Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет79/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

 Қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) – даму деңгейi жағынан жоғары ұйымдасқан қылмыстық 
құрылым болып табылады. Олар ұйымдасқан қылмыстың ең қауiптi нысаны болып табылады. Қылмыстық 
сыбайластықтың қоғамға қауiптiлiк дəрежесiнiң жоғарылығы бiрнеше адамның қылмыс жасауымен
олардың рольдерiнiң бөлiнуiмен ғана емес, сонымен бiрге қылмысқа қатысушылардың арасында 
тұрақтылықтың, ұйымдасушылықтың жəне тығыз топтасқандықпен ұзақ қатынастың болуымен
сипатталады. Қылмыстық сыбайластық ауыр жəне аса ауыр қылмыстар жасау үшiн құрылады деген заңның 
ережесi, оның қоғамға қауiптiлiк дəрежесiнiң жоғарылығын көрсетедi. Қылмыстық сыбайластықтың 
сипатты белгiсi болып оның топтасқандығы, тұрақтылығы, ауыр жəне аса ауыр қылмыстар жасауға 
бағытталуы танылады. Қылмыстық сыбайластық күрделi ұйымдасушылық құрылымға ие болады. Ол 
барлық қауымдастықтың, ұйымдасушылық дəрежесi мен қызметiнiң ауқымы бойынша ажыратылатын 
оның бөлек топтарының иерархиялық құрылуын көрсетедi. Қылмыстық қауымдастық əдетте ұзақ уақытқа 
құрылады. Ол ауыр жəне аса ауыр бiрнеше қылмыстарды жасау, сонымен бiрге күрделiлiгiмен 
ерекшеленетiн бiр қылмысты жасау мақсатын көздеуi мүмкiн.
Ұйымдасқан топты, қылмыстық сыбайластықты құрған адам ұйымдасқан топты не қылмыстық
сыбайластықты басқарғаны жəне ұйымдастырғаны үшiн, сонымен қатар өзiнiң ниетiмен қамтылған барлық 
жасаған қылмыстары үшiн Ерекше бөлiмнiң тиiстi баптарында көрсетiлген жағдайларда жауаптылыққа 
тартылады.


§4. Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы
 
Белгiлi бiр қылмыстың жасалуына кiнəлi түрде əрекет жасаған немесе басқа қатысушылармен обьективтiк 
жəне субьективтiк байланыста əрекет жасаған адамдар қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
Қылмысқа қатысушылар қылмыстық құқық бойынша бекiтiлген жауаптылықтың жалпы принциптерi
негiзiнде жауаптылыққа тартылады. Қатысушылардың жауаптылығы қатаң түрде жекешелендiрген болуы 
тиiс, яғни бiрiгiп əрекет жасаған кез келген адам тек өзiнiң əрекетi үшiн жəне жеке кiнəлiлiк шеңберiнде 
ғана жауапты болады. Басқаша айтқанда, бұл олардың барлығына бiрдей жаза шарасы қолданылады деген 
сөз емес. Жазаны анықтау кезiнде сот ең алдымен олардың əрқайсысының қылмыстың жасалуына қатысу
сипаты мен дəрежесiн ескередi. Сондықтан адамның жауаптылығы оның қылмыс жасауда қандай қызметтi
орындағанымен байланысты шешiледi. Мысалы, егер адам толығымен немесе iшiнара, жеке немесе бiреуге 
қосылып қылмыстың обьективтi жағын тiкелей орындаса, ол қылмыстың орындаушысы ретiнде танылып, 
оған ҚК Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабымен жауаптылық жүктеледi. Ал егер қатысушы қылмыстың 
обьективтiк жағын тiкелей орындауға қатыспай, бiрақ орындаушыға əртүрлi жолдармен ұйымдастырушы, 
айдап салушы немесе көмектесушi ретiнде ықпал етсе, оның əрекетi орындаушыға жүктелген баппен бiрге 
сараланып ҚК 28-бабының тиiстi тармағына немесе бөлiгiне сiлтеме жасалады.
Көрiп отырғанымыздай, қатысушылықпен жасалған қылмыстарды қатысушылардың əрекетiн 
орындаушының əрекетiнен бөлiп жеке қарауға болмайды. Себебi, қылмысқа қатысушылар
(ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесушi) мен орындаушының арасында өзара байланыс əрекеттерi
орын алады.
Осыған сəйкес ереженi ҚК 29-бабының 4-бөлiгi былай көрсетедi: орындаушы өзiне тəуелсiз мəн-жайлар 
бойынша қылмысты ақырына дейiн жеткiзбеген жағдайда қылмыстың қалған қатысушылары да қылмыс
жасауға дайындалуға немесе қылмыс жасауға оқталуға қатысқаны үшiн жауапқа тартылады. 
Ұйымдасқан топ пен қылмыстық қауымдастықты қатысудың нысандары ретiнде көрсете отырып, 
заңшығарушы ұйымдастыру шылар мен осы бiрлестiктерге қатысушылардың жауаптылығының шектерiн 
анықтайды. ҚК 31-бабының 5-бөлiгiне сəйкес, ұйымдасқан топты немесе қылмыстық қауымдастықты
құрған не оларға басшылық еткен адам оларды ұйымдастырғаны жəне оларға басшылық еткенi үшiн, 
сондай-ақ қылмыстар оның ниетiмен қамтылса, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық жасаған
барлық қылмыс үшiн жауаптылыққа тартылады.
Ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың басқа қатысушылары оларға қатысқаны үшiн, 
сондай-ақ өздерi дайындауға немесе жасауға қатысқан қылмыстар үшiн қылмыстық жауаптылыққа 
тартылады.
Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы, егер ол нақты бiр қылмыстың мiндеттi немесе ауырлатушы 
белгiсi ретiнде заңда көрсетiлсе, қылмыстың қоса орындаушысы болып танылып, топпен жасалған барлық 
қылмыстар үшiн ҚК 28-бабына сiлтеме жасалмай-ақ жауаптылыққа тартылады.
Қылмыстық құқықта iске аспаған қылмысқа қатысушылық үшiн жауаптылық мəселесi күрделi болып 
табылады. Бiрлесiп қылмыс жасауға бағытталған əрекеттерiнде қатысушылардың еркiне тəуелсiз 
себептермен қылмыс аяғына дейiн жасалынбаса, онда iске аспаған қылмысқа қатысушылықты құрайды. 
Бұл ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесушiнiң əрекеттерiне байланысты қылмысты орындаушы 
ешқандай қылмыс жасамаса немесе жасауға мүмкiндiгi болмаған жағдайлардың барлығында орын алады. 
Сонымен қатар, iске аспаған қылмысқа қатысушылық, мысалы ұйымдастырушы қылмыс жасау 
мақсатымен ұйымдастыруға тырысқанымен басқа адамдар оның тiлегiн қабылдамаса немесе алдыңғы 
уақыттарда келiскенiмен, кейiн қылмыс жасаудан бас тартса, онда iске аспаған ұйымдастырушылық 
болады. Iске аспаған қылмысқа қатысу шылық орын алған барлық жағдайларда жауаптылық қылмысқа
дайындалу немесе қылмысқа оқталу үшiн туындауы тиiс.
Басқа қатысушылардың ойында болмаған қылмысты жасау орындаушының шектен шығушылығы
(эксцесi) ретiнде қарастырылады. Орындаушының шектен шығушылығы қылмысқа қатысушылықтың кез
келген нысанында орын алуы мүмкiн. Шектен шығушылық кезiнде орындаушының жеке əрекеттерi мына 
нысандарда көрiнiс табады:
а) ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесушi ниетiмен қамтылған обьектiге басқа зардап түрiн келтiру,
б) басқа қатысушылармен бұрын келiсiлген əрекеттердi емес, ауыр қылмыс түрiн жасау.
Орындаушының шектен шығушылығы үшiн орындаушының өзi жауап бередi, ал қылмыстың басқа 
қатысушылары өздерiнiң ниеттерiмен қамтылған əрекет үшiн ғана жауаптылыққа тартылады.
Шектен шығушылық кезiнде орындаушының жеке əрекеттерi заңдық мағынаға ие болу керек, яғни заңның 
өзiнде айтылғандай ол басқа қылмысты жасауы қажет. Сондықтан, мысалы, егер ұрлық қылмысын күндiз 
жасаймыз деп келiссе, ол түнгi уақытта жасаса немесе адамды тапаншамен емес пышақпен өлтiрсе – бұл 
жағдайлар басқа қатысушылармен келiсiлген қылмыстың сипатын өзгертпейтiндiктен, шектен шығушылық 
орын алмайды.
Шектен шығушылық жасай отырып, орындаушы келiсiлгеннен өзге зиян келтiредi немесе əрекеттiң 
заңдық табиғатын елеулi өзгертетiн əрекеттердi жасайды. Мысалы, адам өлтiрудiң қарапайым түрiн емес, 


ауырлатылған түрiн жасайды.
Шектен шығушылық кезiнде қылмысқа қатысушылардың iс - əрекетiмен жасалған қылмыстың арасында 
байланыс жоқ. Сонымен қатар, келiсiлген əрекеттiң шегiнен шыға отырып орындаушы ниеттiң мазмұны да 
өзгеретiндiктен қатысушылардың арасындағы субьективтiк байланыс жоғалады.
Бiрлесудiң обьективтiк жəне субьективтiк негiздерiнiң болмауы басқа қатысушыларды шектен 
шығушылық кезiнде қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкiндiгiн тудырады.
ҚК 26-бабында қарастырылған қылмыс жасаудан өз еркiмен бас тарту ережесi қылмысқа қатысушыларға
да қолданылады. Қылмыс жасаудан өз еркiмен бас тарту дегенiмiз қатысушылардың қылмысты аяғына 
дейiн жеткiзуге мүмкiндiгi бар екендiгiн ұғына отырып, орындау рөлiне байланысты атқаруға мiндеттi iс -
əректтердi тоқтатуы.
Қатысушылардың қылмыс жасаудан бас тартуы қылмысқа қатысудың кез келген нысанында жəне
қылмыстың аяқталуына дейiнгi кез келген сатыда мүмкiн болады. ҚК 26-бабының 1-бөлiгiне сəйкес: «Егер 
адам бiр қылмысты ақырына дейiн жеткiзуден өз еркiмен жəне бiржола бас тартса, ол осы қылмыс үшiн 
қылмыстық жауаптылыққа тартылмауы тиiсң. Аталған ереже, тек қылмыстың орындаушысына ғана 
қатысты айтылған, себебi қылмысқа басқа қатысушылардың iс-əрекеттерi орындаушының қылмысты
орындағанға дейiн жасалады. Сондықтан басқа қатысушылардың өз еркiмен бас тартуы орындаушының iс -
əрекетiне дейiн немесе iс-əрекеттiң басталу кезеңiне дейiн орын алуы тиiс. Бұл жөнiнде заңшығарушы ҚК-ң 
26-бабының 3-бөлiгiнде мынандай талаптар қояды: «қылмысты ұйымдастырушы мен қылмысқа айдап 
салушы, егер ол адамдар мемлекеттiк органдарға хабарлаумен немесе өзге де қолданылған шаралармен
орындаушының қылмысты ақырына дейiн жеткiзуiне жол бермесе, қылмыстық жауапқа тартылмауы тиiс. 
Егер орындаушының қылмысты аяқтағанына дейiн оған күнi бұрын уəде берген жəрдемнен бас тартса 
немесе көрсетiлiп үлгерген көмектiң салдарын жойса, қылмысқа көмектесушi қылмыстық жауапқа 
тартылмауы тиiсң.
Сонымен, ұйымдастырушы мен айдап салушының өз еркiмен бас тартуы тек белсендi түрде, яғни олардың 
iс- əрекеттерi орындаушыға ойлаған қылмысын орындауға жол бермесе ғана мүмкiн болады. Егер 
ұйымдастырушы мен айдап салушының қолданған шаралары орындаушының қылмысты жасауын тоқтата
алмаса, олардың қолданған шаралар жаза тағайындау кезiнде жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мəн-
жай ретiнде танылуы мүмкiн.
Қылмысты ақырына дейiн жеткiзуден өз еркiмен бас тартқан адам оның нақты əрекетiнде өзге қылмыс 
құрамы болған жағдайда ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиiс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет