14-тарау. Қылмыстық жауаптылықтан босату
§1. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсiнiгi жəне оның негiздерi
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық жауаптылық екi жолмен: жаза тағайындаумен байланысты
жəне жаза тағайындау мен байланысты емес жүзеге асырылады.
Бiрiншi жағдайда қылмыстық
жауаптылықтың мазмұны болып жаза табылады, ал екiншi жағдайда қылмыстық жауаптылық адамға жаза
тағайындамай тоқтатылады.
Гуманизм жəне əдiлеттiлiк принциптерiне сүйенiп ҚР Қылмыстық заңы кiнəлi адамдарды жазадан ғана
емес қылмыстық жауаптылықтан толық босатуды реттейтiн нормаларды да бекiткен. Алайда, қылмыстық
жауаптылықтан босату белгiлi бiр шамада қылмыстық құқықтың арнайы прициптерiнiң бiрi –
жауаптылықтан құтылмайтындық принципiне қайшы.
Қылмыстық жауаптылықтан босату институтының қылмыстық құқықтық маңызына келсек, ең бастысы
ол қылмыстылықтың алдын алу қызметiн атқарады. Мысалы, шын
өкiнуiне байланысты немесе
жəбiрленушiмен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормалары кiнəлi адамдарды
ынталандыруға шақырады.
Сонымен, кейбiр жағдайларда қылмыстылықпен күресу мақсатына қол жеткiзу кiнəлi
адамды
қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ немесе оларды соттаған кезде жазаны
өтеуден босату арқылы да
мүмкiн болады. Осыған байланысты қылмыстық құқықта қылмыстық жауаптылықтан жəне жазадан босату
институты енгiзiлген.
Қылмыстық жауаптылықтан босату - қылмыстық жəне қылмыстық-iс жүргiзу заңдарына сəйкес
жүргiзiлетiн мемлекеттiң өкiлеттi органдарының қылмыстық-құқықтық сипаттағы мəжбүрлеу
шараларын
қылмыс жасаған адамға қолданудан бас тартуы. Қылмыстық
жауаптылықтан босату анықтау,
алдын ала
тергеу сатысында немесе айыптау үкiмi шыққанға дейiн сот талқылауы кезiнде орындалуы мүмкiн.
Достарыңызбен бөлісу: