерiне зиян келтiрумен байланысты емес өзге адамдармен тойтару мүмкiн
болмайтындай сипаттағы қауiп орын алуы қажет.
Қауiптi тойтару əрекетiне қатысты шарттарға:
1). Бұл жағдайда төнген қауiптi басқа амалдармен тойтару мүмкiн болмаса. Егер белгiлi бiр адамның
құқықтары мен мүдделерiне нұқсан келтiрмей қауiптiлiктi тойтарудың өзге тəсiлдерi болған болса, онда
адам сол амалдарды таңдауы тиiс. Белгiлi бiр амалды қауiптiлiктi тойтарудың жалғыз, бiрден бiр амалы
ретiнде тануды нақты жағдайдағы барлық əрекеттердi ескерiп шешу қажет.
2). Төнген қауiптiлiктi тойтару кезiнде келтiрiлген зиян тойтарылған зияннан аз, төмен болуы қажет.
Төнген қауiптен жоғары не оған тең зиян келтiру аса қажеттiлiктi жоққа шығарады. Мысалы, өз өмiрiн
сақтау үшiн екiншi адамның өмiрiне қол сұғу аса қажеттiлiк жағдайы деп саналмайды, адам өлтiру үшiн
жауаптылық қарастырылады.
ҚК 34-бабының 2-бөлiгiнде аса қажеттiлiктiң шегiнен шығу туралы норма қарастырылған. Онда:
«құқық қорғау мүдделерiне алды алынғанға тең немесе одан гөрi елеулi зиян келтiрiлген, төнген қатердiң
сипаты мен дəрежесiне жəне қатер жойылған жағдайға көрiнеу сəйкес келмейтiн зиян келтiру аса
қажеттiлiк шегiнен шығу деп танылады. Мұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтiрiлген
жағдайларда ғана жауаптылыққа əкеп соғадың.
Сонда аса қажеттiлiк шегiнен шығу мына жағдайларда орын алады:
1)
төнген қатердiң сипаты мен дəрежесiне жəне қатер жойылған жағдайға көрiнеу сай келмейтiн зиян
келтiру;
2)
құқық қорғау мүдделерiне тойтарылған зиянға қарағанда тең немесе одан гөрi елеулi зиян келтiрiлсе;
3)
зиян қасақана келтiрiлсе;
4)
зиян қауiп төндiрушiге емес, үшiншi тұлғаларға немесе қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне келтiрiлуi
тиiс.
Аса қажеттiлiк қажеттi қорғану сияқты қоғамға пайдалы əрекет.
Достарыңызбен бөлісу: |