Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет80/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

 
§5. Қылмысқа жанасушылық 
Қылмысқа жанасушылық деген тұлғаның қылмыспен байланысты, бiрақ оны жасауға тiкелей қатыспаған 
қасақана əрекетi.
Қылмыстық құқық теориясында қылмысқа жанасушылық қылмыс жасауға өздерi қатыспаған адамдардың 
сол жасалған қылмысты жасыру, жасалғалы жатқан қылмысты немесе жасалғаны анық қылмысты
хабарламау, қылмысқа жол беру түрiндегi қасақана əрекеттерi немесе əрекетсiздiктерi танылады. 
Қылмыстық құқықта қылмысқа жанасушылықтың үш нысаны бар:
1). Қылмысты жасыру,
2). Қылмысты хабарламау;
3). Қылмысқа жол беру.
Қылмыстық заң бойынша қылмысты жасыру үшiн жауаптылық тек ауыр немесе аса ауыр қылмыстарды
алдын ала уəде бермей жасырғанда ғана туындайды. Бұл жөнiнде ҚК-тiң 363-бабында арнайы көрсетiлген. 
Жасырушылықта кiнəлi өзiнiң жасаған қылмысының мəнiн сезiнуi, бiлуi оны қылмыстық жауаптылыққа 
тарту үшiн негiзгi шарт болып табылады. Қылмысты жасырушы тұлғаның қылмыскермен туыстық
қатынаста болуы оны қылмыстық жауаптылықтан босатады.
Дайындалып жатқан немесе жасалғаны анық қылмыс туралы хабарламау қылмысты хабарламау деп
танылады. Қылмыс туралы хабарламау қылмысқа қатысуға жатпайды. ҚК-тiң 364-бабында арнайы 
көрсетiлгендей, аса ауыр қылмысты хабарламағандық үшiн ғана қылмыстық жауаптылық көзделедi. Аса 
ауыр қылмыс түсiнiгi ҚК-тiң 10-бабында берiлген. Аса ауыр қылмыс санатына жатпайтын қылмыстарды
хабарламау, сондай-ақ жұбайының, жақын туыстарының, дiни қызметкерлер өзiне сенiп сырын ашқан 
адамдардың қылмысты хабарламауы қылмыстық жауаптылыққа əкеп соқпайды. Субъективтiк жағынан 
қылмысты хабарламау тек қасақана ниетпен жасалады, ал объективтiк жағынан ол əрекетсiздiкпен жүзеге 
асырылады.
Қылмысқа жол берушiлiк деп жасалғалы жатқан қылмысқа бөгет жасауға мiндеттi адамның мүмкiндiгi 
бола тұра бөгет жасамауын айтамыз. Қылмыстық заң бойынша мұндай мiндет заңның тiкелей сол мiндеттi 
орныдау туралы нұсқауынан немесе қызмет бабын атқаруға байланысты мiндеттерiнен туындайды. 
Қылмысқа жол берушiлiк объективтiк жағынан əрекетсiздiкпен сипатталады. Қылмыстық заңмен 
жазакланатын осындай жол берушiлiктiң нақты түрлерi ҚК-тiң бiрқатар баптарында көрсетiлген. Мысалы, 


ҚК-тiң 315-бабы « Қызметтегi əрекетсiздiкң қылмысын айтуға болады. Егер қылмысқа жол берушiлiк күнi 
бұрын уəде беру арқылы жасалса, онда кiнəлiнiң əрекетi қылмысқа қатысушы ретiнде сараланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет